Сотүстік батыс бұрыш әдісі.
Жүк тасымалы туралы есептің тірек жоспарын сотүстік батыс бұрыш әдісімен табу кезінде әрбір қадам сайын қалған жүк қабылдаушы пункт қарастырылады. Есептің шарты жазылған кестені толтыру, оның ең жоғарғы солтүстік жақтағы торынан басталады х11 және белгісіз тормен аяқталады хmn,, яғни диагональ бойынша жүреді.
Ең кіші элемент әдісі.
Солтүстік батыс бұрыш әдісінде әрбір қадам сұранысында қалған жіберуші пункттердің біріншісі, бірінші қалған қабылдаушы пункттерді қанағаттандырады. Қабылдаушы пунктті таңдап алу мен жіберуді және жүк тасымалдау тарифіне сүйене отырып, толығырақ айтсақ ең кіші тарифке жауап беретін әрбір қадамда бір тордан таңдау керек, жіберу пунктті мен қабылдау пунктін таңдап алынған торға сәкес келтірейік. Ең кіші элемент әдісінің мағынасы минималды тарифтен тұратын торды таңдауда. Бұл әдіс жүк тасымал есебінің тиімді әдісін табуға көмектесетінің жүкті тасудың жалпы бағасы оны жоспар бойынша тасыған бағасынан аз, берілген есепті солтүстік батыс бұрыш әдісімен табамыз. Сондықтан жүк тасымадау есебінің тірек жоспрын минималды элементтер әдісімен тапқан дұрыс болады.
Есеп 1.
Төрт мекеме өнім дайындау үшін шикізат ресурстарының үш түрін пайдаланады. Әр мекеменің шикізат ресурстарына деген сұранысы сәйкесінше 120, 50, 190 және 110 бірлік. Шикізат ресурстарының қоры сәйкесінше 160, 140, 170 бірлік. Әр мекемеге шикізат ресурстары әрбір тасымалдаушыдан жеткізілуі мүмкін. Жүк тасымалдау құны белгілі және келесі матрицамен анықталады.
Жүк тасымалдаудың құны минималды болатындай, жүк тасымалдау жоспарын анықтау.
Шешімі:
i-ші тасымалдаушыдан j-ші тұтынушыға (мекемеге) жеткізілетін шикізат ресурстарын деп белгілейік. Онда келесі шарттар орындалуы тиіс:
(1)
Осы жоспар бойынша жүк тасымалдау құны келесі
(2)
Сонымен, берілген жүк тасымалдау есебінің математикалық қойылымы келесіде: (2) мақсатты функция минималды мәніне жететін (1) теңдеулер жүйесінің теріс емес шешімін табу.
Достарыңызбен бөлісу: |