Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева



бет82/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   96
Байланысты:
treatise140794

3.11.2 Потенциал өлшемі

Бір электродтың потенциалын өлшеу мүмкін емес, сондықтан индикаторлы (ионоселективті) электродпен қатар, потенциалы тұрақты салыстырмалы электродын қолданатын гальваникалық элементтің ЭҚК – ін анықтайды. Қолдануға ең қолайлысы – екінші текті электродтар (сырты өзінің ерімейтін тұзымен қапталып, анионның жақсы еритін тұзының ерітіндісіне батырылған металл).


Ионселективті (мембраналық) электродтардың жұмыс істеу принципі электролиттердің ерітінділері мен мембраналардың шекарасында пайда болатын иондық алмасу реакцияларына негізделген, яғни электрод реакцияларында электрондар қатыспайды. Қолданатын мембрананың қасиеттеріне байланысты, ионоселективті электродтар катион не анион бойынша қайтымды болып келеді.
Мембраналық электродтардың әрекет ету принципі келесідей: Электрхимиялық ұяшықтардың негізі болып табылатын мембрана осы ионға қатысты селективті болып табылады, және ол ионның әртүрлі белсенділігі бойынша ерітіндіні екі сұйықтыққа бөледі. Шыны электродтың теориясы шыны мен ерітінді арасындағы иондардың алмасуы туралы түсінікке негізделген. Сондықтан, электронды реакция екі фаза (шыны мен ерітінді) арасындағы Н+ иондарының алмасуына байланысты.
Ішкі салыстырмалы электрод ретінде күмісхлорлы электрод қолданылады. Көбінесе, шыны электродты соңында дәнекерленген шар тәрізді мембранасы бар шыны түтік түрінде жасалады. Шар Н+ ионының нақты мөлшері белгілі НС1 ерітіндісімен толықтырылады. Күмісхлорлы электрод пен ішкі ерітінді HC1 шекарасында потенциалдың анық секірісі пайда болады. Потенциал секірісі, сонымен қатар, шыны мембрана мен ішкі ерітінді шекарасында қалыптасады. рН өлшеу барысында ішкі ерітіндінің активті концентрациясы, яғни потенциалдың ішкі өзерістерінің қосындысы тұрақты болып қалады.
рН-метрді стандарттау (калибровка) үшін қолданылатын буферлі ерітінділердің негізгі типтері: 0,05 м калий тетраоксалаты ерітіндісі (25°С температурада рН 1,69); 0,025 м калий фосфаты ерітіндісі және натрий фосфаты ерітіндісі ( 25°С температурада рН 6,86); 0,01 м натрий тетраборат ерітіндісі ( 25°С температурада рН 9,18). рH 0-11 өлшем диапазонында өлшеудің абсолюттік қателігі ± 0,01 pH (±0,58 мВ, 0-14 диапазонында ± 0,1 pH (± 5,8 мВ)) құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет