1.ТОПЫРАҚТЫҢ АГРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АГРОХИМИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
Топырақ, климат және өсімдіктің агроэкожүйедегі байланысы
Ауыл шаруашылығы экологиясы немесе агроэкология - адам арқылы өсірілген ағзалардың байланысын, популяция мен қоршаған ортамен топтасуын зерттейтін қолданбалы экологияның бөлімі. Ауыл шаруашылығы экологиясын зерттейтін негізгі аймақ - агроэкожүйе болып табылады. Бұл ғылымның тірі ағзаларды «агроэко» және сыртқы ортаны «жүйе» бір-бірінен ажыратпай, үнемі тығыз байланыста зерттейтінін білдіреді. Кез келген агроэкожүйенің негізгі сипаттамасы оның компоненттерінің байланысы болып табылады. Агроэкожүйеде энергетикалық, экологиялық және экономикалық жүйелердің байланысу үдерістері жүзеге асады.
Тірі ағзалардың өмір сүруіне қажетті барлық жағдайды жарық, жылу, су, ауа, қоректік азық - барлығын қоршаған орта қамтамасыз етеді. Бұлар тірі ағзалардың өмір сүруіне қажетті жағдайды жасайтын экологиялық фактор болып табылады және олардың қалыпты өмір сүруі осыларға тәуелді. Әрбір зоналық-экологиялық топ өсім түрлерімен (тайгалы-ормандық аймақ, орманды-далалық аймақ, далалы және т.б.), беткі қабаттан 20 см тереңдіктегі топырақ температурасының шамасымен, топырақтың сол тереңдікте айлап қату ұзақтығы мен ылғалдану коэффициентімен сипатталады.
Өнімді алу үшін табиғи орта қасиеттерін, зоналық ерекшеліктерін ескере отырып табиғи ресурстарды қолданады. Кейбір далалы, шөлді ландшафттардың табиғи экожүйесінде жылдық өнімнің (Ө) белгілі бір биомассасына (Б) қатынасы кестеде көрсетілгендей (1-кесте) келтіріледі.
1-кесте
Кейбір орманды, далалы, шөлді ландшафттардағы биомасса қатынасы (Б) және жылдық өнім (Ө)
Ландшафттар
|
Б, ц/га
|
Ө, ц/га
|
К = lg Ө/lg Б
|
Қарапайым және сортаң қаратопырақты далалар
|
200
|
80
|
0,82
|
Шалғынды қаратопырақты далалар
|
250
|
130
|
0,88
|
Талшынды сортаң топырақты құрғақ далалар
|
140
|
50
|
0,79
|
Ашық-талшынды топырақты құрғақ далалар
|
130
|
50
|
0,80
|
Қатты сортаңданған топырақты далаланған шөлдер
|
100
|
35
|
0,77
|
Қатты топырақты далаланған шөлдер
|
120
|
40
|
0,77
|
Қатты-шулан топырақты шөлдер
|
45
|
15
|
0,71
|
Галофитті сортаңды аймақтар
|
15
|
5
|
0,60
|
Егін шаруашылығының технологиясы агроценоз өмірін басқаруға қажетті жағдайларды жасауға негізделген: топырақты өңдеу, тыңайтқыштарды енгізу, мәдени өсімдіктер үшін сулы және жылу режимінің қолайлы жағдайын жасау және т.б. Ауылшаруашылық дақылдарын күтіп-баптауға негізделген өсімдік текті органикалық заттар белгілі бір қасиеттерге ие.
Агроэкожүйені зерттеу нәтижесінде егіндік жерді экологиялық санаттарға бөлуге болады және әр санат үшін белгілі бір түрдегі агрофитоценоз түзілуі мүмкін. Агрофитоценоздар биоттың басқа компоненттерімен қосылып агробиоценозды құрайды. Экологиялық жүйе ретінде агробиоценоздар кері байланыстың бұзылуына байланысты тұрақсыз болып келеді.
Ал агроценоздың негізін жасанды жолмен алынған биотикалық топтар құрайды. Агробиогеоценоз біртекті аймақ көлемінде гетерогенді биоттар мен агрофитоценоздың жиынтығын береді. Бұл адамның мақсатты әрекетінің арқасында тіршілік ететін, кері байланысы бұзылған биогеоценоз болып табылады.
Агробиогеоценоздар табиғи биоценоздарға қарағанда, дәл сол аймаққа қатысты тірі ағзалар түрлеріне кедей болып келеді. Экологиялық жүйе ретінде агробиоценоздар кері байланыстың бұзылуына байланысты тұрақсыз болып келеді. Адамның қолдауынсыз агробиоценоздар тез ыдырап, табиғи биоценоздарға айналып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |