Топырақтың жіктелуінің таксономикалық бірліктерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.
Топырақ диагностикасы қандай көрсеткіштерді бағалауға негізделген?
Топырақ диагностикасының негізі қандай принциптерден тұрады?
Пайдаланылған әдебиеттер 1 Муравин Э.А., Ромадина Л.В., Литвинский В.А. Агрохимия – М. Изд. Центр «Академия» 2016
2.Агрохимия (под ред. Минеева В.Г.) - М., 2004
3.Минеев В.Г. История развития агрохимии в России и за рубежом (в 2 томах). – М., 2005
4.Малимбаева А.Ж. Применение удобрений в интенсивном земледелии. Алматы, 2011
5.Глазовская М.А. Почвы мира. Основные семейства и типы почв. – М.: МГУ, 1972. - 232 б.
6.Глазовская М.А. Почвы зарубежных стран. – М.: Мысль, 1975 ж. - 350 б.
7.Ковда В.А. Основы изучения о почвах. – М.: Наука, 1973. - Т. 1., - 447 б.
8.Почвоведение: учебник для вузов / под ред. И.С. Кауричева. - М., 1989. - 719 б.
9.Шляхов С.А. Основы почвенной таксономии. - Владивосток: Дальнаука, 2008. – 255 б.
Қоректік заттардың сіңімсіз күйден сіңімді күйге өту және кері үдерістердің қарқындылығы айтарлықтай дәрежеде өсімдіктердің қоректену шарттарын және олардың тыңайтқыштарға мұқтаждығын анықтайды.
Топырақта қоректік заттардың мөлшері көп болса, тыңайтқыштарға деген қажеттілік азаяды, ал мөлшері аз болса өседі. Топырақтың құрамы мен қасиеттеріне байланысты әр түрлі топырақтардағы қоректік заттардың сіңімді қоры мен мөлшері бірдей емес, сондықтан әртүрлі топырақтағы тыңайтқыштардың әсер етуі мен олардың тиімділігі әр түрлі болып келеді.
Сондықтан топырақтың құрамын, оның қасиеттерін және онда жүріп жатқан химиялық және физикалық – химиялық үдерістерді білу, осы топырақтағы тыңайтқыштардың ауысу сипатын, әртүрлі топырақтарға тыңайтқыштардың әсер ету ерекшеліктерін түсіну үшін, өсімдіктерді өсіру талаптары мен топырақтық – климаттық шарттарға сәйкес тыңайтқыштарды тиімді пайдалану үшін өте маңызды.
Қара топырақ. Қара топырақтың негізгі тип тармақтарының агрохимиялық қасиеттері гумустық горизонттың қалыңдығымен (см), гумустың мөлшерімен %, су сығындысының pH-мен, гидролитикалық қышқылдылықпен (100 г топыраққа мг∙экв), сіңіру сыйымдылығымен (100 г топыраққа мг∙экв), негіздермен қанығу дәрежесін (V, %),, 0-20 см қабаттағы заттардың қорымен (т/га) сипатталады ( 3- кесте).
3-кесте