Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева



бет12/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   96
Байланысты:
treatise140794

Сұр топырақ. Олар 3 тип тармағына бөлінеді: ашық, қарапайым және қара. Мұндай топырақтарда шаруашылық суару кезінде жүргізіледі (суарусыз тек қара сұр топырақта мүмкін болады). Алайда, климаттық көрсеткіш бойынша қолайлы жылдары, дәнді дақылдардың жеткілікті жақсы түсімі тек ауыр және орташа механикалық құрамды қарапайым сұр топырақтарында ғана емес, сондай-ақ қолайсыз климаттық жағдайлардағы жеңіл ашық-сұр топырақтарда да алынады. 
Сұр топырақ жоғары карбонаттылығымен, төмен гумустылықпен және азоттың аз мөлшерімен сипатталады. Гумустың ашық сұр топырақтағы 0-20 см қабатындағы мөлшері 1-1,5%, қарапайымда 1,5-3 және қара сұр топырақта 4-5% дейін болады. Жалпы азот мөлшері сәйкесінше 0,07-0,22; 0,1-0,2; 0,35-0,40%. Гумустың 0-20 см қабатының жалпы қоры, ашық сұр топырақта 30-40 т-дан 120-150т ,1 га қара сұр топырақ , ал азот қоры 1 га үшін 2-4 тен 8-10 т-ға дейін өзгереді. 
Жалпы фосфор мөлшері 0,08-ден 0,2%-ге дейін, ал қоры 2-ден 6 т/га дейін, калийдікі сәйкесінше 2,5-3% бен 75-90 т/га, яғни фосфор мен калийдің жалпы қоры өте маңызды болып келеді. 
Сұр топырақ әлсіз сілтілік реакцияға ие (рН 7,2-8) сіңіру сыйымдылығы салыстырмалы түрде төмен болып келеді (ашық сұр топырақта 9-10 мг*экв, қарапайымда 100 г үшін 12-15, 100 г қара сұр топырақ үшін 18-20 мг*экв). Алмасқан-сіңірілген катиондар жиынтығының 80-98 % -ын Са2+, 10-15 %-ын Mg2+ және 5-8% К+ мен Nа+ құрайды. Суарылатын сұр топырақ жоғары биологиялық белсенділік пен нитралдау мүмкіндігімен ерекшеленеді, бірақ түзілетін нитраттар топырақ кескіні бойынша қарқынды түрде қоныс аударады. Осы топырақтардың құнарлылығын арттыру үшін органикалық және минералды тыңайтқыштарды жүйелі қолдану өте маңызды.
Минералды тыңайтқыштардың тиіміділігі бойынша бірінші орынды азот тыңайтқыштары және топырақта жылжымалы фосфордың мөлшері төмен болғанда өнімділікті арттыруды қамтамасыз ететін фосфор тыңайтқыштары екінші орын алады. Азот пен фосфорға қарағанда калий сұр топырақты жақсы қамтамасыз етілген. Дегенмен, мақта және басқа да дақылдарды өсіру үшін қолданылатын суармалы жерлердің ұзақтығы үшін, әсіресе азот пен фосфор тыңайтқыштарын жоғары нормаларда жүйелі түрде енгізген жағдайда калий тыңайтқыштарына деген мұқтаждық пайда болады.
Тақыр тәріздес топырақтар және тақырлар. Тақырлар мен тақыр тәріздес топырақтар бір-бірімен кешендер және құмдармен үйлесулер түзеді. Тақырлар арасындағы дақ ретінде құрамында хлорлы тұздардың мөлшері көп болып келетін тақыр тәріздес сортаңдар кездеседі.
Ең үлкен аумақты өсімдік жамылғысының әртүрлі кезеңдеріне сәйкес келетін бірқатар сорттарға бөлінген аз дамыған құмды топырақтар алады. Құмды топырақтар кең таралған. Жер асты сулары 7-10 м тереңдікте орналасады және олар әлсіз сортаңданған және сульфат-натрийлі болып келеді.
Субаэролық аймақтың қарама - қарсы гидротермалық жағдайларында тақырлар мен тақыр тәріздес топырақтар қалыптасады. Мардымсыз гумустылықпен, бейін бойынша ешқандай қозғалыссыз болатын жаппай карбонаттылықпен, шығу тегі биогенді болатын сортаңданумен және сормен (солонцеватость) осы топырақтар шөлді сұр шөгінділерінің түріне жақын (Розанов, 1951 ж), ал кеуекті қабықты және қабатты – қабыршақты қабатасты шөгінділердің қабыршақты қабаттарының айқын көріністері бойынша шөл аймағының топырақтарына жақындайды (Лобова, 1960 ж). Құрғақ аймақтың бұрынғы аллювиальды жазықтарына тақыр және тақыр тәріздес топырақтар тән.
Кеуектілігімен тақырлар кең таралған, күшті беткі қабатымен, күрделі механикалық құрамымен, хлоридтер басым болатын және төмен тұздылығымен сипатталатын гумустың мөлшері шамамен 0,7% C/N қатынасы бар (5,2-5,6). 0-8 см аймақтағы гумус мөлшері 0,51%, 8-18 см аймақта ол төмендейді (0,41%), 18-28 см қабатта ол жоғарылайды (0,62%). Осы қабаттарда азот мөлшері сәйкесінше 0,053, 0,067 мен 0,067% құрайды. Калий мен фосфор аз мөлшерде болады, сіңірілген негіздердің жиынтығы 8,9-13,9 мг-экв, жоғарыда Са басым болып келеді, 20 см бастап Мg, қабатасты аумақта - сіңірілген негіздер жиынтығынан 19,7% -на дейін сіңірілген Na болады.
Қарапайым тақырлар жоғарғы өсімділіктерден айырылған, бірақ төмен өсімділіктерге (балдырлардың көптеген түрлері) бай. Кебірсу жарықшақтарымен жарылған тегіс және тығыз беттік қабатының болуымен ерекшеленеді, күрделі түйіршіктік құрамның шөгінділерінде түзіледі, сондықтан төмен сүзуші қасиетке ие. Қабаттан төмен қарай қоңыр түсті қабатты – қабыршақты қабат орналасады, одан төменірек топырақ түзілуі әсерінен аздап өзгерген тығыз жыныстар орналасады. Дегенмен, гумустық ағындар 1-1,5 м жетеді, топталған дақтар, тамыр ізтаңбалары байқалады.
Сортаңданбаған және әртүрлі дәрежедегі сортаңданған тақырлар кездеседі. Әлсіз сортаңданғандарда (0,5-1%) 15-20 см тереңдікте максимум болатын хлоридтер басым болады. Гумус мөлшері – 0,3-0,6%, рН – 7,5-7,7. Сортаңданбаған тақырлар сирек кездеседі. Тақырлар жақсы микрореакцияланған, агрегаттардың негізгі массасын 0,25 мм-ден үлкен болатын бөлшектер мүлдем болмаған жағдайда, 0,05- 0,01мм (ірі шаң) болатын бөлшектер құрайды.
Тақыр тәріздес топырақтар жалпақ жоталарда орналасады. Олар кеуекті қабықшасымен, қабатты – қабыршақты қабатасты қабатымен, микроагрегатталуымен, беттік аумақтағы (горизонт) жоғарғы сілтілікпен, сортаңданудың хлоридті – сульфатты түрімен, тұщыланған беткі қабатымен (0 – 20 см) ерекшелінеді және сульфатты – хлоридті сортаңдану жағдайында тұздардың көп мөлшерімен сипатталады. Жерасты сулары 6-12 м тереңдікте болады. Бірігуі (по сложению) бойынша қабатты болады, әсіресе жеңіл гранулометрлік құрамдылар жиі кездеседі. 110 см тереңдіктен бастап тұздардың әлсіз жиналуы байқалады. Сортаңдануы хлоридті- сульфатты болып келеді, SO4: Cl қатынасы 1-ге жақын. 8 – 18 см аумақта (горизонт) НСО3 –тен жоғарғы сілтілік байқалады – 0,95 мг-экв. Топырақ кескінідегі СО2 мөлшері 6,29-8,16% және 8,67-10,46% болуы мүмкін.
Ежелгі ағынды (сток) жыралар мен ежелгі аллювиальді жазықтардың тақыртектес сортаңданбаған топырақтары ежелгі ағынды жыраларда таралған. Жер асты сулары жоқ, өйткені 12 м-ден төменгі деңгейде үшіншілік саз балшықтар орналасады. Гранулометрлік құрамы бойынша олар жиі балшықты және сазды, сирек жағдайларда құмды және балшықты болып келеді. Үстіңгі қабаты қабыршақты – қабатты борпылдақ аумақпен төселген қабықшамен қапталған. Көктемгі ылғалдылық 40 – 90 см- ге жетеді. Шаңды фракциялар басым (0,05-0,005 мм), олардың орташа мөлшері 30-дан 72% -ға дейін өзгереді, саздағы микроагрегация 80% -ға жетеді. Жерасты суларының тереңдігі кең аумақта өзгереді, бірақ минералдануы әртүрлі – тұщы 0,5 – 1,0 г/л тығыз қалдықтардан бастап, 60 г/л-ден жоғары тұздыққа дейінгі 10 м төмен орналасқан аудандар жиі кездеседі.
Бозғылт сары түсті сортаңданбаған тақыр тектес топырақтың беті - сызаттар мен әртүрлі өлшемді көпбұрыштарға бөлінген және қыналармен қапталған. Қыналардың дамуы нәтижесінде топырақтың беті кедір-бұдырлы (сүйелді) түрге айналады. Сызаттардың шеттері айқын емес, көп жағдайда бұлдыр болады. Қабықшаның қуаттылығы 5 см-ден аспайды. Төменде, 10-15 см дейін, қабыршақты құрылымды қабық асты қабаты болады.
Боялыч және биюргун қатысында сексеуіл астындағы топырақтектес сортаңды топырақтар. кескіннің үстіңгі бөлігі балшықты, төменгі бөлігі құмды және құмды сазды болады. Бейін бойынша мөлшері 1,5% -ға дейін жететін тұздардың бөлінулері нүктелі болады, соның ішінде беттік қабатта сортаңдану хлоридті, төменгі аумақтарда көбінесе сульфатты болып келеді. Катиондардың ішінде натрий мен калий басым, қабық асты аймақта жоғарғы сілтілік байқалады. (НСО3 0,035 – 0,040).
Тақыртектес сортаңды топырақтарда гумустың мөлшері 0 – 10 см қабаттарында – 0,63, 20-30 см -1,05%, тереңіректе бұл көрсеткіш төмен болады. Гидролизденетін азоттың мөлшері 0 – 5 см қабаттарында 21 мг, 20 – 30 см 42мг және 87-97 см – 14 мг болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет