Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



бет15/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   96
Байланысты:
treatise140794

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

  1. Қара топырақтардың агрохимиялық сипаттамасының қандай көрсеткіштері бар?

  2. Қызғылт және қара топырақтардың агрохимиялық сипаттамасы немен ерекшеленеді?

  3. Тақыр және тақыр түрдегі топырақтар сұр топырақтан немен айрықшаланады?

  4. Топырақтың минералды құрамының негізгі химиялық элементтерін атаңыз?

  5. Әлсіз қышқылды, сілтісіз және әлсіз сілтілік топырақта көп кездесетін қоректік заттардың қосылыстарын атаңыз?



Пайдаланылған әдебиеттер
1. Муравин Э.А., Ромадина Л.В., Литвинский В.А. Агрохимия – М. Изд. Центр «Академия» 2016
2. Агрохимия (под ред. Минеева В.Г.) - М., 2004
3. Минеев В.Г. История развития агрохимии в России и за рубежом (в 2 томах). – М., 2005
4. Малимбаева А.Ж. Применение удобрений в интенсивном земледелии. Алматы, 2011
5. Агрохимия: Учебник для вузов / Под ред. Б.А.Ягодина. – М., 1989. – 655с.
6. Перельман А.И. Геохимия ландшафтов: Учебник для вузов. – М., 1975.
7. Почвоведение: Учебник для вузов / Под ред. И.С. Кауричева. – М., 1989. –719 с.
8. Почвоведение в 2-х частях / Под ред. В.А. Ковды, Б.Г. Розанова. – М., 1988. – 1 часть – 400 с.
9. Соколов С.И., Ассинг И.А., Курмангалиев А.Б., Серпиков С.К. Почвы Казахской ССР. Выпуск 4. Алма-Атинская область. – 1962. – 424 с.
10. Орлова М.А., Сапаров А.С. Глобальный саморегулируемый круговорот солей в природе. – Алматы, 2009. – 208 с.

1.6. Судың қасиеттері мен топырақтың сулы режимін зерттеудің әдістері. Топыраққа судың өтімділігі және сүзу қасиеттері
Топырақ құрамындағы ылғалдылық және оның өтімділігі-топырақтың дамуына және өсімдіктердің өсіп жетілуіне әсер ететін ең негізгі факторлардың бірі болып табылады. Сол себепті, топырақты кез-келген әдіспен зерттегенде оның құрамындағы су құрамын және оның құрамындағы су режимін анықтау зерттеудің қажетті құрамдас бөлігі болады.
Еліміздің барлық табиғи аймақтарындағы агрогидрологиялық зерттеудегі негізгі тапсырма-жоғарғы деңгейдегі өсімдіктерді және ауылшаруашылық өсімдіктерін өсіруде, қарапайым және мәдени түрде өсіруге қажетті топырақтың гидрологиялық мәселелерін шешіп, тиімді топырақтың гидрологиялық режимін табу. Сол себепті, кез –келген зерттеу кезінде, топырақтың гидрологиялық тиімді режимі мен шарттарын қарастырғанда-өсімдіктің дамуын, олардың өсімділігін, жалпы өсімдіктің өсуінің массасы және өсімдік үшін өте маңызды-олардың дамуы жайлы мәліметтер арқылы топырақтың гидрологиялық шарттарын жасау қажет.
Маңызды физикалық қасиеттері:судың өтімділігі, ауаның тасымалдануы, ылғалдылығы, топырақтағы ылғалдың жеткіліксіз мөлшері және оның ауа-су режимінің айтарлықтай дәрежесінің механикалық құрамына тәуелді болуы.
Судың өтуі дегеніміз - топырақтың немесе топырақ қабатының өзіне суды сіңіруін айтады. Бұл процесс екі фазада жүреді: суды сіңіру фазасы және суды сүзу фазасы. Бірінші фазада бос кеуектердің сумен толтырылуы, ауырлық күшінің әсерінен жұғу қабатында су қысымының және менистік күштің пайда болуынан жүзеге асады. Бұл үдерістің жылдамдығы уақытқа байланысты өзгереді.
Екінші фазада кеуектерде толтырылған судың қысымы градиентің әсерінен жылжуы жүзеге асады. Бұл үдерістің уақытқа тәуелділігі өте төмен.
Судың топыраққа сіңірілуі және топырақ қабатында судың сүзілуі екі заңдылыққа бағынып жүреді: бірінші заңдылық - судың сіңірілуіне негізделеді: ол судың сіңірілу жылдамдығы А.Н.Костяков және Е.И.Цыпленков заңдылығына бағынады, яғни жылдамдық уақыт бойынша кемиді. Заңдылық келесі формуламен өрнектеледі:
,

немесе
lgVt = lgV1 – αlgt


Бұл теңдіктегі Vt және V1 –уақыттың бірінші минутындағы және t уақыттағы судың сіңірілу жылдамдығы, t - тәжірибе басталғаннан аяқталғанша дейінгі уақыт (минут бойынша), α - судың сіңірілу жылдамдығының азаю көрсеткіші. V1 және α мәндерін графикалық және аналитикалық жолмен анықтауға болады. Бұл мәндерді графикалық жолмен анықтау үшін абцисса өсіне lgt, ал ордината өсіне lgV1 мәндерін орналастырады. График нүктелері түзу сызықты болуы қажет; бұл түзуден ордината өсімен қиылыстыру арқылы V1 мәнін берсе, абцисса өсіне қарағандағы түзудің тангенсі α мәнін береді. α және V1 мәндерін аналитикалық жолмен анықтау мына формулалармен жүзеге асады:
;

lg V1 =


Топырақтың суды өткізу тұрақтылағының шкаласынан (5- кесте) су өткізгіштігін сипаттайтын судың жылдамдығының азаюының көрсеткіш мәні берілген.
5-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет