Агрофитоценоз- маңайлы бірлестік, алайда нақты егін емес, біртекті аймақ көлеміндегі егіс айналымының ротациясы. Агрофитоценоздың құрамын адам анықтайды және бақылауда ұстайды. Агрофитоценоздар биоттың басқа компоненттерімен қосылып агробиоценозды құрайды.
Адам әрекетінің сипаты мен деңгейіне байланысты агрофитоценозды келесі түрлерге жіктейді:
Дақылдандырылған – қарқынды қолданыс нәтижесінде өзгерген табиғи фитоценоздар (жобалы эксплуатацияланатын шабындық, жайылым);
Жартылай дақылдандырылған - жоспарлы және үнемі адам бақылауында болатын жасанды егістіктер мен көшеттер (егілген, көпжылдық жерлер);
Дақылдар - жоспарлы және үнемі адам бақылауында болатын жасанды егістіктер мен көшеттер (далалы және көкөністі, көпжылдық жерлер);
Қарқынды дақылдандырылған – өсіп-жетілудің ерекше топырақты, сулы және ауалы жағдайларын жасайтын және үнемі бақылап отыратын қауымдастықтар (жылыжайлық, оранжереялық, аэропоника, гидропоника).
Көптеген зерттеулер адамның өсіріліп жатқан өсімдікке әсер етуін бағалауды жүйелі жүргізуден басталады (1-сурет (1) - агроэкожүйе), ол әрі қарай қоршаған ортаға әсер етуін бағалаумен байланысты болу керек (1-сурет (2) - агрогеоэкожүйе).
1 – агроэкожүйе 2 – агрогеоэкожүйе
1-сурет. Агроэкожүйеге (1), агрогеожүйеге кері және тура байланыспен (2) әсер етуге негізделген іс-әрекеттер
Агроэкожүйе мен агрогеожүйенің компоненттері: А1 - климаттық: жарық, температура, ылғалдылық, жел, қысым; А2 – топырақтың құрамы: механикалық құрамы, ылғалсыйымдылық, ауа өткізгіштігі, грунтты-топырақ тығыздығы; А3 - тыңайтқыш; Б - биоталығы: өсінді организмдер, жануарлар, вирустар, қарапайым бактериялар
Табиғатты рационалды пайдалану «қоғам – табиғат» жүйесіндегі әсерлесудің барлық аспектілерін қарастыратын синтез. Ландшафтқа түсетін жүктемені аргументті түрде анықтау қажет, ол көбінесе машиналы техника және басқа әдістермен тыңайтқыштардың көп мөлшерін қолданумен байланысты болады.
Қарқынды жағдайда жер шаруашылығындағы топырақты рационалды қолданудың маңызды мәселесі - топырақ құнарлылығын арттыруды қамтамасыз ету, яғни бір уақытта эффективті өсу мен потенциалды құнарландыру.
Топырақ құнарлылығын арттырудың объективті мүмкіндігі, адам топырақ дамуының және құнарлануының заңдылықтарын біле отырып, біріншіден, ылғалдылық пен қоректік элементтердің мөлшерін көбейту және оларды алуға қажетті шығынды азайту арқылы топырақ өнімділігін арттыруға; екіншіден, ол аса жоғары деңгейлі құнарлылықты алу мақсатында оңтайлы режим мен қасиеттерін бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Алайда бұл мүмкіндіктерді дұрыс іске асыру керек. Егін шаруашылығындағы мұндай мәселе қалыптасқан ғылым мен жетілдірілген практикалық тәсілдер және топырақ қасиеттері мен режимдерін жақсарту арқылы шешіледі. Сонымен қатар ол ғылыми тұрғыдан топырақ құнарлылығын арттыруды бақылаудың жаңа жолдарын іздеуді талап етеді.
Қарқынды егін шаруашылығында топырақ құнарлылығын енгізу екі жолмен іске асырылады: заттай және технологиялық. Бірінші әдіс тыңайтқыштар, мелиоранттар, пестицидтер айналым егіндерін қолдануға негізделген. Екінші әдіс топырақ қасиеттерін механикалық өңдеу, мелиорациялық және т.б. тәсілдерді қолданумен байланысты.
Топырақты құнарландырудың негізгі нақты жолдарымен, кешенді тәсілдермен жүзеге асады: егіс айналымы, топырақты өңдеу, тыңайтқыштар, химиялық мелиорация, өсімдіктерді қорғау, суару, құрғақ мелиорациялар, топырақты қорғау шаралары, мәдени техникалық шаралар, гибридтер мен сұрыптар, микробиологиялық тыңайтқыштар мен биостимуляторлар, т.б. шаралар. Олардың нақты байланысы егін шаруашылығының зоналы жүйесінің мөлшерін сипаттайды.
Топырақты құнарландырудың маңызды көрсеткіштері:
а) механикалық құрамы, б) тығыздығы, в) кеуектілігі, г) жылулығы, сулылығы, ауалы қасиеттері мен режимдері, д) физикалық-механикалық қасиеттері.
а) гумустық жағдайы, б) минералогиялық және жалпы химиялық құрамы,
в) макро- және микроэлементтердің қозғалмалы формасы, уытты заттардың болуы.
а) ТТП (Еh және режим), б) (рНvHr) реакциясы, в) жұтылу сыйымдылығы, г) алмасатын негіздердің құрамы мен мөлшері, д) топырақ негізінің қанығу деңгейі V, %.
а) микроағзалар мөлшері, б) нитрификациялық және азотфиксациялық қабілет, в) целлюлозаның ыдырау қарқындылығы, г) топырақтың «тынысы», д) ферментативті активтілік, е) топырақтың фитосанитарлы күйі.
Дақылды топырақ түзу процесінің бағытталған дамуы топырақты құнарландырудың белгілі бір деңгейін (модельдер) алуға мүмкіндік береді, соның негізінде өсімдіктердің өнімділік деңгейіне жауап беретін топырақ қасиеттері мен олардың режимдерінің агрохимиялық жиынтығын түсінуге болады. Топырақ диагностикасының кешенді тәсілі морфологиялық, физикалық, химиялық физикалық-химиялық, биологиялық, агрономиялық қасиеттері мен белгілерінің сипаттамалары мен талдауы негізінде құрылады. Бұл қасиеттер кешені топырақтың толық көрінісін және элементтер айналымын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Әрине, бұл жағдайда әрбір белгісі мен әрбір қасиеті бейін (профиль) әдісіне сәйкес топырақ профилі бойынша өзгерістері кезінде қарастырылады.
Топырақ қасиеттерінің оптималды параметрлері дегеніміз - өсімдіктер үшін қажетті барлық өмірлік маңызды факторлар максималды болатын, егістік дақылдарының потенциалдық мүмкіндіктері толық жүзеге асырылатын және сапалы жоғары өнімділік қамтамасыз етілетін топырақ қасиеттерінің (және режимдері) сандық көрсеткіштерінің жиынтығы. Ауылшаруашылығы өнімдері өндірісін оңтайландыру көбінесе шығынды азайта отырып, өнімді мейлінше молырақ алу арқылы іске асады. Оңтайландыру латын тілінен аударғанда optimum - ең жақсы деген мағынаны білдіреді. Берілген функцияда көп нұсқаның ішінен ең жақсы (оптималды) нұсқаны таңдау экстремумды табу (глобалды максимум немесе минимумы) процесі болып табылады. Оңтайлы нұсқаны табудың аса сенімді әдісі - мүмкін болатын барлық нұсқаларды (альтернативті) салыстырмалы бағалау болып табылады.
Өсімдік, ағза тіршілік ететін орта әртекті және осының бәріне түрлі әсер тигізетін көптеген факторлардан тұрады. Бұл факторларды экологиялық факторлар деп атайды. Организм тіршілік етуін қамтамасыз ететін факторлар (жылу, су, жарық, минералды қоректік заттар және т.б.) – экологиялық факторлар жиынтығын береді.
Әрбір экологиялық фактор белгілі бір мәндер диапазонымен сипатталады. Соған байланысты қарқындылық факторының үш мәнін атап көрсетуге болады: минимум, максимум және оптимум. Факторлар жеткіліксіз және аса көп мәндеріндегі облыстар, оптимум мен минимум, оптимум мен максимум аралығында, экологиялық пессимум аймағы деп аталады, және бұл аймақта организм дамуы төмендейді. Дамудың ең жақсы көрсеткіштерін фактордың оптималды мәнінде көрсетеді. Өсімдіктің әр түрлі мәндегі факторларда тіршілік ету қабілетін оның экологиялық амплитудасы деп атайды. Ағза фактордың минималды және максималды мәндерінен тыс аймақта тіршілік ете алмайды.
«Организмнің төзімділік қабілеті оның тізбектегі экологиялық қажеттіліктерінің әлсіз тұстары бойынша анықталады» деген теорияны алғаш рет Ю.Либих (1840) ұсынып, әрі қарай заң болып саналады. Минимум заңдылығы - организм өміршеңдігі факторға пропорционалды өзгереді және мөлшері мейлінше аз мәнге (минимумге) жуықтайды. Ю.Либихтің пайымдауынша, астық қоры көбіне көп мөлшерде сұралатынмен емес, аз мөлшерде сұралатын, алайда топырақтағы үлесі аз болатын қоректік заттармен шектеледі. Оның заңы былай тұжырымдалады: «Минимумдағы затпен өнім басқарылады және мөлшері мен уақыт бойынша төзімділігі анықталады». Өсімдіктің қоректелуін оңтайландыруда енгізілген және енгізілетін элементтердің, сондай-ақ элементтердің қарым-қатынасын есептеу керек (иондардың антагонизмі мен синергизмі). Өндіріс аймағының ауданы, режимі мен қасиеттерінің оңтайлы параметрлерімен топырақ бір уақытта интенсификацияның (химияландыру, механикаландыру және мелиорация) негізгі факторларының тиімділігін қамтамасыз етеді.
Өсімдіктер түрлерінің қасиеттері әркелкі болған соң, топырақ жағдайларына қойылатын талаптар әркелкі болады, сол себепті топырақ моделін өндіру кезінде өсімдіктің талаптары мен топырақ қасиетіне байланысты орындалу керек. Сонымен қатар нақты топырақ режимі мен қасиеттерін, топырақтың құрылымдық қабатын ескеру қажет. Себебі топырақтың әр типі үшін топырақ тұқымының фациалды ерекшеліктеріне байланысты мәдени өсімдіктердің өнімділігі әр түрлі болады.
Топырақ генетикалық ерекшеліктері бойынша (профильдің құрылуы, гумустың горизонттың болуы, сулы-температуралық және басқа да режимдердің фациалды жағдайлары) топырақ тұқымының модельдерін фундаментальді көрсеткіш ретінде механикалық құрамын ескере отырып жасайды. Ол көрсеткіш ауылшаруашылық өсімдіктерін өсіруде ескерілетін топырақтың агрономиялық қасиеттерінің түзілуі және агротехникалық тәсілдің дифференциалдануындағы түзілудің интегралды мәнін береді.
Достарыңызбен бөлісу: |