Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева


Минералды топырақтың химиялық құрамы. Әр түрлі топырақтағы қоректік заттардың құрамы



бет13/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   96
Байланысты:
treatise140794

1.5. Минералды топырақтың химиялық құрамы. Әр түрлі топырақтағы қоректік заттардың құрамы

Топырақтың минералды бөлігі біріншілік минералдардың түйірі мен екіншілік минералдардың жоғары дисперсиялы бөлшектеріне бөлінуі мүмкін. Топырақтағы химиялық элементтер әр түрлі қосылыс түрінде болады.


Оттек. Топырақтағы біріншілік және екіншілік минералдардың құрамында, болады, ол органикалық заттардың және судың негізгі элементтерінің бірі болып табылады.
Кремний. Кварц (SiO2) - кремнийдің топырақтағы ең көп таралған қоспасы. Кремний – силикаттардың негізгі құрамы. Желге мүжілуі және топырақта түзілуі нәтижесінде ыдырағанда кремнезем анион түріндегі орто- мен метакремнийлі қышқыл [(SiO4)4- және (SiO3)2-] түрінде, натрий мен калий силикаттар түрінде, ерітіндіге және жартылай кірне формасына өтеді. Кремнеземнің ерітілген бір бөлігі топырақтан шайылады, басқа бөлігі – аморфтық тұнбалар гель түрінде (SiO2∙nH2O) тұндырылады, құрғатылғанда екінші реттік кварцқа алмасады.
Жартылай оксидтер негіздермен әрекеттескенде, толық ерітілген және коллоидты кремнезем екіншілік силикат түзіледі.
Алюминий. Ол топырақтағы біріншілік және екіншілік минералдардың құрамында органо-минералды кешендер түрінде және сіңірілген түрде
(қышқылдық топырақта) кездеседі. Құрамында алюминий бар біріншілік және екіншілік минералдар ыдырағанда алюминийдің гидрооксиді бөлінеді, желге мүжілу кезінде оның негізгі бөлігі (қозғалғыштығы аз) орнында қалады және біртіндеп кірне түрінде ерітіндіге ауысады. Әлсіз сілтілік ортада алюминий гидрооксид толығымен коллоидты тұнбаға – гель (Аl2O3∙nH2O) ауысады. Олар кристалдану кезінде екіншілік минералдарға - гибсит (Аl2O3∙3H2O) және бемитке (Аl2O3∙H2O) ауысады.
Қышқылдық ортада (pH<5) алюминий гидрооксидінің жылжымалдыығы артады және алюминий топырақ ерітіндісінде Al(OH)2+, Al(OH)2+ иондар түрінде түзіледі. Осы үдеріс өсімдіктердің өсуіне зиян келтіреді. Алюминийдің суда еритін және коллоидты гидрооксид органикалық қышқылдармен әрекеттесіп жылжымалы кешендік қоспалар түзеді және осындай күйде топырақ құрамында болады.
Темір – өсімдіктің өсуіне маңызды элемент. Бұл элементсіз хлорофилл түзілмейді. Топырақта ол біріншілік және екіншілік минерал силикаттардың құрамында гидрооксид пен оксид, сіңірілген жай тұздар түрінде және де органо-минералды кешеннің құрамында кездеседі.
Құрамында темір бар минералдардың желге мүжілуі нәтижесінде темірдің гидрооксиді түзіледі. Оның жылжымалығы төмен қосылыс, аморфтық гель Fe2O3∙nH2O түрінде түзіледі және кристалдану кезінде гетит Fe2O3∙H2O және гидрогетитке Fe2O3∙3H2O ауысады.
Тек күшті қышқылдық ортада (pH<3) темірдің гидрооксидінің жылжымалдығы артады және топырақ ерітіндісінде темірдің Fe3+ иондары түзіледі. Тотықсыздандыру кезінде тотыққан темір шала тотыққан темірге ауысады және өсімдіктерге қолайлы еритін қосылыстар FeСО3, Fe(НСО3)2, FeSО4 түзіледі. Темір қоспаларының жоғары ерігіштігі өсімдіктерге кері әсер етеді. Нақты көрінетін тотықтандыратын үдерістермен cілтісіз және сілтілі топырақта өсімдіктерде темірдің жетіспеушілігі болады, ол сырт жақтан хлороз сияқты көрінеді.
Темірдің гидрооксиді алюминий гидрооксиді сияқты органикалық қышқылдармен топырақтар кескінінде ауысып жүруге қабілетті жылжымалы кешенді қосылыстарды түзеді.
Кальций. Карбонатсыз сазды топырақтағы CaО-нің құрамы 1-3% құрайды және сазды минералдың майда дисперсиялық фракцияларының болуымен, сонымен қатар қара шірікпен, органикалық қалдықтармен анықталады. Сондықтан топырақ кескінінің жоғары органоаккумулятивті бөлігінде кальциймен биогендік байыту үдерісі байқалады. Құрғақ далалық және аридтік зонадағы топырақта кальцийдің жоғары жалпы құрамы екіншілік кальцит немесе гипстің жиналуы топырақ түзілу үдерісінде болуы мүмкін. Кальцийдің көп мөлшері гипстің немесе ізбесті қорлардың түзілуіне дейін гидрогендік жолмен топырақта жиналады.
Магний. Топырақтағы MgO-нің жалпы құрамы әдетте CaO-нің құрамына ұқсас және монтмориллонит, вермикулит, хлорит сияқты сазды минералдардың болуымен анықталады. Доломит, оливин, мүйізді қоспа пироксеннің сынақтарында магний ірі фракциясында кездеседі, аридтік аймақтардағы топырақта жердің сортаңдауы кезінде магнийдің көп мөлшері хлорид пен сульфат түрінде шоғырланады.
Калий. К2О-нің топырақтағы құрамы 2-3%. Көбіне калий сазды минералдың майда дисперсиялық фракцияларында, әсіресе гидрослюдада кездеседі. Сонымен қатар биотит, мусковит, калийлік дала шпаттары сияқты біріншілік минералдардың ірі фракцияларында болады. Кальциймен қатар калий өсімдіктердің өсуіне қажетті органоген болып табылады, кейбір жағдайда калий жеткіліксіз болуы мүмкін, сол себепті оны топыраққа қолдану құнарлығын жақсартады.
Натрий. Топырақтағы Na2O-нің жалпы құрамы 1-3% жуық. Топырақта натрий біріншілік минералдардың құрамында әсіресе, құрамында натрий бар дала шпаттарында кездеседі. Na2O-нің құрамы ірі фракцияның бөлек бөлшектерінде 5-6% құрайды, ал лайлы фракциясында 0,5-1%-дан көтерілмейді. Құрғақ далалық және аридтік аймақтардағы сортаңдалған топырақта натрий оксиді айтарлықтай жоғары көлемде хлоридтер түрінде кездеседі немесе топырақта сіңірілетін кешеннің құрамында болады, сол себептен құрамы бірнеше пайызға артады. Әдетте топырақта Na2O-нің жетіспеушілігі байқалмайды, жылжымалы қосылыстардың құрамында натрий оксидінің жоғары мөлшері болуы топырақтағы жағымсыз физикалық және химиялық қасиеттерінің орын алуына себепкер болады.
Топырақта титан, марганец, күкірт бірнеше пайыздан он пайызға дейінгі мөлшерде кездеседі. Көміртек, азот және фосфордың да топырақтағы мөлшері осындай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет