Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева


Қара топырақтың агрохимиялық сипаттамалары



бет10/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   96
Байланысты:
treatise140794

Қара топырақтың агрохимиялық сипаттамалары



Тип тармағы

Гумустық горизонттарының қуаттылығы, см

Гумустың мөлшері

Су сығындысының pH-ы

Гидролитикалық қышқылдылық, 100г топырақта мг*экв

Сіңіру сыйымдылығы , 100г топырақта мг*экв

Негіздермен қанығу дәрежесі V, %

0-20 см қабаттағы қоры, т/га

гумус

N

P2O5

K2O

Қарапайым Оңтүстік

60-140
40-80

5-8
3-6

7-8
7-8

0-1
0-0,5

40-50
25-35



95-100
98-100















Қара топырақ басқа топырақпен салыстырғанда, жоғарғы табиғи құнарлылықпен ерекшеленеді, қуатты гумусты горизонтқа ие, құрамында гумустың (4-12%) және олардың кескін бойынша біртіндеп төмендейтін егістік горизонтында жалпы азот (0,2-0,5%) мөлшері жоғары болады.
Фосфордың жалпы мөлшері 0,1-ден 0,3% аралығында болады. Бұл қара топырақтың реакциясы бейтарап немесе әлсіз сілтілі (pH 6-8), алмасу қышқылдылығы әдетте болмайды, гидролиттік қышқылдылығы 100 г топырақ үшін 0- ден 4 мг∙экв дейін өзгереді. Қара топырақ жоғары сіңіру қабілетіне (30-60мг∙экв) және сілтілермен жоғары (80-100%) қанығу дәрежесіне ие.
Қарапайым қара топырақ – гумустық горизонттың жоғарғы қуаттылығына (100-180 cм), гумустың (8-12%), жалпы азоттың (0,4-0,5%) және фосфордың (0,25-0,35%) жоғары мөлшеріне, сонымен қатар жоғары сіңіру сыйымдылығына (100г топырақ үшін 50-60 мг∙экв) ие. Солтүстікке қарай сілтісізденген және оңтүстікке қарай қарапайым, сонымен қатар аса оңтүстік қара топырақтарда бұл көрсеткіштер төмен. Топырақтың реакциясы сілтісізденген қара топырақта әлсіз қышқылды (рН 5,5-6,8) және негіздермен қанығу дәрежесі жоғары болатын, гидролитикалық қышқылдылығы өте төмен немесе мүлдем болмайтын қарапайым және оңтүстік қара топырақтарда – әлсіз сілтілі (рН 7,8) болады. Сілтісізденген қара топырақтың гидролиттік қышқылдылығы 100 г топырақта 3-4 мг∙экв- ке дейін жетеді. Қара топырақтың барлық тип тармақтары калийге бай, калийдің жалпы мөлшері 2,5-3%. 
Қара топырақтың жоғары әлеуетті құнарлығына қарамастан, азот пен жылжымалы фосфордың сіңірімді формаларымен қамтамасыз етілуі, әсіресе ескі және әлсіз тыңайтылған топырақта өте төмен. Сондықтан осы топырақтарда фосфор тыңайтқыштары аса тиімді, ал қолайлы ылғалдандыру жағдайларында - азот тыңайтқыштары да тиімді болады. Ескі және әлсіз тыңайтылған қара топырақтарда, тың жерлермен салыстырғанда, жалпы және ауысымдық калийдің қорлары төмендейді, сондықтан мұндай топырақтарда, әсіресе калий сүйгіш дақылдарға (қант қызылшасы, картоп, күнбағыс және т.б.) калийлі тыңайтқыштар (азот және фосфор тыңайтқыштарымен бірге) енгізу тиімді. Минералды тыңайтқыштар, қара топырақ аймағының аса ылғалданған батыс аудандарында тиімді болады, шығыс аудандарында ылғалдану жағдайларының нашарлануымен қатар, тиіміділігі төмендейді.
Қызғылт топырақ. Олар гумусты көкжиектің қуаттылығымен (см), гумустың мөлшерімен (%), су сығындысының pH-мен, алмасу катиондарының жиынтығымен сипатталатын қара-қызғылт, қызғылт, ашық-қызғылт болып бөлінеді (4-кесте).


4-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет