Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева


Қызғылт топырақтың агрохимиялық сипаттамалары



бет11/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   96
Байланысты:
treatise140794

Қызғылт топырақтың агрохимиялық сипаттамалары



Топырақтың тип тармағы

Гумустық көкжиектің қуаттылығы, см

Гумустың мөлшері,%

Жалпы азот

Жалпы фосфор

Су сығындысының рН-ы

Алмасу катиондарының жиынтығы

Қара-қызғылт

35-45

4-5

0,2-0,3



0,1-0,2



7-7,2



30-35



Қызғылт

30-40

3-4

0,15-0,2



1,1-0,2



7,2-7,5



20-13



Ашық-қызғылт

25-30

2-3

0,1-0,15

0,08-0,15

7,4-8

12-15



Қара-қызғылт топырақ – бұл қаратопырақтан қызғылт топыраққа өтуі. Кескін бойынша біртіндеп төмендейтін гумустық горизонттың қуаттылығы 35-45 см, гумустың мөлшері 4-5%, жалпы азоттың мөлшері 0,2-0,3; фосфордың мөлшері 0,1-0,2%. Карбонаттық горизонт 45-50 см тереңдікте жатады, топырақ реакциясы әлсіз сілтілі (рН=7-7,2), алмасу катиондарының жиынтығы (Са-Mg) – 100 г топыраққа 30-35 мг*экв. Мәліметтер кесте түрінде толтырылады (4-кесте). Тез еритін тұздар аз, және олар 2-2,5 м тереңдікте жатады.
Құрғақ жерлерде жиі кездесетін қызғылт және ашық-қызғылт топырақтарда гумустық горизонттың қуаттылығы төмен, гумустың мөлшері мен бейін тереңдігі бойынша күрт төмендейді. Карбонатты горизонт жоғарыда жатады (НСІ қайнауы 30-40 пен 5-30 см тереңдікте өтеді), реакция әлсіз сілтілі және сілтілі (рН 7,2-8) болады. Алмасу сілтілерінің жиынтығы 100 г топыраққа 20-35 пен 12-15 мг∙экв, алмасу катиондарының ішіндегі басымы Са2+, Мg2+ болады, ал ашық-қызғылт топырақта Na+. Ашық-қызғылт ішінде көптеген сортаң және қатты сортаң сорттары бар. 
Қызғылт топырақтар әр түрлі дәрежедегі сортаңданумен ерекшеленеді, бірақ сортаңданған горизонт әдетте 1 м және одан төмен тереңдікте болады. Суда еритін тұздар (негізгісі Сa мен Mg бикарбонаттары) жоғарғы горизонттардан жуылған олардың мөлшері аз болып келеді (0,01%). Сортаңданған горизонтта суда еритін тұздар арасында сульфаттар, хлоридтер басым. Қызғылт топырақ калиймен байытылған, бірақ азот пен жылжымалы фосфордың қамтамасыздығының төменділігімен сипатталады. Дегенмен, қызғылт және ашық қызғылт топырақтарда минералды тыңайтқыштардың тиімділігі ылғалдылықтың болмауына байланысты әдетте төмен болып келеді, егін шаруашылығында дәнді дақылдарды егу барысында тәлімді қатарларға фосфор тыңайтқыштарының аздаған мөлшерін енгізуге кеңес беріледі. Суару кезінде азот пен фосфор тыңайтқыштарының тиімділігі күрт артады, бірақ калий тыңайтқыштары әлі де тиімсіз. Сортаң топырақтарының және сортаңдардың құнарлылығын арттыру үшін гипсті қолдану ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет