Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева


Заманауи классификацияны құрудың принциптері. Топырақ таксономиясы



бет7/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   96
Байланысты:
treatise140794

1.3. Заманауи классификацияны құрудың принциптері. Топырақ таксономиясы


Жаңа классификациялық құрылымдар жеке түрде де, топтасқан түрде де жасалады. Кейбір жағдайларда қоршаған ортаның ерекшеліктерімен және топырақтың құнарлығын айтарлықтай дәрежеде анықтаумен байланысты заманауи үдерістер мен топырақтық қалыптасу режимдері бірінші орынға қойылады; олардың жалпы аясында (фон) топырақтық кескін (профиль) мен оның қалдық (реликтік) қасиеттері зерттеледі (Герасимов И.П., Волобьев В.Р., Иванова Н.Н., Розов Н.Н.). Басқа құрылымдар топырақтық кескінді талдаудан, оның геохимиялық және тарихи ерекшеліктерінен басталады, және олардың аясында топырақтың қалыптасуының заманауи үдерістері мен режимдерін қарастырады (Глазовская М.А., Ковда В.А., Зонн С.В.). Бұл айырмашылықтар жоғары классификация бөлімдеріне қатысты.
Заманауи топырақтың жіктелуін өңдеу барысында келесі негізгі қағидаларға сүйенеді:
1. Топырақтың жіктелуі топырақтың негізгі қасиеттері мен режимдеріне негізделіп, оларды құратын процестерді және топырақтың қалыптасу жағдайларын ескеру керек, яғни экологиялық, морфологиялық және эволюциялық амалдарды біріктіретін сөздің кең мағынасында генетикалық болу керек.
2. Жіктеу таксономикалық бірліктердің қатаң ғылыми жүйесіне негізделуі керек.
3. Жіктеу кезінде шаруашылық қызметінің нәтижесі ретінде топырақтан алынған сипаттамалары мен қасиеттерін ескеруі тиіс.
4. Жіктеу топырақтың өндірістік ерекшеліктерін ашып, оларды ауыл және орман шаруашылықтарында ұтымды пайдалануына жәрдемдесуі керек.
Топырақтың заманауи жіктелуі, бұрынғылармен салыстырғанда, топырақ кескінінің морфологиялық және микроморфологиялық құрылымын, топырақтың құрамы мен қасиеттерін, топырақтың қалыптасуының негізгі үдерістері мен режимдерін және қоршаған экологиялық шарттарды толығымен ескереді.
Сондай-ақ органикалық заттардың сапалық құрамын, заттардың биологиялық циклінің ерекшеліктерін, топырақ ішілік желге мүжілу және топырақтың қалыптасу энергетика сұрақтарын есепке алу керек.
Осының барлығы топырақтың негізгі генетикалық ерекшеліктерін тереңірек түсінуге, олардың агрономиялық сипаттамаларын беруге және олардың топырақтық құнарлылығына (бонитировка) салыстырмалы бағалау жүргізуге мүмкіндік береді. Осы қағидаларға сәйкес, топырақтың жіктелуінің бірқатар сызбалары жасалған. Топырақ түрлері аймақтық-экологиялық топтарға және ылғалдану реттері бойынша топтастырылған.
Әрбір зоналық-экологиялық топтағы өсімдік түрлері (орман-дала, дала, т.б.), жер бетінен 20 см тереңдіктегі топырақ температурасының қосындысымен және аталған тереңдікте топырақтың қатып қалу ұзақтығының ылғалдану коэффициентімен сипатталады.
Зоналық-экологиялық топтар ішінде топырақ биологиялық-физикалық-химиялық қасиеттерге (гумустың құрамы, топырақ реакциясы, карбонаттылық, сортаңдану, тұздану, содалау және т.б.) және ылғалдандыру жағдайына (автоморфтық, жартылай гидроморфты, гидроморфтық) сәйкес бөлінеді. Заманауи топырақ классификациясының негізгі таксономикалық бірлігі ретінде Докучаев В.В. орнатқан генетикалық топырақ түрі болып табылады. Генетикалық типті анықтаудың негізін Л.И.Прасолов былай тұжырымдаған «заттардың шығу тегінің, қоныс аударуының және заттардың жиналуының бірлігі...».
Осыған сәйкес, бір генетикалық типке топырақтың қалыптасатын жыныстарының белгілі бір тобында бірдей типті-байланысқан, биологиялық, климаттық және гидрологиялық шарттарда дамып келе жатқан топырақ
жатады. Мекемеаралық комиссияның анықтамасында көрсетілген әрбір топырақ түрі «бірдей типті-байланысқан биологиялық, климаттық және гидрологиялық шарттарда» дамиды және топырақтың қалыптасу үдерісінің басқа үдерістермен байланысу барысында айқын көрінісімен ерекшеленеді.
Топырақ түрлеріне тән ерекшеліктер анықталады:
1) органикалық заттардың жеткізілімінің және олардың өзгеру мен бөліну процестерінің біртектілігі;
2) минералды массаның ыдырау үдерістерінің және минералды және органоминералдық жаңа түзілімдердің бір типті кешені;
3) заттардың көші-қоны мен жинақталуының біртекті сипаты;
4) топырақтық кескіннің (профиль) біртекті құрылымы;
5) топырақтың құнарлылығын арттыру және бір қалыпта ұстап тұруға бағытталған іс –шаралардың біртекті бағытталуы;
6) қазіргі уақытта топырақтық режимдерінің біртектілігін қосу керек.
Топырақ таксономиясы. Топырақты жүйелі түрде сипаттау және зерттеу кезінде зерттеудің ауқымына байланысты белгілі бір объекті айқындауға болатын дәлдік дәрежесін алдын-ала анықтау керек. Дәлірек айтқанда, «топырақ» деген сөзге дәл қандай топырақ деген мағынаны беретін анықтаманы қосу керек. Топырақ жүйелігінің бұл міндеті таксономикалық бірліктердің жүйесімен немесе деңгейлерін жіктеу арқылы шешіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет