Т. Р. Рыспеков, Б. Д. Балғышева



бет68/96
Дата01.03.2023
өлшемі0,83 Mb.
#170566
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   96
Байланысты:
treatise140794

3.5 Атомдық спектроскопия

Атомдық спектроскопияны сапалық және сандық талдауда кеңінен пайдаланады. Ол рентгендік, көрінетін немесе ультракүлгін сәулеленуді жұтуға немесе шығарылуына негізделген. Рентген сәулелену немесе жұту химиялық байланыстарды (бірнеше жеңіл элементтерді қоспағанда) түзуге қатыспайтын ішкі электрондардың қозуына байланысты, нәтижесінде рентгендік атом спектрінің сипаты үлгідегі элементтің химиялық жағдайына тәуелді емес. Демек, NiO-ның рентген сәулеленудің, NiCl2 (II) ерітіндісінің, газ тәріздес NiCO-ның және никельдің спектрлері қарапайым жағдайда ұқсас келеді.


Көзге көрінетін немесе УК аймақта атомды спектрді алу үшін, керісінше, элементтер үлгісін газ тәрізді күйдегі көп атомдық бөлшектерге (атомдар немесе иондар) ауысуы қажет, себебі, осы аймақтағы жұтылу немесе сәулелену сыртқы валентті электрондардың қозуына байланысты. Таза атомды спектрін тек қажетті элементті онымен байланысты басқа элементтерден ажыратып жасауға болады.
Көрінетін немесе УК аймағында атомдық спектрлерді үлгінің атомдануынан кейін түсіруі – молекулалар құрамдас бөліктерге ыдырайтын және газ тәріздес күйдегі атомдар мен иондарға айналатын үдеріс. Шығару спектрлері, элементтің жұту спектрлері сияқты, толқын ұзындығы берілген элементке тән салыстырмалы түрде аз дискретті сызықтардан тұрады. Егер газда молекулалар немесе күрделі иондар жоқ болса, онда спектрдегі жолақтар байқалмайды, себебі олардың тербелмелі және айналмалы кванттық күйлері жоқ. Осылайша, сызықтар салыстырмалы түрде аз ғана ауысуларға сәйкес келеді.
32 – кестеде атомдық эмиссия немесе абсорбцияға негізделген әдістер келтірілген.
32 – кесте
Атомдық спектроскопия әдістерінің жіктелуі



Әдістер

Сәулелену
көзі

Үлгіні еңгізу тәсілі

Спектроскопия

Атомдану

Эмиссиялық әдістер

Доғалық
Ұшқынды
Жалынды-эмиссиялық немесе атомды-эмиссиялық

Атомды-флуоресценттік


Рентгенфлуоресценттік

Доғалық
Ұшқынды
Жалынды

Жалынды
Қажет емес



Электрлік доға

Электр разрядынан шығатын ұшқын


Жалын

Разряд шамы
Рентгендік түтік


Анықталатын затты электрод жазықтығына орналастырады
Анықталатын затты электрод жазықтығына орналастырады
Талданатын ерітіндіні жалында шашыратады
Талданатын ерітіндіні жалында шашыратады

Анықталатын затты рентген сәулелерінің жолына орналастырады



Абсорбциялық әдістер

Жалынды немесе атомды-абсорбциялық

Жалынды емес атомды-абсорбциялық


Рентгенді-абсорбциялық

Жалынды
Бетті қыздыру

Қажет емес



Қуысты катод шамы

Қуысты катод шамы


Рентгендік түтік

Талданатын ерітіндіні жалында шашыратады

Талданатын ерітіндіні қыздырылған бетке орналастырады


Анықталатын затты сәулелену ағынына орналастырады



Бұл әдістер кеңінен пайдаланылады, олар жоғары селективтілігімен, айрықша сезімталдығымен, жылдамдығымен және орындаудың қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Атомдық спектроскопия әдісі ең таңдаулы аналитикалық әдістер болып саналады. Оның көмегімен 70-ке жуық элементті анықтауға болады. Бұл ретте сезімталдығы, әдетте, 10-4-10-10 аралығында жатады. Атомды спектральды талдауды бірнеше минут ішінде орындауға болады. Бейорганикалық тұздардың сулы ерітіндісін қыздырылған жалынға шашыратқан кезде, металдық сипаттамадағы компоненттердің маңызды бөлігі қарапайым күйіне дейін қалпына келеді; моноатомдық иондар да қалыптасады, бірақ әлдеқайда аз дәрежеде. Осылайша, жалынның ішінде айтарлықтай көп мөлшердегі моноатомдық бөлшектері бар газ тәрізді ерітінді немесе плазма пайда болады.


Жалынның температурасы моноатомдық бөлшектердің электрондарының аз санының жоғары электрондық деңгейге өтуіне жеткілікті; олардың негізгі күйіне қайта оралуы, жалынды-эмиссиялық спектроскопиясына негіз болатын сызықтар түрінде жазылған энергияның шығарылуымен бірге жүреді.
Сызықтардың орналасуы талданатын заттың сапалық құрамы жайлы ақпарат береді, ал оның боялу қарқындылығы сандық талдаудың негізінде жатыр.
Жалында қозбаған күйде орналасқан атомдардың көп бөлігін атомды-абсорбциялық талдауда қолдануға болады, ол үшін жалынды плазмасын спектрофотометрдің сәулелер ағынының жолына орналастырады. Жалынды эмиссиядағы сияқты, жұтылу спектр сызықтарының орналасуы үлгі компоненттерін анықтауға мүмкіндік береді; сызық қарқындылығы, әдетте, жұтатын заттардың концентрациясына пропорционал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет