Т. Т. Галиев, М. Д. Есекешова, Г. О. Исакова


  Модульді білім беру технологиясы



Pdf көрінісі
бет23/55
Дата18.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#103119
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55
Байланысты:
Жоғары оқу орны білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін
88702, счастливый купон на русс
3. 
Модульді білім беру технологиясы. 
Д.В. Чернилевскийдің пікірі 
бойынша,  мұның  мақсаты  жеке  оқу  бағдарламасы  бойынша  оқу-
танымдық  қызметті  ұйымдастыру  арқылы  дидактикалық  жүйені 
тұлғаның  жеке  қажеттіліктері  мен  оның  бастапқы  дайындық  деңгейіне 
бейімдеу,  білім  беру  мазмұнының  икемділігін  қамтамасыз  ету  арқылы 
тұлғаның дамуы үшін біршама оңтайлы жағдайларды жасау.   
Д.В.  Чернилевский  модульді  оқытуды  модульдер  мен  модульдік 
бағдарламаның  нәтижесінде  тұйық  басқару  түрімен  сипатталатын, 
зерделілік  (білім  беру  бағдарламасы  мен  өзіндік  үйрену  бағдарламасы 
жете  түсіндіріледі)  принципі  мен  қызметтік  тұғырге  негізделген  білім 
берудің жаңашыл түріне жатқызады[65]. 
Модуль 
 
айқын 
құзыреттілікті 
немесе 
құзырет 
тобын 
қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламасының біркелкі 
дербес бірлігін қамтиды.   
Модульдік білім беру технологиясы келесілерді қарастырады:  
1)  модульді оқу бағдарламасын әзірлеу;  
2)  білім беру мазмұнын айқын модульге түрлендіру;  
3)  білім  алушылардың  өз  білім  алу  шеңберін  таңдау  құқымен, 
сәйкесінше оқыту қызметін ұйымдастыру;   
4) 
оқытушылардың 
реттеушілік 
және 
кеңес 
берушілік, 
үйлестірушілік қызметі; 
5) білім алушылардың қызметі мен іс-әрекеттерінің, сонымен қатар 
олардың үйрену нәтижесінің рейтингтік бағасы;  
Бұл жұмыста[116]  модульді әзірлеудің төрт кезеңі көрсетілген:  
1)мақсат қою және осы мақсатқа жетуге бағытталған, білім берудің 
жоспарланған  нәтижелерін  анықтау,  сонымен  қатар  мақсатты  жүзеге 
асыру мүмкіндіктерін бағалау;   
2)  оқу  материалын  модуль  түрінде  қарастыра  отырып,  әдістемелік 
мақсатқа сәйкестігі тұрғысынан талдау;   
3)  дидактикалық  материалды  модуль  түрінде  әзірлеу,  олардың 
мүмкіндіктерін  ескере  отырып,оқытушының  және  сәйкесінше  білім 
алушының қызметін жобалау;   


108 
 
4)  шынайы  тәжірибелердің  жоспарланған  нәтижелерге  сәйкестігін 
нақтылау масқатында модульды бағдарламаны тәжірибелік тексеру және 
жеке модульдердің мазмұнын мүмкіндігінше түзету.  
Озық білім берудің оқу бағдарламасын құрудағы модульді принцип 
жеке  тәсілдің  қажетті  тиімділігін  және  қойылған  мақсаттар  мен 
міндеттерге  біршама  тиімді  қол  жеткізуді  қамтамасыз  етуге(түрлі 
модульдерді икемді үйлестіру негізінде) мүмкіндік береді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет