Т. Т. Галиев, М. Д. Есекешова, Г. О. Исакова


  Мәселе  негізіндегі  білім  беру  технологиясы



Pdf көрінісі
бет22/55
Дата18.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#103119
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55
Байланысты:
Жоғары оқу орны білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін
88702, счастливый купон на русс
2. 
Мәселе  негізіндегі  білім  беру  технологиясы
Мақсаты  – 
субъектілердің  шығармашылық  дербестігі  мен  танымдық  белсенділігін 
дамыту.  Берілген  технологияның  маңыздылығы  білім  алушыларға 
мақсатты  және  жүйелі  түрде  танымдық  міндеттерді  жүктеп,  соның 
негізінде,  білім  алушының  мәселенің  шешімін  таба  отырып,  білімді 
белсенді меңгеруімен түсіндіріледі.   


106 
 
Мәселеге  негізделген  білім  беру  оқытушының  үнемі  жүйелі  түрде 
күрделі  жағдайларды  құра  отырып  және  білім  алушылардың  оқу 
мәселесін шешу бойынша әрекеттерін ұйымдастыра отырып, олардың өз 
бетінше  іздену  қабілеттерін  дайын  ғылыми  тұжырымдармен  бірге 
меңгеруінің  тиімді  қосылысын  қамтамасыз  ететін  оқыту  үрдісі  ретінде 
анықталады[116]. 
Мәселеге негізделген білім беру үрдісін ұйымдастырудың келесідей 
кезеңдерін бөліп қарастыруға болады[134]: 
1)  оқу  материалын  зерделеу  барысындағы  беймәлім  сәттердегі 
пікірлердің қарама-қайшылығының орын алуы, оларды қиындық ретінде 
танып, оларды еңсеруге тырысудың туындауы (күрделі жағдайды сезіну 
және мәселелік міндетті қалыптастыру);   
2)  күрделі  міндет  шарттарын  талдау,  белгілі  және  беймәлім 
мәліметтер арасындағы тәуелділіктерді орнату;  
3)  негізгі  мәселені  бірнеше  шағын  бөліктерге  бөлу  және  жоспар 
құру, олардың шешімін табу бағдарламасы;  
4)  қызмет  тәсілдері  мен  білімді  өзектендіру  немесе  жеткіліксіз 
білімді  меңгеру  және  оларды  шешілуші  мәселенің  шарттарымен 
байланыстыру; 
5) гипотеза ұсыну (немесе гипотезаларды), шешімін табу жолдарын 
іздеу; 
6)  белгісізді(жеке  шешім)  табу  бойынша  операциялар  мен  іс-
әрекеттер жүйесін таңдау және жүзеге асыру; 
7) шешімді тексеру
8)  алынған  нәтижелерді  нақтылау,  сонымен  қатар  алынған 
қорытындылар  мен  бұрыннан  мәлім  теориялық  түсініктер,  заңдар, 
тәуелділіктер  арасында  байланыс  орнату  және  алынған  нәтиже 
салдарынан туындайтын, шешімін табуды талап ететін жаңа мәселелерді 
қалыптастыру.  
Озық білім беру үрдісіне тікелей қатысы бар мәселелерге келесілер 
жатқызылуы мүмкін:  

зерделенетін  нысандардың  болашақ  жағдайын  сенімді 
жорамалдау;  
- дамудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асырудың сапасы мен 
тиімділігі, мысалы, білім берудің;  
-  экономиканың,  қоғам  мен  мемлекеттің  тұрақты  дамуын 
қамтамасыз ету;  
-  маман  мен  білім  алушының  жеке  тұлғалық  қасиеттерін  озық 
дамытудағы механизмдер мен жүйелердің болуы;  
- өскелең ұрпақ пен мамандарды озық даярлау; 
- алдағы танымдық, теориялық, тәжірибелік және өзге де салаларда 
жүзеге  асырылатын  жүйелілік  тұғыр  мен  жүйелілік  ойлау  дағдыларын 
және  шеберлігін,  жүйелі  түсініктерді,  жүйелі  білімді  дамыту  және 
қалыптастыру.  


107 
 
Мәселеге  негізделген  білім  беру  озық  ақпараттармен  жұмыс  істеу 
тәжірибесін,  тәжірибелік  шеберлік  пен  дағдыны,  қабілеттілікті,  білім 
беру мазмұнын сапалы және тиімді меңгеру үшін аса өзекті  танымдық, 
шығармашылық  және  ойлау  қабілеттерін  озық  деңгейде  қалыптастыру 
мен дамытуға мүмкіндік береді.    
Қарастырылатын  нысан  жайлы  зерттеулер  мен  ұсыныстар,  жүйелі 
құрылымдар  технологиясы  мәселеге  негізделген  білім  беру  жүйесін 
тиімді  жүзеге  асыруға  септігін  тигізеді.  Бұл  жағдайда  қарастырылатын 
нысан  ретінде  тек  нақты  мәселе  немесе  күрделі  жағдай    ғана  емес, 
сонымен қатар өзара байланысты мәселелердің белгілі бір жиынтығы да 
алынуы мүмкін.    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет