Т. Т. Галиев, М. Д. Есекешова, Г. О. Исакова



Pdf көрінісі
бет46/55
Дата18.12.2021
өлшемі1,58 Mb.
#103119
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55
Байланысты:
Жоғары оқу орны білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін
88702, счастливый купон на русс
Жетілдіру. Инновациялар

Оқу 
құралында 
жетілдіруді 
қабылданған 
критерийлердің: 
меңгерілетін объекттер мен процестер, әдістер, құралдар, оқу мәтіндері 
және т.б. негізінде жасау ұсынылады. 
Инновацияға  келесідей  түсінік  беріледі:  1)  әлеуметтік  тәжірибеде 
маңызды өзгертулер тудыратын әртүрлі жаңалықтарды ойлап табу және 
енгізу;  2)  нарыққа  енгізілген  жаңа  немесе  жетілдірілген  өнімге, 
тәжірибелік  қызметте  қолданылатын  жаңа  немесе  жетілдірілген 
технологиялық процесске, әлеуметтік қызмет жолындағы жаңа тәсілінде 
түрленуге ие болған инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.  
● 
Синтез

Жұмыста [75] синтез [грек тілінен аударғанда 
synthesis 
байланысу, 
үйлесу,  құрау]  талдау  кезінде  пайда  болған  бөліктердің  бір  бүтінге 
байланыстыру ретінде анықталады. 
Жұмыс  авторларының  пікірі  бойынша,  синтез  –  бұл  тек  талдау 
кезінде  алынған  элементтерді  қосумен  байланысты  ойлау  операциясы 
ғана емес, сонымен қатар, оны құрау пәнін жасау. 
Синтездік  әдіс  берілген  жүйені  басқа  жүйеге  айналдыру  құралы 
ретінде  қызмет  атқарады.  Ол  мазмұн  негізіндегі  шектен  шығуды, 
бүтіндік  шегінде  орын  алмайтын  жаңа  элементтерді  өндіруді 
топшылайды.  Бұл  тәсіл  өзара  әрекеттестіктің  ауқымды  және  жанжақты 
жүйесіне  жүгіну  арқылы  объектті  құрылымды  жаңадан  жасауға 
мүмкіндік береді [154]. 
● 
Жалпылау

[138] жұмысында  жалпылау деп пәндердің тұрақты, инварианттық 
қасиеттері  мен  олардың  арақатынасына  қатысты  бөлу  және 


144 
 
тұрақтандырудан  құралатын  танымдық  процестердің  бір  сипаттамасы 
түсіндіріледі.  Адамға жанама жалпылаудың екі типі тән, бұл жағдайда 
маңызды  рөлді  тіл  құралдарын  қолдану  қарастырылатын  салыстыру, 
талдау және синтез атқарады. 
Жанама  жалпылаудың  бірінші  типінің  негізіне  салыстыру  әрекеті 
жатады.    Белгілі  бір  топтың  пәндерін  бірнеше  көзқараспен 
салыстыстыра  отыру  кезінде  субъект  осы  топ  немесе  класс  түсінігінің 
мазмұны  бола  алатын,  ортақ  қасиеттерін  табады,  бөледі  және  сырттай 
бірдей  қасиеттерін  сөзбен  белгілейді.  Мұндай  жалпылама  және 
түсініктер  эмпирикалық  деп  аталады.  Эмпирикалық  жалпылаудың 
қызметі  пәндердің  классификациясындағы  олардың  көптүрлілігін 
реттеуден  құралады.  Эмпирикалық  жалпылау  танудың  бастапқы 
этаптарына тән. 
Жанама жалпылаудың екінші типі объектті бүтін жүйе ретінде 
анықтайтын  ішкі  байланыстарды  бөлу  мақсатымен  әлде  бір  объект 
туралы эмпирикалық мәліметтерді талдау арқылы іске асады.  
Теориялық  абстрактілеу  және  жалпылау  абстрактіден  нақты  ойға 
туындау үдерісінің екі жартысы ретінде шығады. Жалпылау – бірлік пен 
бүтіннің  өзара  байланысы  мен  өзара  қатынасын  анықтау.  Мұндай 
жалпылау  мазмұндық  деп  аталады.  Жалпы  мазмұндық  (теориялық) 
жалпылау  кейбір  бүтінді  оның  генетикалық  бастапқы,  маңызды, 
жалпыға  ортақ  қатынасын,  осы  бүтіннің  ішкі  бірлігінің  негізі  ретінде, 
ашу мақсатымен талдау арқылы жүргізіледі. 
Дәстүрлі  балалар  және  педагогикалық  психологияда  эмпирикалық 
жалпылауға  деген  икемділік  мектеп  алды  жасында  бастау  алады  және 
кіші мектеп білім алушыларында қарқынды дамиды. Теориялық типтегі 
жалпылау жеткіншек және жасөспірім жасқа тән. 
● 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет