Т. Т. Мельдеханов, Ж. А. Иманбекова, Ф. А. Бимурзаева



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата28.11.2023
өлшемі0,94 Mb.
#193943
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
БҮЙРЕК-ДЕРТІНІҢ-«КІШІ-ЖӘНЕ-ҮЛКЕН»-СИНДРОМДАРЫ.-БҮЙРЕК-ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Teacher\'s Book, Мұғалім, nurmanov mikroshemotehnika kz 2011 (2), Презентация, 672622, БӨЖ 1 Алимбекова А.А, 9-Апта филос, Ас орыту физиологиясы, Ас орыту физиологиясы, Бож, тесты РК каз 3 ом 1 для студ, АІИ-4-курс-КАЗ.-ОЗ-САЙТҚА
«тозады»,
әдетте, 
оның элементтері шумақ капиллярлары арасында орналасқан мезангиалды жасушалардың және подоциттердің көмегімен ұдайы 
қалпына келіп отыруы тиіс.
Несептүзілуі, несепшығарылуы, экскреторлық және секреторлық үдерістердің айқын бұзылысы нефропатияларда, бүйректің 
үлкен синдромдарында байқалады. 
Нефропатия - бүйрек дерттерінің жалпы атауы, оған нефриттер, пиелонефриттер, 
нефроздық (нефротикалық) синдромдар, бүйректің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі, бүйректік ісінулер, бүйректік 
гипертензиялар, уролитиаз, нефролитиаз жатады. 
Нефропатияны сипаттайтын бүйректентыс (экстрареналды) симптомдар мен синдромдар 
Гипергидратация, ісіну
. Су және электролиттер теңгерімінің (балансының) бұзылыстары көптеген бүйрек ауруларында жиі 
кездесетін синдром. Кезкелген олигурияда денеде сұйықтықтар тұтылады және айқын ісіну синдромы қалыптасады. Науқастарда 
айналымдағы қан көлемі (АҚК) ұлғаяды, жүрекке күш түседі де жүректе дилатация немесе гипертрофия дамиды, артериалық және 
бассүйек ішіндегі қысым көтеріледі. Анурияға байланысты үлкен бас миының ісінуі, өкпе ісінуі жәнеде басқа қауіпті (айбарлы) 
асқынулар дамиды.
«Бүйректік» ісінудің патогенезінде мынадай факторлар шешуші рөл атқаруы мүмкін: 
1.
капиллярларда пәрменді сүзгілік қысымның (ПСҚ) жоғарылауы, ол гиперволемияға және гидростатикалық қысымның 
көтерілуіменен сыбайлас (механикалық фактор); 
2.
капиллярларда протеинурия және гипопротеинемия (онкостық фактор) салдарынан онкостық пәрменді сору қысымының 
(ОПСҚ) төмендеуі; 
3.
бүйректе қанағымының азаюынан және юкстагломерулалық аппаратта (ЮГА) ренин секрециясының жоғарылауынан ренин-
ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) белсенуі; 
4.
тамырлардың өткізгіштігінің артуы, мысалы, гломерулонефритте (ГН) жалпылама капилляриттің дамуынан немесе басқада 
аутоиммундық ауруларда (мембраногендік фактор) байқалады; 
5.
лимфаағымдық жеткіліксіздік, ол лимфалардың кері ағып кетуіне кедергілік немесе артық жүктемелердің түсуіне байланысты 
болады. 
«Бүйректік» ісінулерде беттің және әсіресе көз аймағында ісіңкіліктің болуы тән сипат. Әйтседе, ауыр гипергидратация 
кездерінде ісіну жайылмалы күйде, мысалы, нефроздық (нефротикалық) синдромда, немесе анурия аясында дамуы әбден мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет