Шондай Юра
Аршалы ауданы Бұлақсай ауылы Абай атындағы Нововладимир орта мектебінің тарих және география пәнінің мұғалімі
Табиғи құбылыстардың көп түрлілігі
Мақсаты. Табиғаттағы құбылыстардың әр түрлі болатындығын түсіндіру және оларды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың пәнге деген қызығушылғын арттыру және білім меңгерту үшін айналадағы қоршаған орта мен байланыстыра түсіндіру арқылы зейін зердесін, танымдық қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік. Табиғатты қорғауға, оның сан алуан байлықтарын ұқыпты пайдалануға үйрету, табиғат пен адам арасындағы байланысты аңғарту, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: кесте, табиғат құбылыстары бейнеленген суреттер, оқулық карталары.
Сабақтың түрі:Жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың әдісі: Проблемалық сабақ, теория мен пратиканы ұштастыра отырып түсіндіру.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыр кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру
II. Үй тапсырмасының орындалу сапасын тексеру
Қоспаның таза заттан қандай айырмашылығы бар? Мысал келтір
Күнделікті тіршілікте қоспаларды ажыратудың қандай жолдарын білесіңдер?
Суреттерге қарай отырып табиғатта қандай күштердің бар екендігін жаз
Қысым дегеніміз не?
Не үшін арба әлі күнге дейін орнынан қозғалмаған? Ойыңды дәлелде. Аққу жоғары бұлттарға ұшуға тырысуда. Шаян кері тартуда, Ал Шортан суға тартуда. (И.Крылов)
Атмосфералық қысым дегеніміз не?
Сұйықта қысымның болатындығын қандай тәжірибе арқылы дәлелдейсіздер
Қандай табиғат құбылыстарын білесіңдер?
Танымдық тапсырмалар
Сөзжұмбақты шешіңіздер
Көлденеңінен: 2. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал. 6. Температураны өлшейтін құрал. 8. Теңіз бен таудың қайсысында қысым жоғары болады.? 9. Жануды қамтамасыз ететін газ.
Тігінен:1. Ауаның негізі қандай газдан тұрады? 3. Жердің ауа қабығы. 4. Атмосфералық қысымды дәлелдеген ғалым. 5. Ауа райын зерттейтін ғылым. 7. Күн радиациясынан барлық тірі заттарды қорғап тұрған газ.
Дұрыс жауаптарын бегіле.
1. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. 18 02
а) термометр; ә) барометр; б) манометр.
2. Атмосфералық қысым төмендегенде:
а) Ауа райы бұлыңғыр; ә) Ауа райы ашық; б) Қатты жел соғады
3. Атмосфералық қысымды дәлелдеген.
а) М. В. Ломоносов; ә) Э. Торричелии; б) Д. Пристли; в) О. Герике.
4. Жоғарылаған сайын ауаның салмағы
а) ауырлайды; ә) жеңілдейді; б) өзгермейді.
Жаңа сабақ
Мағынаны тану
Табиғи құбылыстың көптүрлілігі.
Жарық құбылыстарын ажыратып, айқындау.
Электрлік құбылыстың маңызы.
Айналамызда қандай метеорологиялық құбылыстар болып жатыр?
Құбылыстар арасындағы байланыс.
2.
Құбылыс
|
Мысалы
|
Жарық
Дыбыс
Электрлік
Физикалық
Химиялық
|
Күн, жұлдыз және т.б.
Найзағай, музыканың үні және т.б.
Радио, микротолқынды пеш және т.б.
Судың қатуы, шөлмектің балқуы және
т.б.
Жану, темірдің тот басуы және т.б.
|
Жаңа білімді бекіту.
Шығармашылық тапсырмалар 1 – тапсырма. Кестені толтырыңдар
Құбылыс
|
Мысалы
|
Жарық
Дыбыс
Электрлік
Физикалық
Химиялық
|
|
2 – тапсырма. Найзағай ойнап тұрғанда адам өзін қалай алып жүру керек? Қысқаша қағидасын жаз.
Жылдық маусымдарда қандай биологиялық және метеорологиялық құбылыстарды
байқауға болады?
Ізденіс тенденциясы сәті.
3-тапсырма. Әр түрлі дыбыстық табиғи құбылыстарын тыңдай отырып оларды ажыратыңыздар.
Дыбыс құбылыстары
4-тапсырма. Дұрыс жауабын белгіле.
1. Бізді қоршаған табиғат .... әсерінен ұдайы өзгереді.
а) процестердің; ә) құбылыстардың; б) жаратылыстанудың.
2. Жарықтың шағылысуы:
а) жарық шығару; ә) электрлі б) жылу бөліну
3. Теледидар, радионы пайдалануда қолданатын құбылыс:
а) химиялық; ә) физикалық; б) электрлі
4. Метеорологиялық құбылыс бұл:
а) желдің қозғалуы; ә) сүттің тасуы; б) дәннің өсіп шығуы.
5. Жарықтың табиғи көзі
а) от жағу; ә) майшам; б) Күн
6. И. Ньютон дәлелдеген жарық түстері:
а) 7; ә)6; б) 9.
7. Жарықтың жасанды түрі
а) майшам; ә) сәулелілер; б) Ай.
Бағалау. Үйге тапсырма &35 оқу. Кез келген бір құбылысқа арнап реферат жазу.
Қорытынды.
Өткізген:Шондай Ю.
2011-2012 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |