Табигиндер



Pdf көрінісі
бет40/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР, 7а тест
ЗӘЙНҮЛ-АБИДИН
«Мен құрайш жігіттерінің ішінен Әл-Хусәйнұғлы Әли ден де өткен абзал 
жан көрмедім»
(Әз-Зүһри). 
Парсылардың  Сасанидтер  дәуірінің  соңғы  жылы  болатын. 
Парсылардың соңғы патшасы Яздажурд елінен айрылып, қашып 
жүріп мерт болды. Қолбасшылары, күзеті және әулеті мұсылман
-
дардың тұтқынына айналды. Олжаның бәрі Мәдинеге аударылды. 
Осы  шайқастан  Мәдине  едәуір  байып  қалды.  Мыңдаған  құлдар, 
күңдер әкелінді. Олардың ішінде Яздажурдтың үш қызы да бар еді. 
Адамдар  құлдарды  бірнеше  сағат  ішінде  таласып-тарма
-
сып  сатып  алды.  Құл  сатудан  түскен  ақша  мұ сылмандардың 
қаржы  үйіне  табысталды.  Бірақ  әлі  де  сатылмай  қалған  Парсы 
патшасының  үш  қызы  бар  еді.  Олар  сұлу  да  әсем,  дене  пішіні 
сұңғақ,  әрі  жаңа  ашылған  жауқазындай  жас  еді.  Өздерін  сау
-
даға  салғанда  намыс тан  өртене  жаздап,  көздерінен  қасірет  жа
-
сын  төгіп  жылады.  Оларға  жаны  ашыған  Әли  ибн  Абу  Талиб:
 
«
Мына жас қыздарды дұрыс қарайтын біреу сатып алса екен» – деп 
тіледі. Әлидың оларға жаны ашитын себебі де бар. Пайғамбардың 
(с.а.у.) «Қауымның қорланған ұлықтарына мейірімді болыңдар!» 
деген сөзі бар. Омар ибн Әл-Хаттабқа жақындап:
–  Әмирүл-мүминин!  Басқа  құлдарға  жасағанымыз- 
 
ды патшалардың қыздарына жасағанымыз дұрыс болмас, – деді. 
– Дұрыс айтасың. Бірақ қалай? – деп сұрады Омар.


 162 
– Олардың бағасын көтерейік. Кейін қыздар осы бағаны төлей 
алатындардың арасынан өздерін сатып алатын адамды таңдасын. 
Омар  Әлидың  сөзін  құптап,  келісімін  берді.  Қыз дардың  бірі 
Омар  ибн  Әл-Хаттабты  таңдады.  Екіншісі-Мұхаммед  ибн  Әбу 
Бәкірді,  үшіншісі,  Шах  Зинән  деген  қыз,  Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.) жиен немересі Әл-Хусәйн ибн Әлиды таңдады. 
Шах  Зинән  Ислам  дінін  қабылдап,  жақсы  мұсылман  әйелге 
айналды.  Дұрыс  дінді  қабылдағанына  шексіз  қуанышта  болды. 
Күңдіктен құтылып, Әл-Хусәйннің әйелі болды. Өз бостандығына 
қол жеткізді. 
Кейін ол пұтқа табынған бұрынғы өмі рін ұмытып, тіптен, әйел
-
дердің ханшайымы деген ма ғынадағы Шах Зинән атын «Ғазәләһқа» 
ауыстырды. 
Ғәзәләһ  патшаның  қызына  лайық  күйеуіне  қатты  сүйініп, 
бақытты  өмірді  бастады.  Оған  енді  тек  күйеуіне  ұл  тауып  беру 
ғана қалды. Алла Тағала сол арманына да қол жеткізуді нәсіп етті. 
Әл-Хусәйнге айдай аппақ ұл туып берді. Сәбиді Әли ибн Абу Та
-
либтың құрметіне «Әли» деп атады. 
Бірақ Ғазәләһтың бақыты көпке созылмады. Жатырынан аққан 
қан тоқтамай, баласымен қызық уақыт тар өткізу нәсіп болмады. 
Ол көп ұзамай Алланың мейіріміне аттанды. 
Жаңа туған нәрестеге Әл-Хусәйннің бір күңі қа рады. Өз бала
-
сын сүйгеннен артық құшағына басып, жалғызын асырағаннан ар
-
тық бақты. Бала одан басқа ананы танымай өсті. 
Есі  кіргеннен-ақ  Әли  ибн  Әл-Хусәйн  білімге  зор  ықылас  пен 
зейін қойды. Оның бірінші мектебі – өз үйі болды. Тұңғыш ұстазы 
– ұстаздардың ұстазы, әкесі Әл-Хусәйн ибн Әли болды. Ал екінші 
мектебі әрине, Ұлығ Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ме шіті еді. 
Пайғамбарымыздың (с.а.у.)  қасиетті мешіті сол күн дері қалған 
сахабалардың рухани ордасы еді, сонымен қатар, ірі тәбиғиндердің 
мекені еді. Олар да, бұлар да сахабалардың балаларынан құралған 
гүл шоқтарына жүректерін айқара ашып, Алла Тағаланың кітабын 
оқып, таусылмас білім нәрінен сусындады. Олар Алла Елшісінің 
(с.а.у.)  хадистерін  риуаят  етіп,  олардың  мән-мағынасын  түсін
-
діретін. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сирасы (өмірбаяны) мен ғазау
-
аттарын баяндайтын. Араб поэзиясын жаттатқызып, оның әсемді
-
гін  түсінуге  баулитын.  Жас  жүректерін  Алланың  махаббатымен, 


 163 
Раббыларынанқорқумен,  тақуалықпен  толтыратын.  Олар  ісіне 
білімі сай, жол бастаушы ғұламалар мен көрегендер еді. 
Әли ибн Әл-Хусәйннің жүрегі Құран Кәрімге еміренген сияқты, 
басқа ешнәрсеге емірене алмады. Оның сезімдері тек Құранда ай
-
тылған уәделер мен азаптардан сілкінгендей, басқа нәрселерге сіл
-
кінбеді. Тозақ оты жайында аят естісе, жәһәннәмның алауы ішіне 
кіріп кеткендей қатты күрсінетін. 
Әли  ибн  Әл-Хусәйннің  жасы  кәмелетке,  көкірегі  ілім-білімге 
толғанда,  Мәдиненің  зиялы  қоғамы  Хашим  әулетінде  тақуалық 
пен  ғибадаттың  ең  тереңіне  бойлаған,  мінез  бен  әдепте  ең  адал, 
жақсылық пен қай рымдылықта жүрегі кең жас жігітке қол жеткіз
-
генін білді. 
Тақуалық пен ғибадаттың шыңына жеткені сон шалықты, дәрет, 
намаз кезінде тұла бойы толқып дірілдейтін болды. Сол жайында 
сұрағандарға:
–  Қойыңдар!  Кімге  бара  жатқанымды,  кімнің  алдында  тұрға
-
нымды, кімге мінәжәт етіп жатқанымды білмейтіндей, не болды 
сендерге?! – дейді екен.
Хашим әулетінен шыққан жас жігіттің құлшылығы мен ғибада
-
тының кемелдігі ел аузынан түспейтін еді. Оны «Құлшылық жаса
-
ушылардың серісі» деп атап, оның өз атын ұмыта жаздап, үнемі өз 
есімінен гөрі лақаб атымен шақыруды абзал көретін болды. 
Оның сәждесінің ұзақ уақытқа созылуы оған «Сәж жәд»
1
 деген 
атақ тақты. Рухының пәк, жүрегінің таза болуы оны «зәкий»
2
 деген  
атпен аталуға себеп болды. 
Зәйнүл-Абидин,  (Алла  разы  болсын)  ғиба даттың  рухы  –  дұға 
екенін  анық  сезді.  Дұға  ету  ол  үшін  Қағба  жабуынының  қасында 
тұрудан да артық еді. Көне үйдің жанында тұрып талай дұға қылды:
«Раббым! Мейіріміңнен мейірім бердің, нығме тің нен нығмет
-
ке бөлендірдің. Ешқандай үрейсіз, еш алаң сыз өзіңе жалбарынып 
жүрмін. Саған дұға етемін. Раббым, саған мейіріміңе қатты мұқтаж 
болған,  сенің  құқығыңды  өзіңе  бере  алмай  зар  илеген  адам ның 
жа лынғанындай  жалынамын.  Өзіңнен  басқа  құтқаратын  ешкімді 
таба алмайтын жалғыз, шарасыз, күнәға батқан құлыңның дұғасын 
қабыл ет, уа, Кәрімдердің Кәрімі!
»

Сәждесі ұзақ уақытқа созылатын адам.

Зерек.


 164 
***
Бір күні Тауыс ибн Кәйсән оны Көне үйдің кө леңкесінде ажал 
аузындағы  адам  сияқты  күбірлеп,  ауру  адамша  жылап,  азап
-
тан  қашқан  жандай  дұға  қылып  тұрғанын  көріпті.  Тауыс  оны 
мінәжәтын аяқтап, жылауын қойғанға дейін күтіп тұрады. Дұға
-
сын бітіргеннен кейін жанына барып:
– Әй, Алла Елшісінің ұлы (жиен шөбересі) ! Мына жағдайыңды 
көрген соң, сенің қорқынышыңды басатын үш артықшылығыңды 
айтпаққа бекіндім.
– Тауыс, ол не екен?
–  Біріншісі,  сен  Алла  Елшісінің  ұлысың,  екіншісі,  атаңның 
тигізер шапағаты, үшіншісі Алланың ме й рімі. Оған Әли ибн Әл-
Хусәйн:
–  Я,  Тауыс!  Пайғамбардың  (с.а.у.)  әулетінен  болуым  маған 
ештеңеге кепілдік бермейтінін мына аяттан білуге болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет