Табигиндер



Pdf көрінісі
бет39/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР, 7а тест
ОМАР ИБН АБДҮЛӘЗИЗ
Оның үш ұстанымы
«Омар ибн Абдүләзиз мінезі мен дене бітімі сұлу,  
білімді,  адам жансарайына терең үңілгіш, көп күрсінгіш, тәубешіл жан еді»
(Әз-Зәһәби).          
Тәбиғиндердің бірі болып саналатын Халифа Омар ибн Абдүлә
-
зиз жайында әңгіме алуан түрлі болып келеді. Оның көзін көрген 
жандар сан түрлі асыл қасиеттерін айтып тауыса алмай жатады. 
Өткен кітапта кемеңгер халифаты үш тұрғыдан көрген едік. Қазір 
тағы  да  үш  абзал  қасиеті  туралы  әңгімеге  құ лақ  түрейік.  Бұлар 
бұрынғыларынан асып түспесе, кем емес. Бірінші әңгімені ақын 
Дүкәйн ибн Сағид Әд-Дәрими баяндайды.
Омар ибн Абдүләзиз Мәдиненің әкімі болып жүр генде мақтап 
өлең жазып едім, маған асыл тұқымды он бес түйе сыйлады. Түйе
-
лерді тау арасында жалғыз аяқ жолда жалғыз өзім алып жүруге қо
-
рықтым, сатуға да қимадым. Солай не істерімді білмей жүргенде, 
Нәжід жаққа жол жүретін кісілер таптым. Оларға келіп жолға бірге 
шығайық деп қолқа салдым. Олар:
– Қош келдіңіз, әрине, сізді өзімізге қосамыз. Бүгін түнде жолға 
шығамыз. Бізбен жүруге дайындала бе ріңіз, – деді.
Омармен қоштасуға бардым. Қасында бейтаныс екі шәйх отыр 
екен. Тұруға ниеттенгенімде, Омар маған қарап:
–  Дүкәйн,  менің  нәпсім  жоғарыға  көтерілуге  құмар.  Қазіргі 
жағдайымнан артық деңгейге көтерілсем, маған кел, саған үлкен 
жақсылық жасаймын, – деді. 
– Осы сөзіңе куә тап, – дедім.


 157 
– Алла куә, – деді Омар.
– Оның құлдарынан?
– Мына екі шәйх. 
Бір-бірлеп аты-жөндерін сұрап шықтым. Бірі – Сәлим ибн Аб
-
дуллаһ ибн Омар, екіншісі – Әбу Яхия, әкімнің қызметшісі болып 
шық ты.  Сәлимнің  куә  болғанына  қуанып,  әкімге:    «Сөзі  өтімді 
куә болды, – дедім.  Ал, Әбу Яхия, енді ол әкім нің үйінен ғой». 
Бәрімен  қоштасып,  түйелерімді  алып  Нәжідтағы  ауылыма  жетіп 
алдым. Жаратқан Ием сол түйелерге береке беріп, боталап, көбей
-
іп кетті. Құл сатып алып бақтыратын болдым.
Осылай күндер өте берді. Бір күні Нәжідта тақыр шөлде келе 
жатсам, Әмирүл-мүмининнің қайтыс бол ға нын айтып біреу зарлап 
келеді. Қайғылы хабарды жет кізіп жүргенге барып: 
– Орнына кім халифа болды? – деп сұрадым. 
– Омар ибн Абдүләзиз, – деді.
Осыны естісімен, іле-шала түйеме мініп, Шамға жол ға шықтым. 
Дамашыққа барғанымда халифаның ал дына кіріп шығып, қайтып 
бара жатқан Жәрирді көрдім. Сәлем беріп:
– Қайдан келесің, Әбу Хазра? – дедім.
–  Ақындарға  сараң,  пақырларға  жомарт  халифа тан.  Келген 
жағыңа қайта бер, өзіңе дұрыс бола ды, – деп жауап берді.
– Менің орным сендердікінен ерекше, – дедім.
– Өзің білесің, – деп кете берді.
Халифаның  сарайына  бардым.  Ол  –  сарайдың  ауласында 
жүр  екен.  Айналасы  толған  жетім-жесір,  шағымданған  кісілер. 
Адамдар көп жиналғандықтан, жолығып сөйлесе алмадым. Бірақ 
дауыстап тұрып, өлеңдетіп жібердім:
Жақсылық пен жомарттықтың Омары,
Мол сыйлық пен сияпаттың Омары.
Мен – Даримнен шыққан Қатандық жігітпін,
Күтіп тұр бауырынан алар қарызын.
Сонда оның баяғы Әбу Яхия деген қызметшісі оған қарап:
– Әмирүл-мүминин! Саған қарсы мен мына кісіге куә болған
-
мын, – деді.
– Білем, – деп, маған қарап: – Ә, Дүкәйн, жақында, – деді. Ал
-
дына келгенімде, маған еңкейіп: «Мәдинеде саған айтқаным есің
-
де ме? Менің нәпсім бір нәрсеге қол жеткізсе болды, одан да жоға
-
рыға ұмтылады деп едім ғой».


 158 
– Иә, айтқаның рас, – дедім.
– Мінеки, мен де дүниедегі биік бір шыңға жеттім. Ол – билік. 
Ал, нәпсім ақыреттік мақсатымды көксейді. Ол – жәннат. Нәпсім 
Алланың  ризашылығын  алғысы  келеді.  Патшалар  билікті  дү
-
ниеде  абырой  алу  үшін  қолданса,  мен  міндетті  түрде  ақыреттік 
абыройға  жетуге  қолданамын.  Ә,  Дүкәйн  осы  мансапты  алғалы 
 
бері мұсылмандардың қаржысынан бір тиын алған емес пін. Өзімде 
мың дирхам ғана бар. Жартысын алып, жартысын маған қалдыр. 
– Маған бергенді алып, еліме қайттым.  уаллаһи, бұ дан артық 
берекелі ақша көрген жоқпын.
***
Ал екінші жағдайды, Яхия ибн Яхия Әл-Ғассани айтып береді. 
Омар ибн Абдүләзиз бір күні «Химс»
1
 қаласының базарларын 
аралап, сатушылармен жолығып, нарық тың қалай боп жатқанын 
сұрастырып жүр екен.  Үс ті не Қатарлық қызыл түсті, сызық-сызық 
шекпен киген бір кісі жақындап:
–  Әмирүл-мүминин,  «Әділетсіздіктен  жапа  шеккендер  болса, 
келсін» деген бұйрығың бар екен, – деді. 
– Иә, – деді Омар.
– Міне, алыс жерден келген, зұлымдық көрген кісі алдыңда тұр.
– Қайда тұрасың? – деп сұрады.
– Аданда, – деді ол.
– Иә, Омардан алыс тұрады екенсің, – деп атынан түсіп, қасына 
барды. 
– Қандай әділетсіздік көрдің? – деді. 
–  Жерімді  ата-тегі  жағынан  сізге  қосылатын  бір  кі сі  тартып 
алды.
Омар кідірместен қолына қалам мен қағаз алып, Аданның әкімі 
Уруаһ ибн Мұхаммедқа хат жазды. «Уруаһ ибн Мұхаммед, хатым
-
ды алысымен мына кі сі нің шағымын тыңда. Кет кен ақысы болса, 
қайта рыңдар», – деп жазып хатты әлгі кісінің қолына ұстатты. Кісі 
кетіп бара жатқанда, Омар оған:
– Тоқтаңыз, сіз алыс жерден келдіңіз. Осы сапарға көп қаржы 
жұмсаған боларсыз. Жол азығыңыз да тауысылған шығар. Жолға 

Сирияның ірі қалаларының бірі, онда қолбасшы сахаба ХӘлид ибн 
Уәлид жерленген.


 159 
жаңа киім сатып алу үшін мал сатқан боларсыз, – деп жол қаража
-
ты мен осы жерге келуге кеткен шығындарды есептеп, қолына он 
бір динар ұстатты. 
– Жүрген жеріңде жар салғайсың, «Осы күннен бастап, қанша
-
лықты алыста тұрса да, өз шағымын жеткізуге кім болса да тайын
-
басын», – деп айта жү ріңіз, – дейді.
***
Ал  үшінші  әңгімені  тақуалығымен  танылған  Зияд  ибн  Мәй
-
сәраһ Әл-Махзуми баян етті. 
Абдуллаһ  Айяш  деген  кісінің  қызметшісі  болатынмын.  Мені 
Мәдинеден Дамашыққа Омар ибн Абдүләзизбен кездесіп, бір жұ
-
мыстарын бітіруге жіберді. Омар екеуі міздің арамызда Мәдинеге 
әкім болған кезінен бері келе жатқан қарым-қатынасымыз бар еді. 
Оның сарайына барып, бөлмесіне кіріп, сәлем бердім:
– Әс-сәләму алейкум! – дедім.
– Уа алейкум әс-сәләм! Зияд, кел, – деп қолын созды. Мен оған 
жақындап  барып,  «Әмирүл-мүминин»  деп  амандасу  керектігі 
есіме түсіп, тағы да:
– Әс-сәләму алейкум, Әмирүл-мүминин! Алла Тағаланың мей
-
рімі мен берекесі болсын! – деп аман дастым.
– Зияд, сенің бірінші берген сәлеміңе жауап бердім ғой. Екін
-
шісіне жол болсын? – деді.
Қасында  хатшысы  бар  екен.  Олар  Басрадан  түскен  арыз-ша-
ғымдарды қарап отыр екен. Хатшысы маған қарап:
– Зияд, отыра тұр. Бітейін деп қалдық, – деді. Мен барып есіктің 
табалдырығына отырдым. Хатшы арыздарды оқыған сайын, Омар 
күрсініп, мазасызданып отырды. Хатшы қолындағы қағаздардың 
бәрін  оқып  біткеннен  кейін  шығып  кетті.  Омар  орнынан  тұрып, 
маған қарай беттеді, алдыма келіп отырды. Қолын тіземе қойып:
– Қош келдің, Зияд! Мына шапаныңмен келіп, біздің көңілімізді 
жылыттың, мына қу дүниенің маша қатта рынан құтқардың, – деді. 
Мен қатты жүннен тоқылған шапан киіп алған едім. 
Кейін  менен  Мәдиненің  сӘлих  кісілерінің  жағда йын  сұрады. 
Әрбір кісіні, әрбір әйелді егжей-тегжейлі сұрап шықты. Біреуін де 
қалдырмады. Мұнан соң әкім болып жүрген кезде берген тапсыр
-
маларын сұ ра ды. Барлығына толық жауап бердім. Қатты күрсініп 
 
алды да:


 160 
– Зияд, Омардың қандай жағдайда екенін көрмей сің бе? – деді.
– Саған жақсылық пен сауап тілеймін, – дедім.
– Жоқ! – деп біраз үнсіз тұрып, еңіреп жылап жібер ді. Жаным 
ашып:
– Әмирүл-мүминин, өзіңе берік бол. Саған тек жақ сылық тілей
-
мін, – дедім. 
– Сенің тілегің артығымен орындалған сияқты. Бі реуді жекісем 
де, мені ешкім жеки алмайтын болды. Біреуді ұрсам да, маған еш
-
кім қол көтере алмайтын болды. Елдің көңілін қалдырсам да, мені 
ешкім ренжіте алмады. 
Тағы да жылауын бастады. Менің де көңілім босап кетті. Қо
-
жайынымның жұмысын бітіргенше онымен үш күн бірге болдым. 
Кетерімде маған қожайыным -нан мені сатып алатынын жазып хат 
ұстатты. 
Төсегінің астынан жиырма динар шығарып:
–  Мынаны  керегіңе  жаратарсың.  Қаржы  үйінен  са ған  қаржы 
бөлінгенде ақша беретін боламыз, – деді. Мен ақшаны алмауға ты
-
рыстым. 
– Жоқ, бұл – қаржы үйінің ақшасы емес, жеке мүл кімнен, – деді. 
Тағы да алмайтынымды айттым. Сонда да қоймай беріп жіберді. 
Мәдинеге келгенімде хатты қожайынымның қолына ұстаттым. 
Ол маған:
–  Саған  еркіндік  беру  үшін  сатуды  өтініпті.  Сені  неге  босат
-
пасқа, – деп, бостандық берді.  


 161 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет