Табигиндер


–  Сендердің  көкейлеріңде  жүрген  сұрақтар  мені  де



Pdf көрінісі
бет47/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР

–  Сендердің  көкейлеріңде  жүрген  сұрақтар  мені  де 
толғандырды. Ұзақ ойландым. Бұлардың қазіргі шабуылына 
қарсы шығудың қажеті жоқ деп білдім. Өйткені бұлар қазір 
алдына  шыққанды  жалмап,  жолындағыны  жұлып  алып 
кететін тасқын селге ұқсайды. Олардың санының көп болуын 
қажет  етпейтін  берік  сенімдері  мен  ықыласты  ниеттері 
бар.  Сауыт  пен  сәйгүліктің  орнын  басатын  имандары  мен 
ақиқаттары  бар.  Біраз  күтіңдер.  Олжаға  батып,  зәулім 
үйлер мен керемет сарайлар соқсын. Күңдер мен малайлары 
көбейсін.  Содан  кейін  араларында  бақталастық,  іштарлық 
басталады. Сол кезде ең жеңіл жолмен, көп күш жұмсамай-ақ 
басып аласыңдар. 
Абдуррахман Әл-Ғафиқи оның сөзіне таң ғалып, іштей қайғыға 
батты. Терең күрсінді. Ештеңе айт пастан мәжілісті бітіріп:
– Намазға барайық, уақыт болып қалыпты, – деді. 
***
Абдуррахман  Әл-Ғафиқи  екі  жыл  бойы  үлкен  ша буылға  дай
-
ындық  жасады.  Әскерді  дайындап,  қару ларын  сайлады.  Ерлерді 
қайрап,  жүректерге  сенім  ұялатты.  Африкадағы  әкіммен  келісіп, 
қайсар жігіт терді алдырды.  
Кейін шекарадағы бекеттердің басшысы Осман ибн Әбу Нусғаға 
хабар жіберіп, негізгі әскер жеткенше дұшпанға кішігірім шабуыл
-
дар жасап тұруға бұйрық берді. 
Бірақ  Осман  алдына  үлкен  мақсаттар  қойған,  аты  жер  жа
-
рып  бара  жатқан  үлкен  қолбасшыларды  көре  алмайтын,  ішітар, 
өз  басының  қамын  ғана  ойлайтын  жігіт  еді.  Оған  қоса  Фран
-
цияға  жасаған  бұрынғы  жорықтардың  бірінде  Аквитания  гер
-
цогының  қызын  қолға  түсірген.  Минин  деген  көрікті  әрі  жас 
қыз  еді.  Сұлулығына  ақсүйектік  қасиеттері  қосылған  бойжет -
 
кен ерекше қылықты болатын. Осман оған бір көрген нен ғашық 
болып, ішкен асын жерге қоятын болды. Өзіне әйел етіп, үйленіп 
те алды. Қыз күйеуін арбап-алдап, айтқанына көндіріп, әкесімен 
бітім жасатқызды. Андалусия бекеттеріне жақын орналасқан қай
-
ын  атасының  әмірлігін  мұсылмандардың  шабуылынан  сақтауға 
келісім жасады. 
Абдуррахман  Әл-Ғафиқидың  Аквитанияның  герцогы,  қайын 


 191 
атасының  еліне  шабуыл  жаса  деген  әмірін  оқығанда,  Османның 
қолынан хат түсіп кетті. Басына жай түскендей болып, не істерін 
білмеді. 
Біраз  ойланып,  Әл-Ғафиқиге  бұл  ойынан  бас  тартуды  өтініш 
етіп хат жазды. Хатта былай деді:
–  Мен  Аквитанияның  герцогымен  жасасқан  келі сім-шартты 
уақыты бітпей бұза алмаймын. 
Мұны естіп, Абдуррахман Әл-Ғафиқи ашудан өрте ніп кете жаз
-
дады.
– Франктармен әміріңнің рұқсатынсыз жасаған ке лісімді әмір 
және мұсылмандардың әскері мойын да майды. Саған берілген бұй
-
рықтарды кідірмей, бұл жытпай орындауың керек!
Ибн  Әбу  Нусға  әкімді  айтқанынан  қайтара  алмайтына  көзі 
жетіп,  үміті  үзілгеннен  кейін,  қайын  атасына  шабарман  жіберіп, 
не болғанын хабарлады. Оған қаруыңды дайындап, атыңды ерттей 
бер деді. 
Бірақ Абдуррахманның тыңшылары Ибн Әбу Нус ғаның әрекет
-
терін бақылап, әкімге дұшпанмен қатынас жасап жатқаны жайлы 
егжей-тегжейлі хабарлап  отырды. 
Әл-Ғафиқи алдын-ала күшті әскерлерді таңдап, олар  дан арнайы 
жасақ құрып, тәжірибелі сардарлардың бірін басшы етіп тағайын
-
дады. Оған Осман ибн Әбу Нусғаны тірі немесе өлі күйінде алып 
келуге әмір берді. Жасақ Ибн Әбу Нусғаның қосынына білдірмей 
келіп, ұстап алмақшы болды. Алайда ақырғы мезетте біліп қалған 
Осман  бірнеше  сарбаздарымен  қашып  үлгерді.  Әрине,  қасынан 
бір елі қалдырмайтын сұлу әйелін өзімен бірге алып кетті. Жасақ 
олардың  соңына  түсіп,  қоршауға  алды.  Осман  өзін  және  әйелін, 
баласын арыстанша қорғады. Қасық қаны қалғанша қар сылық көр-
сетті. Өлгеннен кейін денесінен басын кесіп алуға кел ген әскерлер 
денесінің қылышқа шабылып, найзаға түйреліп түгі қалмағанын 
көрді. Әскерлер оның басын және сұлу ханшаны Абдуррахманға 
әкеп берді. Алдына келгенде оның қаншалықты сұлу еке нін көрген 
әкім көзін алып қашып, әрі қарай сұлулығын байқамауға тырысып 
бақты. Тездетіп халифа орта лы ғына сыйлық ретінде жіберуге әмір 
берді. 
Сұлу ханшаның өмірі Дамашықта Үмәйяһ ұрпа ғы ның табалды
-
рығында бітті.   


 192 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет