197
оғы келіп тиді. Батыр атынан тау құлағандай сұлап түсіп, шайқас
майданында қаза тапты.
Жығылғанға жұдырық дегендей, қолбасшының қа за болғанын
көрген мұсылмандардың жүректеріне үрей мен қорқыныш ұяла
-
ды. Жау да шабуылға көшті. Олар дың шабуылын түн қараңғылығы
ғана тоқтатты.
Таңертең Карл Мартелл мұсылмандардың Пуатьеден шегініп
бара жатқанын көрді. Соңынан қуып соғысуға батылы жетпеді.
Қуғанда, жоқ қылар еді. Бірақ ол бұлардың түнде ойластырған қу
-
лықтарының бірі, құрған тұзақтары деп ойлады. Ұлы жеңісті той
-
лап отырған жерінде қалды да қойды.
«Шәһидтер сарайы» шайқасы тарихтағы шешуші ұрыс болды.
Мұсылмандар ең асыл үмітінен айрылды. Ең ұлы батырынан ай
-
рылды. Ухуд шайқа сының
1
қасіреті қайталанды. Алла Тағаланың
пенде леріне берген тағдыры. Алланың тағдырын өзгерте алмай
-
сың.
«Шәһидтер сарайы» шайқасы жайында қайғылы хабар бүкіл
мұсылман дүниесін дүр сілкіндірді. Жүректер қасіретке толып,
шаңырақтар шайқалды. Оның жарасы әлі күнге дейін жазылмай
келеді.
Бұл қасірет тек мұсылмандардың жүрегіне ғана жара салып қой
-
май, кейбір еуропалық даналардың да қайғысына айналды. Олар
Пуатьедегі жеңісті адамзат баласының жасаған ең ауыр қателігі
деп санады. Еуропа сол күні көп нәрсені жоғалтты. Бұл – адамзат
өркениетінің дамуына үлкен кедергі жасаған жеңіс деп есептеді.
Бұл жайында француз зиялыларының бірі былай дейді:
«
Карл
Мартелл мұсылмандарды және олардың қол басшысы Әл-
Ғафиқиды кездейсоқ жеңбегенде, Еу ропаға өркениеттің келуі
сегіз ғасырға кешікпейтін еді. Орта ғасырдың қасіретін бастан
өткермейтін еді. Діни секталар арасында туған қанды қақтығыстар
мен жаппай қырып жоюды бастан кешпейтін еді.
Иә. Пуатьедегі тағылық жеңіс болмағанда, Испания әлі күнге
дейін Ислам толеранттығымен гүлденіп тұрар еді. Тарих инкви
-
зиция дегенді білмеуші еді. Мәдениет пен ғылым сегіз ғасырға
кешікпес еді. Сол жеңіс жайында түрлі пікірлер айтылса да,
біздің
1
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) кезінде Мекке мүш риктерімен бол ған шайқас.
Сонда
мұсылмандар жеңіліп, Исламның арыстаны Хамзадан (р.а.) айрыл ған.
198
өркениет ғылымда, өнерде және индустриялық дамуда мұсылман
-
дарға қарыздар. Олар адамзат өркениетінің кемеңгер үлгісі екенін
мойындауымыз керек. Сол уақытта біз жабайы ел едік. Заман ке
-
зек, мұсылмандардың қазіргі жағдайы біздің орта ғасырлардағы
жағдайымыз сияқты дегеннің бәрі жалған».
َ
ӘН-НӘЖӘШИ
Әсхамәһ ибн Әбжәр
«Нәжәши қайтыс болғаннан кейін, оның қабі рінен әлі нұр көрініп тұр деп
әңгіме қылушы едік»
Достарыңызбен бөлісу: