СӘЛИМ ИБН АБДУЛЛАҺ ИБН ОМАР
Омар Әл-Фәруқтың немересі
«Сәлим – хадиске бай, риуаяты сеніммен қабылдана-
тын, риуаятшы кісілердің ішінде жо ғар ғы орында тұрған жан, ол өте құдай-
шыл еді»
(Ибн Сағд).
Әл-Фәруқтың (р.а.) дәуірі. Мына Мәдине қаласы парсы
-
лардың соңғы патшасы Яздажурдтың мүлкін олжалап, үлкен
жеңісті тойлап жатыр. Олжа ретінде көптеген гауһар таспен без
-
ендірілген тәждер, інжу тас ты белбеулер, жақұт, маржанмен
безендірілген алтын сапты қылыштар әкелінді. Осы асып төгіл
-
ген дүние-мүлікпен бірге көптеген тұтқындар құлдыққа сатыл-
ды. Араларында Яздажурдтың үш қызы бар еді. Әли ибн Әбу Та
-
либ оларды сатуға ұсыныс білдірді. Қыздарды алуға үміткер боп
мұсылмандардың менмін деген жігіттері қатысты. Біреуін Әл-
Хусәйн ибн Әли, Пайғамбардың (с.а.у.) жиен немересі сатып алды.
Ол оған Зәйнүл–Абидинді туып берді. Екінші сін Әбу Бәкірдің
(р.а.) ұлы Мұхаммед сатып алды. Ол Мұхаммедқа Мәдиненің жеті
ғұламасының бірі Әл-Қасымды туып берді. Үшіншісін Халифа
Омардың ұлы Абдуллаһ алды. Ол Әл-Фаруқтың немересі, одан ау
-
май қалған Сәлимді туды.
Сәлим ибн Абдұллаһтың өмір жолына үңіліп кө рейік, Алла
оның әкесіне, атасына разы болсын!
Сәлим ибн Абдуллаһ Алланың елшісі (с.а.у.) жер ленген, һижрат
176
үйі – Мәдинеде өмірге келді. Пайғамбарлар өмір кешкен ортада,
уахи түскен жерде өсіп ер жетті.
Ғибадатшыл, дін десе ішкен асын жерге қоятын, күндізі – ораза,
түні – ғибадат болған әкесінің қолын да тәрбие алып, оның жақсы
мінез-құлқын бойына сіңірді.
Әкесі одан тақуалықтың белгілерін, тура жолға деген ықыла
-
сын байқап, мұсылмандық сипаттары мен Құранның берген құн
-
дылықтарын бойына сіңіріп, екі ағасынан асып түскеніне көңілі
толды. Оны қатты жақсы көргені соншалықты, оған деген сүй
-
іспеншілік жүрегінің тамыр-тамырларына дейін бойлағаны сон
-
дай, адамдар оны сол үшін жазғыратын болды. Бұл болса, оларға
мына өлең жолдарымен жауап қайырды:
Сәлим үшін ұрсады маған,
Бағым ғой ол, маңдайыма қонған.
Оған Пайғамбарымыздан (с.а.у.) естіген, түсінген хадистерді
мейлінше жаттатқызып, Алланың дінін тү сіндіріп, Құран Кәрімді
жаттатқызып, Мәдине ме шітіндегі ғылым алқаларына жіберді.
Ол кезде Пайғамбар (с.а.у.) мешітінде сахабалар дың тірі
қалғандары бар еді. Мешіттің қай бұрышына отырса да, көз ал
-
дына Пайғамбарлықтан қалған нұр, елшіліктен қалған шуақ түсті.
Жанарын қайда жіберсе де, құлағын қайда түрсе де, жақсылық
пен игілік жа йында көріп, естіді. Ұлы сахабалардан көптеген ха
-
дистер алуға мүмкіншілік болды. Олар: Әбу Әйюб Әл-Аңсари,
Әбу Һурайраһ, Әбу Рафиғ, Әбу Лүбәбәһ және Зәйд ибн Әл-Хат
-
таб. Олардың қатарына, әрине, әкесі де кіреді. Көп ұзамай ол
мұсылмандардың ға лым дарының бірі, тәбиғиндердің дара мы
-
рзасы болып шықты. Мұсылмандардың діндеріндегі білім
-
де – пана, Раббыларының шариғатында дана болып, адамдар
оған дін және дүние мәселерін сұрап келетін болды. Уәлилер қа
-
зыларына бұл ғұламалардың пікірімен санасуға бұйрық берді.
Шешуге тиіс істерді олармен бірге талқылап, нақты шешімді сол
арқылы қабылдайтын болды.
Ол ең бақытты, халық алдында абыройлы, Халифаның алдында
ұстанымына берік әкім болды. Басқалар Сәлим ибн Абдұллаһпен
кеңесіп, пікірімен санасатын еді. Ал оған қарсы шыққандар Мәди
-
неде көп тұра алмай, қызметінен айрылатын еді.
Язид ибн Абдүлмәликтің дәуірінде Мәдинеге Абдуррахман ибн
Әд-Даххак деген әкім келді. Әл-Ху сәйннің (р.а.) қызы Фатима же
-
177
сір қалып, балаларынан басқа ешкімге көңіл аудармай, аза тұтып
жүрген еді. Ибн Әд-Даххак келіп, оны айттырды. Оған ұлы саха
-
баның қызы:
– уаллаһи! Мен тұрмысқа шығуды қаламаймын. Өмі рімнің
қалғанын балаларыма арнаймын, – деп жауап қайырды.
Осылай Абдуррахман ибн Әд-Даххак Фатимаға қысым жасай
-
ды. Жесір де бәлесінен қорқып, сыпайы түрде бас тартып жүрді.
Қарсы болғанын білген Абдуррахман:
– Маған тұрмысқа шықпасаң, ең үлкен ұлыңды ішімдік ішті деп
айыптап, дүре ұрғызамын, – деп қорқытты.
Фатима Сәлим ибн Абдұллаһпен ақылдасты. Сәлим оған хали
-
фаға өзінің Пайғамбарға (с.а.у.) бір табан жақын, оның әулетінің
мүшесі екенін ескертіп арыз жазуды айтты. Хатты жазып, Да
-
машыққа шабарманы арқылы беріп жіберді.
Шабарман жолға жығар-шықпастан, Ибн Хурмуз деген Қаржы
үйінің бастығы есеп беру үшін Дамашыққа баратын болды. Ибн
Хурмуз достарымен қоштасып, Фатиманың да дұғасын алып
кетпек болды.
– Дамашыққа бара жатырмын, сіздің бұйымтайы ңыз бар ма? –
деп сұрады Әл-Хусәйннің қызынан.
– Иә, халифаға Ибн Даххактан көрген қорлы ғым-
ды жеткіз. Маған тисіп жүргенін айт. Мәдине ға лым дарын сыйла
-
удан қалды, әсіресе Сәлим ибн Абдұл лаһты, – деді ол. Ибн Хурмуз
Фатимаға келгеніне іштей өкінді. Әкім жайында халифаға арызда
-
натын болғанын ойлап қиналды.
Фатима бинті Әл-Хусәйннің шабарманы жеткен күні Да
-
машыққа Ибн Хурмуз да келді. Халифаға кіргенде одан Мәдиненің
жағдайын, Сәлим ибн Абдуллаһ пен басқа да ғұламалардың халін
сұрады.
– Айтуға тұратын жаңалықтар бар ма? Менің араласуымды
мұқтаж ететін мәселелер болса, айт. Ибн Хурмуз Фатиманың да
халін және әкім мен Ибн Сәлимнің арасындағы жағдайды айтпай,
үндемей отырды. Осылай есеп беріп отырғанда күзетшілердің бірі
кіріп:
– Өміріңіз ұзақ болсын, халифа! Әл-Хусәйннің қызы Фатима
-
дан шабарман келді, – деді. Сонда Ибн Хурмуз дың түрі өзгеріп,
халифаға:
– Алла халифаның өмірін ұзақ қылсын, Әл-Ху сәйн нің қызы
178
Фатима сізге сәлем айтып жіберіп еді, – деп болған жайды айтып
берді. Халифа жағдайды естіп орнынан тұрып кетті.
– Сен оңбайсың! Мәдинедегі жаңалықтарды сұрап едім ғой.
Осындай жағдайды біле тұрып қалай жасырып келдің?!
Ибн Хурмуз: «Ұмытып кетіппін» деп кешірім сұрады.
Шабарманды кіргізуге рұқсат берді. Хатты алды. Ашып оқыды.
Оқыған сайын ашу-ызасы бетіне шығып, көзі оттай жана бастады.
Хатты оқып тұрып:
– Ибн Даххак Алла Елшісінің әулетіне қысым жа сауға батылы
жетіпті. Сәлим ибн Абдұллаһтың насихатына құлақ аспапты!
Осында тұрып Мәдинеден даусын есітердей азаптайтын адам бар
ма оны?
– Иә, бар, тақсыр! Абдуллаһ ибн Бишр Ән-Надри. Соған тапсы
-
рыңыз, ол қазір Тайфта тұрады.
– Иә, сол бар екен ғой, уаллаһи, соған тапсыру керек, – деп
ашуға булықты халифа. Қағаз бен қалам алдыртып, өз қолымен
отырып хат жазды:
«Әмирүл-мүминин Язид ибн Абдүлмәликтен Абдуллаһ ибн
Бишр Ән-Надриге. Сені Мәдинеге әкім етіп тағайындадым. Осы
хатымды алған бойда Мәдинеге барып, Ибн Даххакты жұмысынан
босат. Қырық мың динар көлемінде айыппұл сал. Азаптағаныңда
оның даусын Мәдинеден осында отырып еститін болайын».
Хатты алған шабарман Тайфқа бару үшін жедел түр де жолға
шықты. Жолай Мәдинеге аялдады. Шабарман Мәдинеге жеткенде
бұрынғысынша Ибн Даххакқа соқпады. Бұдан әкімнің өзі күдік
-
теніп, сескене бастады. Бір нәрсенің болғанын сезген Ибн Даххак
оған адам жібертіп, үйіне шақыртып алды. Одан не себеп ті асығыс
түрде Тайфқа бара жатқанын сұрады. Шабарман да аузын ашпады.
Сонда әкім төсегінің шетін көтеріп:
– Мұнда мың динар жатыр. Не үшін Тайфқа бара жатқаныңды
айтсаң, сенікі. Айтқаның жайында еш кімге тіс жармаймын – деді.
Шабарман бар білетінін айтып берді. Сонда Ибн Даххак:
– Сен осында үш күн, үш түн демалып, қонағым бол. Да
-
машыққа мен жетіп алғаннан кейін бара бер – деді.
Ибн Даххак атын ерттеп, Дамашыққа жолға шықты. Шамға ба
-
рып, халифаның інісі Мәсләмәһ ибн Абдүл мә ликке кірді. Ол өте
кешірімшіл, ақкөңіл кісі еді.
– Сізден пана іздеп келдім.
179
– Тыныштық па?
– Әмирүл-мүминин маған өте ызалы. Менен бір қателік кетті.
Мәсләмәһ дереу Язидтің алдына кіріп:
– Әмирүл-мүмининге өтінішім бар, – дей бергенде, халифа:
– Ибн Даххактан басқа өтінішіңнің бәрі орындалады, – деді.
– Иә, уаллаһи сол үшін келген едім, – деп таң қалды.
– Алла Тағаламен ант етемін, ешқашан кешір меймін.
– Кінәсі не?
– Фатима бинті Әл-Хусәйнге тисіп жүр екен. Тіптен, қорқытып
мазасын алыпты. Сәлим ибн Абдұллаһтың қой дегеніне де көн
-
бепті. Мәдине ақындары оны қат ты сынап, сӘлихтары мен ғұла
-
малары айыптап отыр екен. Мәсләмәһ бәрін естіп:
– Өзіңіз білесіз, бұл іске мен ара түсе алмаймын, – деді ағасына.
– Жаңа тағайындалған әкімге менің үкімімді орындау үшін Мә
-
динеге аттануға бұйрық бер. Қалған әкімдерге бұл жай сабақ, –
деді інісіне халифа.
Мәдине халқы жаңа әкімдерін қуанышпен күтіп алды. Әсіре
-
се, жаңа әкімдерінің Ибн Даххакты жазалау үшін халифаның бұй
-
рығын орындауға келгені оларға қатты әсер қалдырды. Ол жақ
-
сылық жолында жүріп, маңызды істер дің бәрін Әл-Қасым ибн
Мұхаммедпен және Сәлим ибн Абдұллаһпен кеңесіп шешкендік
-
тен, халықтың қол дауына кенелді.
Мұсылмандардың халифасы Язид ибн Абдүл мәлик қандай дана
тұлға еді! Осындай өнегелі жолды ұстанған ол, талай ұлы тұлғал
-
дарды өмірге әкел ген Ислам дінінің туын жоғары көтерді. Сәлим
ибн Абдуллаһ ибн Омар ибн Әл-Хаттабтың өмірін екінші қырынан
қарайтын бөлімде кездескенше!
180
Достарыңызбен бөлісу: |