Табигиндер


«Сүр  үрленген кезде, сол күні араларыңда туысқандық болмайды»



Pdf көрінісі
бет41/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР

«Сүр 
үрленген кезде, сол күні араларыңда туысқандық болмайды»
1
.
 
Ал, атамның шапағаты жайында Алланың мына сөзі бар: 
«Разы 
болғандарға ғана шапағат етеді»
2
. Алланың мейірімі жайында: 
«Әлбетте, Алланың мейрімі – мухсиндерге (кәміл жақсылық 
жасаушыларға) жақын»
3
, – деген екен. 
***
Зәйнүл-Абидиннің  тақуалығы,  мәшәАлла,  жақ сы  қасиеттерін, 
жомарттығын және қайырымдылы ғын арттырды. Деректі шығарма 
жазушылар оның өмір баянын қағаз бетіне түсіріп, оның өміріндегі 
таңдай қақтырарлық ғибратты оқиғаларды жазды. Кітап бет терін 
оның жомарт сипаттарымен толтырды. Солар дың бірінде Әл-Ха
-
сан ибн Әл-Хасан былай деп жазады:
Немере ағам Зәйнүл-Абидинмен арамызда келіс пеушілік туып, 
ара қатынасымыз суып кетті. Мешітке іздеп барсам, достарымен 
отыр екен. Оған қатты ашуланып, айтарымды айтып кеттім. Маған 
бір ауыз сөз қайтармады. Сол түні біреу есікті қағады. Шықсам, 
1 Мүминун сүресі, 101-аят.
2 Әнбия сүресі, 28-аят.
3 Ағраф сүресі, 56-аят.


 165 
Зәйнүл-Абидин  тұр.  Маған  бағанағы  айтқан  сөздеріме  қарымта 
қайтаруға келген екен деп ойладым. Бірақ ол:
– Бауырым! Айтқаның рас болса, Алла мені кеші р сін. Айтқа
-
ның рас болмай шықса, Алла сені кешір сін, – деп сәлем беріп кетіп 
қалды. Артынан жүгіріп барып тоқтаттым: 
–  Кешір,  екінші  рет  қайталанбайды,  –  деп  кешірім  сұрадым. 
Маған жаны ашып:
– Бұлай айтқаның саған жараспайды, – деді. 
***
Мәдине тұрғындарының бірі былай дейді:
Зәйнүл-Абидин мешіттен шыққаннан-ақ соңына түсіп, балағат 
сөздерді  жаудырдым.  Неге  бұлай  ет кенімді  өзім  де  білмеймін. 
Естіген адамдар жиналып мені ұстап алуға тырысты. Ұстаса, аман 
қалуым екіталай еді. Ол әлгі адамдарға қарап: 
– Қоя беріңдер! – деді. Олар мені жіберді. Шошып кеткенімді 
көріп, маған жақындап, күлімсіреп, сабама түсіріп, жұбатып: 
– Бізді білетін нәрсеңді айтып балағаттадың. Біл мейтін нәрсең 
одан  да  көп.  Мұқтаж  болып  жүрген  нәрсең  бар  ма?  –  деп  сұра
-
ды. Мен ұялғанымнан еш нәрсе айта алмадым. Менің қатты қын
-
жылғанымды көріп, өз шапанын кигізді. Мың дирхам беруге бұй
-
рық берді. 
Сол оқиғадан кейін оны көрген сайын ішімнен «Сенің – Пай
-
ғамбардың  (с.а.у.)  ұлдарының  бірі  екеніңе  куәлік  етемін»  дейтін 
болдым. 
Оның қызметшілерінің бірі былай дейді:
Әли  ибн  Әл-Хусәйннің  малайы  едім.  Бір  нәрсеге  жұмсап  еді 
кешігіп келдім. Мені қамшымен тартып қалды. Мен ызадан жы
-
лап жібердім. Өйткені ол бұрын-соңды біреуге қол жұмсап көрген 
емес еді. Оған мен:
–  Алла!  Алла!  Уа,  Әл-Хусейннің  ұлы  Әли,  мені  өз  қажетіңе, 
пайдаңа  жұмсап  болғаннан  кейін  ұрасың  ба?  –  дедім.  Сонда  ол 
жылап тұрып маған:
– Пайғамбардың (с.а.у.) мешітіне барып екі рәкат намаз оқып, 
«Алла Тағалам, Әли ибн Әл-Хусәйнді кешіре гөр» деп дұға ет. Ба
-
рып,  дұға  етсең,  Алла  ризалығы  үшін  босатамын,  –  деп  бұйрық 
берді.


 166 
Мешітке барып намаз оқып, айтқанын істедім. Оның үйіне қай
-
тқанда мен еркін адам едім. 
Алла Тағала Зәйнүл-Абидиннің рызығын мол қыл ған екен. Сау
-
дасынан үлкен кіріс түсетін. Қызметшілері еккен егіннен де жақсы 
өнім алатын еді. Саудасы мен шаруа шылығы ол үшін береке мен 
мол қаржының көзі еді. Бірақ Зәйнүл-Абидин байлығын бұлдап, 
көкірегін  кө терген  емес.  Нығметке  бөленіп,  асып-тасып  кеткен 
жоқ.  Дүниедегі  мал-мүлікті  ақыретке  кеме  ретінде  жұмсайтын. 
Оның  байлығы  сәлих  құлдарға  берілген  үлгілі  байлық  еді.  Оған 
қайрымдылық істерінің ішінен ең жағымдысы – құпия садақа беру 
болатын. Қараңғы түнде адамдар шырт ұйқыға кеткенде ұрылар
-
ша  баспалап,  денесінің  нәзіктігіне  қарамастан,  ұн  толған  қапты 
арқалап,  қараңғы  көшелерде  жүріп,  мұқтаж  жан дарға  білдірмей 
садақа тарататын. Мәдиненің кей бір тұр ғындары рызықтарының 
қайдан келгенін біл мей өмір сүретін еді. Әли ибн Әл-Хусәйн қай
-
тыс болған кезде олардың да рызықтары тоқтады. Сонда ғана олар 
бұл азық-түліктің қайдан келгенін білді. 
Зәйнүл-Абидин мәйітін жуып жатқандар оның ар қасындағы қа
-
рауытқан таңбаларды көріп: «бұл не?» десті. Олар бір-біріне:
– Мәдинедегі жүз үйге үздіксіз тасылған азық-түлік салынған 
қаптардың  ізі.  Олар  қазір  бұл  кісімен  бірге  асыраушыларын  да 
жоғалтып алғандай болды, – десті.
Ал Әли ибн Әл-Хусәйннің құлдарды азат етуі жа йында көптеген 
әңгімелер бар. Жолаушылар осы әңгі мелерді айтып күн батырып, 
таң атырушы еді. Өйткені оның бұл ісі адам қиялы жете бермейтін, 
кісінің ойына кіріп шықпайтын ізгі істер еді. Құлды жақсы жұмыс 
істегені үшін босатып жіберетін. Жаманшылық жасап тәубе ге кел
-
се де, оның тәубесіне сый ретінде бостандық беретін. Риуаяттар 
бойынша,  ол  мыңнан  артық  құлға  бостандық  берген  екен.  Ма
-
лайларын немесе күңдерін бір жылдан артық ұстамай, бостандық 
беріп жіберген екен. Әсіресе, Ораза айт кезінде көптеген құлдар-
ға бос тандық беретін. Алла Тағаланың қалауымен сол түні қара
-
мағындағы құлдардың бәрін босатып жі  бе ретін болған. Олардың 
бар сұрайтыны – қыбылаға бұрылып, «Уа, Алла Тағалам, Әли ибн 
Әл-Хусәйнді кешіре гөр» деу ғана еді. Осылайша Ораза айт және 
Құрбан айт деп екі мереке етіп, қуаныштарына қуаныш қосатын.
Әли  ибн  Әл-Хусәйн  сияқты  халықтың  сүйіспенші лігі  мен 
құрметіне  кенелген  жан  болған  емес.  Оны  халық  ерекше  жақсы 


 167 
көретін.  Қадірлеп  қастерлейтін.  Араларында  болуын  қалайтын, 
көздерінің қарасындай ардақтайтын, шын жүрегімен сүйетін. Үй
-
іне  кіріп-шығып  жүрген  жерінен,  немесе  мешітке  бара  жатқан 
жерінен көріп, сүйсінетін. 
Һишәм  ибн  Абдүлмәлик  Меккеге  қажылық  жасауға  барыпты. 
Ол сол күндері әлі тақ мұрагері еді. Қағбадағы қара тасты сүю
-
ге құштар болып келген. Айналасында ғы жауынгерлер адамдарға 
ескертіп, жол ашып келеді. Бірақ бірде-бір адам оларға көңіл ауда
-
рып, жол беруге ниет білдірмеді. Үй – Алланың үйі, адамдардың 
бәрі – Оның құлдары. Солай тұрғандарында, «Алладан басқа құдай 
жоқ, Алла – ең ұлық» деген сөздер алыстан естілді. Адамдардың 
бәрі сол жаққа мойындарын созды. Бір топ адаммен бірге сұңғақ 
бойлы, нұрлы жүзді бір кісі келе жатыр екен. Жүзінде парасат пен 
ізгілік нұры бар. Жұрт сияқты қарапайым көйлек пен шалбар ки
-
ген. Қақ маңдайында сәжде ізі бар. Халық оған сапқа тұрғандай 
жапырылыса  жол  ашып,  қара  тасқа  жеткенше  сағынышқа,  сүй
-
іспеншілікке толы көзбенен күтіп алып, шығарып салып жатыр. 
Осы кезде сарай кісілерінің бірі Һишәм ибн Абдүл мәликке қа
-
рап: 
– Адамдардың бәрі құрметтеген, осылай қадірлеп-қастерлеген 
бұл кім болды? – деп сұрады. Һишәм:
– Білмеймін, – деп жауап берді. Араларында Фа раздақ ақын бар 
еді. 
– Бұл кісінің кім екенін Һишәм білмесе, мен бі лемін, бүкіл ха
-
лық біледі. Бұл – Әли ибн Әл-Хусәйн, Алла өзіне, әкесіне және ата
-
сына разы болсын! – деп, Үмәйяһ ғасырының ұлы ақындарының 
бірі Фараздақ жырлай жөнелді. Оның өлеңінің жалпы мағынасы 
мынаған саяды:
Оның басқан жерін біледі «Батха»
1
 
Бұл Алла құлдарының ең сүйіктісінің ұлы.
Бұл – тақуа, таза әрі ғалым
Білмесең біліп ал, Фатиманың ұлын. 
Атасымен бітірген Алла Пайғамбарларын,
«Бұл кім?» деп сұрауың,
Оның абырой-атағына көлеңке түсіре алмайды.

Харам мешітінің тұсындағы сел жүретін жер.


 168 
Бәріне пайдасы тиген екі қолы.
Мейірім-қайырымы жоқ   -жітікке нұрлы жаңбырдай
Мінезі жұмсақ, жүрегі дархан.
«Жоқ» деген сөзді білмейтін,
Тек «Иә» деп сөйлейтін.
Жаны жайсаң жомарт.
Жақсылығы таралған шартарапқа,
Алақаны мақтадай, иісі жұпар.
Ақылға кемел, ажары көркем
Түп-тамыры, табиғаты, мінез-құлқы
Шығады бөлініп Алланың Елшісінен.
Алла  Тағала  Елшісінің  жиен  шөбересіне  разы  бол сын!  Ол 
Алладан жұрт көзінше де, ешкім жоқта да қорқатын. Сондай-ақ, 
ол Алланың азабынан қорқып, жүрегі шайлыққан, сауа бын тілеген 
жандардың ерекше бір абзал бейнесі еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет