ШУРАЙХ ӘЛ-ҚАДИ
«Осы ғылымға қалай жеттің?» – деп Шурайхқа сұрақ қой
-
ылғанда, ол: «Ғалымдардан алғаным ды оларға беріп талқылаумен
жеттім», – деді».
(Суфян Әл-Әуси).
Әмирүл-мүминин Омар ибн Әл-Хаттаб (р.а.) көш пелі арабтар
-
дың бірінен ат сатып алып, құнын төлеп, мініп алып, шауып кетті.
Көп ұзамай ат ақсап қалып шабуын тоқтатты. Омар (р.а.) тоқтап,
атты алған же ріне қайтып барды.
– Атыңды қайтып ал, ақсақ екен, – деді ат сатқан кісіге.
– Уа, Әмирүл-мүминин, алмаймын. Саған сатқанда сап-сау бо
-
латын.
– Онда екеуіміздің дауымызға төрелік айтатын әділ қазы тағай
-
ында.
– Арамызда Шурайх ибн Әл-Харис Әл-Кинди қазы лық қылсын.
– Жарайды, келістік, – деді Омар.
Сөйтіп Омар (р.а.) және аттың иесі Шурайхтың алдына келіп
жүгінді. Әлгі кісінің сөзін тыңдап болған Шурайх Омарға (р.а.) қа
-
рап:
– Атты алған кезіңізде сау ма еді?
– Иә, – деп жауап берді Әмирүл-мүминин.
– Уа, Әмирүл-мүминин, сатып алған нәрсең өзіңде қалсын не
-
месе қалай алдың солай қайтар.
55
– Қазылығыңыз осы ғана ма? – деп, Омар Шурайхқа таңдана
қарады.
– Нақты сөз, әділ үкім.
– Куфаға бар, сол жаққа сені қазы етіп тағайында дым, – деді
Омар (р.а.).
***
Омар (р.а.) Шурайх ибн Әл-Харисты Куфа қаласы на қазы етіп
тағайындаған кезде, ол – қоғамда өзіндік орны бар, сахабалар мен
тәбиғиндердің, ғалымдар мен ғұламалардың арасында салмағы
бар жан еді.
Сахабалар мен тәбиғиндердің алдыңғы қатарда ғы ғұламалары
Шурайхтың даналығын, алғыр ақылын, кемел мінезін және өмір
-
лік терең тәжірибесін жоғары бағалайтын еді.
Ол – Иемендік Кинда тайпасынан шыққан, өмірі нің елеулі бөлі
-
гін жаһилият дәуірде өткізген тұлға.
Араб түбегі Ислам нұрымен нұрланып, тура жол дың шуағы Ие
-
мен еліне де жеткен кезде, Шурайх Аллаға және Оның Пайғамбарына
(с.а.у.) бірінші болып сенген, тура жол және ақиқат дағуатын қабыл -
даған алдыңғы қатардағы адамдардың бірі.
Оның артықшылықтары мен ерекшеліктерін біле тіндер онымен
Пайғамбардың (с.а.у.) сенімді серігі дәрежесіне көтерілмей тұрған
-
да кездесе алмаған да рына, оның таза бұлағынан тікелей ішуге
мүмкінші лік болмай қалғанына қатты өкінетін еді. Иман нығме-
тіне кенелгеннен кейін сахаба болып, жақсылықтың барлығын қа
-
сына жинау тағдыры маңдайына жазылмапты.
Шурайх мұсылмандар арасында алпыс жылдай қа зылық қылып,
ел ішіндегі дауларды шешіп келді. Оның сот ісінде қалуына Омар
-
дан бастап, Осман, Әли және Мұғауияһ себеп болды. Олардың
барлығына Алла разы болсын.
Сонымен қатар, Үмәйяһ ұрпақтарынан шыққан халифалар тұ
-
сында да қазы болып қала берді. Тіптен Ирактың әкімі Әл-Хәжжәж
-
дың өзі де қазылықтан алып тастауға талай рет халифаларға өтініш
жасағаны мен, орнынан қозғалта алмады. Мұсылмандардың мақта-
нышы болған жанның 107 жылдық өмірі тура жолда, әділдікті
қорғауда өтті.
Ислам сот жүйесі Шурайхтың ұстанымдарымен ба йып, дамып
отырды. Оның ұстанымдары мен әдістерін әлі күнге дейін мұсыл
-
56
мандар өздерінің сот жүйелерінде қолданып келеді. Оның әділ
шешімдері, ерен еңбегі, ғибратты сөздері, ол жайында айтылған
әңгімелер айта берсе өте көп, бір кітапқа сыймайды.
Бір күні Әли ибн Әбу Талиб өзі өте жақсы көре тін сауытын
жоғалтып алады. Куфа базарына аралап жүріп, жоғалтқан сауытын
басқа діннің адамының сатып тұрғанын көреді. Жанына барып:
– Мынау – менің сауытым, пәлендей күні түнде түйе үстінде
келе жатқанда түсіп қалған, – дейді Әли (р.а.).
– Бұл – менің көптен бері қолданып жүрген сауытым,
Әмирүл-мүминин! – деп жауап береді басқа дін өкілі.
– Бұл – менің сауытым, мен оны ешкімге сатқан да, сыйлаған
да емеспін, бұл саған қалай келіп қалды? – деп Әли (р.а.) әңгіменің
шындығын айтады.
– Арамыздағы дауды мұсылмандардың қазысы ше ш-
сін, соған барайық, – дейді әлгі кісі.
Олар Шурайхқа жүгінеді. Сонда Шурайх:
– Әмирүл-мүминин, сіздің сөзіңізді тыңдайық? – дейді.
– Менің пәлендей күні түнде, пәлендей жерде тү йемнен түсіп
қалған сауытты мына кісінің қолынан көрдім. Мен оған сатқан да,
сыйлаған да емеспін, – деп жауап береді Әли (р.а.).
– Сен не айтасың? – деп ана кісіден сұрайды.
– Сауыт – менің қолымда. Демек, менікі, бірақ «мұ сылмандардың
басшысын өтірік айтты», – деп айыптамаймын, – деп жауап береді
ана кісі. Шурайх Әлиге (р.а.) қарап:
– Сіздің айтып тұрғаныңыздың бәрі – шындық. Сауыт та – сіздің
сауытыңыз. Бірақ сіздің сөзіңізді растау үшін екі куә керек.
– Иә, куәлар бар. Олар – құлым Қамбар және ұлым Әл-Хасан.
– Әмирүл-мүминин, баланың әкесіне берген куәлігі жарамай
-
ды. Әли (р.а.) таңданып:
– Жәннат тұрғынының куәлігі қалай жармайды. Алла Елшісінің
(с.а.у.) «Әл-Хасан мен Әл-Хусәйн – жәннаттағы жастардың мырза
-
сы» деген хадисін ес тімеп пе едің? – деді. Сонда Шурайх:
– Білемін, Әмирүл-мүминин! Бірақ баланың әкесіне куәлік ет
-
кенін дұрыс деп есептемеймін. Сол кезде Әли (р.а.) басқа діндегі
әлгі адамға қарап:
– Ала бер. Екеуінен басқа куәм жоқ, – деген кезде, әлгі кісі:
– Сауыт – сіздікі, Әмирүл-мүминин! Мен куәлік кел тірейін
сол үшін. Басшылары менімен қазыларының алдында дауласады.
57
Қазылары да басшысын қолдамай, әділдікпен менің мүддеме сай
шешім қабылдайды. Осындай істерге бұйрық беріп отырған дін –
ақиқат. Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның құлы әрі Пай
-
ғамбары екеніне куәлік келтіремін. Уа қазы, бұл сауыт – мұсыл
-
мандар әмірінің сауыты. Сиффинге шы ғып бара жатқан әскердің
соңына түсіп жүргенімде, осы сауыттың оның түйесінен түсіп
қалғанын көрдім.
Әли (р.а.) оған қарап:
– Енді Ислам дініне кірдің, осы сауытты саған сыйладым және
мына атты да саған сыйладым, – деп, алдына өзінің атын тартты.
Осы оқиға өткеннен кейін көп ұзамай Нахрауан шайқасы бол
-
ды. Сонда Исламға жаңадан кірген әлгі жігіт Әлидың (р.а.) туының
астында хауариждермен шайқаста қаза тапты. Осылайша Әлимен
(р.а.) таласып, Ислам дініне кіріп, оны жақтап, шайқаста шәһид
болды.
***
Шурайхтың әділдігі жайындағы оқиғалардың бірі ретінде
мынаны айтуға болады. Бір күні ұлы оған:
– Бір кісілермен дауым бар еді. Қалай болғанын сізге айтып бе
-
рейін. Соттасқанда мен хақ болып шықсам, онда соттасайын. Егер
олардың дәлелдері басым болса, онда мен олармен соттаспай,
келісімге келейін, – деп болған жайды айтып береді.
– Онда бар, соттас! – деп ұлын жібереді.
Ұлы әлгі кісілермен дауласып келгенде, іс қарсы жақтың пайда
-
сына шешіліп, баласы олардың айтқанын істеуге мәжбүр болады.
Үйге келгенде ұлы Шурайхқа:
– Мені масқара қылдыңыз ғой, әке! Сізбен ақыл дас пағанда, Сіз
-
ге ренжімес едім, – деп өкпесін біл діреді.
– Балам, мен үшін дүниеде сенен артық жан жоқ. Бірақ Алла
Тағала мен үшін сенен де артық. Олардың жеңіп шығатынын саған
айтып қойып, сотсыз мәмілеге келгенде, олар кейбір құқықтарын
пайдалана алмай қала ма деп қорықтым. Сол үшін саған солай ай
-
туға тура келді, – деген екен.
***
58
Тағы бір әңгіме: Бір кісі Шурайхтың ұлынан сот алдында кепіл
болуды өтініпті. Ұлы келісім береді, бірақ әлгі адам сотқа келмей
қашып кетеді. Ал оның кепілі ретінде келіп отырған Шурайхтың
ұлын қамауға алуға қазылар үкім шығарады. Әлгі кісі табылғанға
дейін Шурайх түрмедегі ұлына тамақ апарып жүрген екен.
***
Кейде Шурайхқа кейбір куәлар жайында күдікті ойлар туатын.
Бірақ олар шарттардың бәрін орындап тұрғаннан кейін куәліктерін
қабылдамасқа амалы бол майтын. Куәлік беруден бұрын оларға бы
-
лай деп айтатын:
– Алла жолға салсын, тыңдаңдар! Мен сендер үшін тозақ отынан
қорқамын. Негізінде, сендер қорқуларың керек, қазір куәлік бер
-
мей кетсеңдер де болады.
Сонда да куәлік етуге тырысса, солардың куә болуына мүдделі
кісіге қарап:
– Осылардың куәлігімен сен үшін үкім шығара мын. Бірақ менің
білуімше сен залымсың. Бірақ мен өз пікіріммен емес, куәлардың
куәлігімен үкім шы ғарамын. Алла саған харам қылған нәрсені
менің үкімім халал қыла алмайды.
Сот отырыстарында мына сөздерді қайталайтын еді:
Залым, білер ертең, кімнің ұтылғанын,
Тағы өзін жаза күтіп тұрғанын.
Мазлұмның әділет күтіп жүргені хақ,
уаллаһи, Құдай үшін тастаған ісін ұмытқан жан жоқ.
Шурайх Аллаға, Пайғамбарына және оның Кіта бына шақырып
қана қоймай, қара халыққа, жеке адам дарға ақыл-кеңес беретін.
Менің ауыр жағдайымды, мұңымды досыма айтып тұрғанымды
естіген Шурайх оңаша шақырып алып:
– Балам! Алла Тағаладан басқа ешкімге мұңыңды айтып
шағымданушы болма. Шағымданып отырған адамың – не досың,
не жауың. Жағдайыңды естіп, досың қайғырады, жауың күледі,
табалайды. Мына көзіме қара, 15 жылдан бері ешнәрсе көрмей ке
-
лемін. Осы жайында саған ғана айтып отырмын. Құранда СӘлих
құлдың былай айтқанын естімедің бе, – деп мына аятты оқыды:
Достарыңызбен бөлісу: |