140
***
Ал одан кейін халифа болған Һишәм ибн Абдүл мәликтің кезін
-
де Тауысқа байланысты көптеген оқи ғалар болған. Тарих беттерін
-
де былай жазылған:
Қажылыққа келген Һишәм Харам мешітіне кіріп, меккелік қыз
-
меткерлерінен өзіне сахабаларды тауып келуін сұрайды. Оған мек
-
келіктер:
– Сахабалар бірінен соң бірі Раббыларының хұзырына кеткен.
Ешкім қалмаған, – деп жауап береді.
– Онда тәбиғиндерден біреуін алып келіңдер, – деді.
Олар Тауысты алып келеді. Келісімен, киімін кі лемнің бір шеті
-
не шешіп, «Әмирүл-мүминин» деп атамай, тікелей сәлем беріп,
күниясымен емес, өз атымен айтып, әңгіме бастап кетеді. Тіптен
отыруға рұқсат етілмесе де, отырып алған. Һишәмнің ашуы келіп
отыр ғаны көзінен көрініп тұр. Шәйхтың бұл әрекеттері халифаның
адамдар алдындағы сұсы мен құрметін сыйламау, әрі басынғандық
болып табылатын. Бірақ халифа Алланың қасиетті жерінде оты
-
рғанын біліп, райынан тез қайтты. Тауысқа қарап:
– Бұл не істегеніңіз, Тауыс! – деді.
– Не істеппін? – дегенде, халифа қайта ызаланып кетті.
– Аяқ киіміңізді кілемімнің шетіне шештіңіз. «Әмирүл-мүми
-
нин» деп сәлем бермедіңіз. Күнияммен емес, атыммен атап, рұқ
-
сатсыз отырып алдыңыз.
Тауыс жайбарақат үнмен:
– Аяқ киімімді шешуіме таң қалсаң, мен даңқ ие сінің алдын
-
да күн сайын бес рет шешемін. Ол үшін маған әзілдемейді де,
ашуланбайды да. «Әмирүл-мү минин» деп шақырмауыма себеп:
сенің халифа бо луыңа мұсылмандардың бәрі бірауыздан разы
емес. «Әмирүл-мүминин» деп айтсам, өтірік айтқан болар едім.
Ал күнияңмен емес, атыңмен атауыма келсек, Алла Тағала Пай
-
ғамбарларды өз аттарын атап шақырған: «Әй, Дәуід! Әй, Яхия!
Әй, Иса!» деп айтқан. Ал дұшпандарын күниямен айтқан: «
Достарыңызбен бөлісу: