Табигиндер


Әбу  Ләһәбтың екі қолы құрысын, құрыды да!



Pdf көрінісі
бет36/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР

Әбу 
Ләһәбтың екі қолы құрысын, құрыды да!
». Рұқсатсыз отырға
-
ныма ренжісең, Әмирүл-мү ми нин Әли ибн Әбу Талибтың: «Тозақ 
отына түсетін адамдардың бірін көргің келсе, өзі отырып, алды
-
на адамдарды жинап алып, тұрғызып қойған адамға қара» дегенін 
естідім. Сенің тозақ отына түсетін адамдардың бірі болуыңды қа
-


 141 
ламадым. Һишәмнің басы төмен түсіп кетті, қатты ұялды. Басын 
көтеріп:
– Уағыз айтыңыз, Әбу Абдуррахман!
– Мен Әли ибн Әбу Талибтың мына сөздерін ес тідім:
«Тозақта  халықты  әділетпен  басқармаған  басшыларды  шаға
-
тын бағанадай жылан, қашырдай шаян бар» – деп, орнынан тұрып 
кетіп қалады. 
***
Тауыс көптеген алғы қатардағы кісілерге ақыл айтып, бағыт бе
-
ретін  еді.  Кейбіреулерінен  аулақ  жүріп,  әдейі  менсінбейтін  әдеті 
бар еді. Олардың бірін ұлы былай деп баяндайды:
Әкеммен бірге қажылыққа бардым. Иеменен Меккеге шыққан 
жолымызда бір қалаға келіп тоқтадық. Сол қалада Ибн Нәжих де
-
ген өте залым бір әкім болатын. Әкімдердің ең қанішері, ең залы
-
мы еді. Әділетке дұшпан, әлсізге батыр еді. 
Парыз  оқып  алайық  деп,  қаланың  мешітіне  кірдік.  Ибн  Нә
-
жих менің әкемнің келгенін естіп, жетіп келіпті. Алдына отырып, 
сәлем берді. Әкем сәлемін алмай, кері бұрылып отырды. Оң жағы
-
на шығып отырып, сөйлей бастаған еді, әкем тағы да басқа жаққа 
бұрылып  алды.  Сол  жағына  шығып  еді,  тағы  да  бұрылып  кетті. 
«Кісіден ұят болды» деп мен қол созып амандасып:
– Әкем сізді танымай тұр, – дедім.
– Керісінше, әкең мені жақсы таниды. Жақсы та ны ғандықтан, 
көріп тұрғаныңдай қылық көрсетіп отыр, - деп жауап қайтарып, 
басқа сөз айтпай кетіп қалды. 
Қонақ үйге қайтқанымызда әкем маған қарап:
–  Әй,  ақымақ!  Олар  жоқта  жамандағанда  тіліңмен  терілерін 
сыпырып аласың да, алдыңа келсе, жүгіріп шығасың! Екіжүзділік 
деген осы емес пе? – деді.
***
Тауыс ибн Кәйсән тек халифалар мен әкімдерге ғана емес, жал
-
пы ақыл-кеңесіне мұқтаж болғандарға, немесе насихат іздегендер
-
ге де уағыз айтудан жалыққан емес. 
Ата ибн Әбу Рабах айтады: 
Бір күні мені ыңғайсыз жағдайда көріп қалған Тауыс маған:
– Әй, Ата! Саған ескертейін. Мұқтаждығыңды айтып барғанда, 


 142 
көз алдыңда есігін жапқан, алдына кү зетші қойғандарға жалыну
-
дың орнына, есігін айқара ашқан, дұға қылуға әмір еткен, жауап 
беруге уәде берген Алла Тағаладан сұра», – деді.
Ол баласына былай деп айтушы еді:
– Балам, ақылдылармен дос бол, солардың бірі болып есепте
-
лесің. Надандармен дос болма, олардан болмасаң да, надан болып 
саналасың. Әр нәрсенің мақсаты, жетер шыңы бар. Ердің мақсаты 
– дінінің толықтығы мен мінезінің кемелдігі. 
Баласы Абдуллаһ та мінез-құлық жағынан әкесіне тар тып, әке 
тәрбиесімен өсіп, үйреткен жолымен жүр ді. Оны Аббас әулетінің 
халифасы Әбу Жағфар Әл-Мансур Мәлик ибн Әнәспен
1
 бірге қо
-
наққа шақы рыпты. Дастархан үстінде халифа Абдұллаһтан:
–  Әкеңнен  естіген-білгендеріңді  айтып  отырыңыз,  -
 
деп сұрайды.
– Әкем маған бір күні былай деген: «Қиямет күнінде адамдар
-
дан ең көп азапқа тартылатын кісі – Алланың билігіне серік болып, 
бірақ әділетсіздік қылған адам», - деп басып айтады.
Мәлик: «Осыны естігенімде, шапанымның етегін жинап, қан
-
ның шашырауына дайын отырдым. Әбу Жағфар бір сағат бойы тіс 
жармай отырып қалды. Аман-есен қайтып кеттік».
***
Тауыс ибн Кәйсән жүзден асып өмірден өтті. Бірақ жасы мен 
кәрілік оның ақыл-есіне дақ түсіре алмады. Ол терең парасатынан, 
ақыл-ойының  алғырлығынан  өмірінің  соңына  дейін  айнымады. 
Абдуллаһ Әш-Шәми былай дейді:
«Хадис алуға Тауысты іздеп, үйіне келдім. Оны бұрын көрген 
емеспін. Есікті қағып едім, бір қарт кісі шықты. Сәлем беріп, «Та
-
уыс ибн Кәйсәнсыз ба?» деп сұрағанымда: «Жоқ, оның ұлымын» 
деп жауап берді. 
–  Сіз  баласы  болсаңыз,  онда  шал  алжып,  есі  ауы- 
 
сып  кеткен  шығар.  Оның  білімін  пайдама  жарайтын  шығар  деп 
соншама ұзақ жерден келсем, – деп едім, ұлы:
– Қой, олай деме! Алланың кітабын жаттағандар алжушы ма 
еді? Кір! – деді.
Үйге кіріп, Тауыспен амандасып:
1 Мәлики мәзһәбының имамы.


 143 
– Біліміңізге құштар, насихатыңызға мұқтаж болып келдім, – 
деп айттым.
– Сұра, көп созба, – деді.
– Барынша қысқа сөйлеуге тырысамын, Алла қа ласа, – дедім.
–  Қаласаң,  Таурат,  Зәбур,  Інжіл  және  Құран  Кәрімде  айтыл-
ғандардың қорытындысын шығарып берейін?
– Иә.
–  Алла  Тағаладан,  Одан  басқа  ешқандай  нәрседен  қорықпай
-
тындай болып қорқу. Оған қорыққаннан бетер жалынып, жалба
-
рын. Өзіңе қалаған нәрсені адам дарға да қала.
***
Һижраның 106 жылы, Зүлхижжаһ айының оныншы түні Тауыс ибн 
Кәйсән қажылармен бірге қырқыншы рет Арафаттан МуздӘлифаға 
барды. Қасиеті жерде шам намазы мен түнгі намазды қосып оқып, біраз 
 
демалып алу үшін жерге жастанды. Сол кезде ажал келді. 
Үйінен, Отанынан шалғай жерде Аллаға жолық ты. Алланың са
-
уабы үшін ихрам киіп, Раббысының қонағы ретінде қайтыс болды. 
Анасының  құрсағынан  жаңа  шыққандай,  күнәларынан  арылып, 
Алланың берген артықшылығымен көз жұмды. 
Таңертең жаназасына жиналған адамдардың көпті гі сонша, де
-
несін жерлейтін жерге алып бара алмады. Меккенің әкімі күзет
-
шілерге адамдарды ығыстырып, жаназа шығару үшін жол ашуға 
бұйрық берді. Оның жаназасын оқуға көп халық жиналды. Санын 
Алла Тағала ғана біледі. Оның жаназасында мұсылмандардың ха
-
лифасы Һишәм ибн Абдүлмәликтің өзі де болды.


 144 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет