Табигиндер


ӘЛ-ҚАСЫМ ИБН МҰХАММЕД ИБН ӘБУ БӘКІР



Pdf көрінісі
бет37/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР

ӘЛ-ҚАСЫМ ИБН МҰХАММЕД ИБН ӘБУ БӘКІР
«Қолымнан келгенде міндетті түрде Әл-Қасым ибн Мұхаммедқа халифа-
лықты берер едім» 
     (Омар ибн Абдүләзиз).
Осы ұлы тәбиғин жайында хабардарсың ба?
Бұл  жігіт  –  барлық  тұрғыдан  ұлылықты  жинаған  жігіт.  Әкесі 
– Мұхаммед ибн Әбу Бәкір Сыддық, шешесі – парсының соңғы 
патшасы  Яздажурдтың  қызы.  Немере  әпкесі  –  мүминдер  анасы 
Айша. Бәрінен артығы – тақуалығы, басына киген ғылымның тәжі. 
Осыдан артық абырой бар ма?! Бұл – Қасым ибн Мұхаммед, Мәди
-
ненің жеті ғұламасы ның бірі. Ғасырының ғылым атасы. Ең алғыр, 
ең  мықты  тақуасы.  Бұл  ғұламаның  өмірін  басынан  бастап  баян
-
дайық.
Әл -Қасым  ибн  Мұхаммед  Осман  ибн  Аффан  (р.а.)  дәуірінің 
соңғы  жылдары  өмірге  келді.  Жас  сәби  тәй-тәй  басып  үлгермей 
жатып, мұсылман елі бүліктің құтырған дауылына тап болды. 
Мұсылмандардың халифасы, тақуа, ғибадат шыл, екі нұрлы Ос
-
ман
1
 Әмирүл-мүминин Құран парақтарын оқып отырып, еңкейген 
күйі шәһид болды. 
Әмирүл-мүминин Әли ибн Әбу Талиб пен Шам әкімі Мұғауи
-
яһ ибн Әбу Суфиян арасында үлкен қайшылық туды. Қайғылы әрі 
қорқынышты оқиғалар бірінен соң бірі жалғаса берді. 
Сәби  әпкесімен  бірге  Мәдинеден  Мысырға  аттандырылды. 
Әмирүл-мүминин  Әли  ибн  Әбу  Талибтың  тарапынан  сол  жерге 
1 Екі нұрлы деп аталу себебі – Пайғамбарымыздың (с.а.у.) екі қызына үйленген.


 145 
әкім  болып  тағайындалған  әкесіне  барып  қосылмақшы  болды. 
Бүліктің қанды тырнақтары әкесіне де жетіп, аяусыз түрде өлтіріл
-
геніне баланың өзі де куә болды. Мысырды Мұғауияһ жақтастары 
басып алғаннан кейін Мәдинеге тағы да көшірілді. Ол жетім бо
-
лып қалды. 
Бұл азапты сапар жайында Қасымның өзі айтып береді: «Мы
-
сырда әкем кісі қолынан қаза тапқаннан кейін, әкемнің інісі Аб
-
дуррахман  ибн  Әбу  Бәкір  келіп,  апам  екеуімізді  Мәдинеге  алып 
кетті. Мәдинеге жетер-жетпестен апам Айша (р.а.) адам жіберіп, 
өздерінің  үйіне  кіргізіп  алды.  Ол  бізді  өз  қанатының  астында 
өсірді.  Оның  аналық  сезімі,  әкелік  тәрбиесі,  бізге  теңдесі  жоқ 
мейірім, шексіз білім болды. Өз қолымен тамақтандырып, өзі аш 
отыратын. Біздің тойғанымыз ға көзі жеткенде ғана, бізден қалған 
тамақты жейтін. Бізге емізген анадай мейіріммен қарайтын. Бізді 
жуындырып, шаштарымызды тарап, аппақ киім кигізіп, періште
-
дей бағып-қақты. Бізге тек жақсылық жасауды үйрететін. Жаман
-
дықтан  тыйып,  жаман  әдеттерге  жуытпайтын.  Алланың  кітабын 
жаттай  алғанымыз ша  жаттатқызатын.  Ақылымыз  жеткен  хади
-
стерді айтып беретін. Айт кезінде бізге көп сыйлық беріп, қатты 
қуантатын.  «Арафаһ»  қарсаңында  шашымды  алып  беретін  еді. 
Апам екеуімізді жуындырып, жаңа киім кигізіп, айт намазын оқуға 
мешітке жіберетін. Мешіттен қайтып келгенде бізді жинап, көз ал
-
дымызда құрбан шалатын. 
Күндердің бір күні әдеттегіше ақ киім кидіріп, бір тізесіне мені, 
екінші  тізесіне  апамды  отырғызып  алды.  Әкеміздің  інісі  Абдур
-
рахманды шақыртқан еді. Кіріп келген ағамызға сәлем беріп, Алла 
Тағалаға шүкіршілік айтып, Оны өз орнымен мадақтады. 
Одан  тілі  анық,  шешен  сөйлейтін  адамды  бұрын  да,  кейін  де 
көрмедім. Сонда ол былай деп айтты:
– Бауырым! Осы екі баланы алғалы бері атізін салып, келмей
-
тін болдың. Бұларды сенен алып бағып-қаққаным, төстегенім, сені 
менсінбей немесе екеуі нің құқығын бере алмайсың деп сенімсіздік 
танытқа ным емес. Бірақ сенің әйелдерің көп. Бұл балалар әлі өз
-
дерін  өздері  қарай  алмайды.  Әйелдерің  бұлардың  кірін  жуудан 
жиіркенеді  деп  ойладым.  Өсіп-өнгенше  бұларға  қарауға  өзімнен 
артық әйел көрмей тұрмын. Қазір бұлар өсіп, аяққа тұрып, өздері
-
не қарай алады. Бұларды ал, бауырыңа бас!


 146 
***
Бірақ баланың жүрегі – мұсыл мандардың анасының (р.а.) үйіне 
байланып қалды. Ол Пайғамбарлық иісімен әтірленген үйде өсті. 
Оның (с.а.у.) жарының қанатының астында тәрбие көріпті. Оның 
асып-тасқан мейірімінің аясын да ер жетті. Уақытын оның үйінде 
және ағасының үйінде бөліп өткізді. 
Мейрімді апасының нұрлы, қош иісті үйіндегі ес теліктер өмір 
бойы есінде қалды. Сол естеліктердің бірін тыңдап көрейік:
Бір күні Айша апамнан (р.а.) сұрадым:
–  Апатайым,  Пайғамбардың  (с.а.у.)  және  екі  досы ның  қабір
-
лерін көрсетші! Мен көргім келеді. 
Сол  кезде  үш  қабір  де  әлі  сол  кісінің  үйінің  ішінде  болатын. 
Көзге көрінбейтіндей етіп жауып қойған еді. Маған теңдей үйілген 
үш қабірді көрсетті. Қабір айналасына мешіт ішіндегі қызыл қиы
-
ршық тастар төселген екен. Мен:
– Алла Елшісінің (с.а.у.) қабірі қайсы? – деп сұ радым. Қолымен 
көрсетіп,  «мынау»  деді.  Бетіне  үлкен  екі  тамшы  жас  домалады. 
Мен көрмесін деп, тез сүртіп тастады. Пайғамбардың (с.а.у.) қабірі 
екі досының қабірінің алдында жатыр. 
– Атам Әбу Бәкірдің қабірі қайсысы? – деп сұ радым.
– Мынау, – деп көрсетті. Пайғамбардың (с.а.у.) бас жағына жер
-
ленген екен. 
– Мынау Омардың қабірі ме?
– Иә, – деп жауап берді апам. Омардың басы атам ның көкіре
-
гі тұсына таяу, Пайғамбардың (с.а.у.) аяғына жақын жатқызылған 
екен. 
***
Ол балиғатқа толмай Құран Кәрімді толық жаттап алды. Апасы 
Айша (р.а.) анадан мейлінше көп хадис жаттады. Кейін қасиетті 
Пайғамбар  мешітіне  барып,  оның  әрбір  тұсында  аспандағы  шоқ 
жұлдыздардай жа йылған ғылым алқаларына барып қосылды. 
Әбу  Һурайраһтан,  Абдуллаһ  ибн  Омардан,  Абдуллаһ  ибн  Аб
-
бастан,  Абдуллаһ  ибн  Әз-Зүбәйрден  Абдуллаһ  ибн  Жағфардан, 
Абдуллаһ ибн Хаббабтан, Рафи ибн Хадижден, Омар ибн Әл-Хат
-
табтың  құлы  Әсләмадан  және  тағы  басқа  сахабалардан  риуаят 
етіп,  ыждағат  етуші  имамға  айналды.  Заманындағы  Пайғамбар 


 147 
сүннетінің ең білгір ғалымы болып шықты. Олардың заманында 
сүн нетті жақсы білмеген кісі ер болып саналмайтын еді. 
Бәкірлік жігіт білім беру амалдарын бойына сіңір геннен кейін 
адамдар одан бұрынғыдан да құ марлана білім ала бастады, ол да 
өз білгенін ақтарды. 
Күн  сайын  Пайғамбар  (с.а.у.)  мешітіне  таңертең  белгілі  бір 
уақытта  келіп,  мешітке  сәлем  ретінде  екі  рәкат  намаз  оқитын. 
Ол уақытты ешқашан өзгертіп көрген емес. Мешіт ішіндегі Пай
-
ғамбар  (с.а.у.)  қабірі  мен  мінбері  арасында  орналасқан  «Нұрлы 
бақтағы»  Омар  терезесінің  алдындағы  орнына  барып  отыратын. 
Оның айналасына әр жерден келген шәкірттер жиналатын. Тамағы 
кепкен адамның шөлін қандыратын бұлақ суындай білімінен құ
-
марта ішетін. 
Көп  ұзамай  Әл-Қасым  ибн  Мұхаммед  пен  бөлесі  Сәлим  ибн 
Абдуллаһ  ибн  Омар  екеуі  Мәдиненің  тұрғындары  кәміл  сенетін 
қос имамына, бойұсына тын мырзасына, абыройлы ірі тұлғалары
-
на айналды. Олардың қолында я билік, я құзырет болмағанымен, 
адамдар олардың тақуалығы мен кішіпейілдігін, кө кі ректеріндегі 
ғылым мен білімін елдің қолына телмірмейтіндігін Алла Тағала
-
ның  жанындағы  сауапты  ғана  талап  ететін  ниеттерін  қадірлеп, 
оларды өз дерінің мырзаларындай санады. Олардың халық жүре
-
гіндегі орындарын білген Үмәйяһ халифалары, олардың пікірінсіз 
Мәдинедегі маңызды мәселелерді шеше алмайтын еді. 
Солардың  бірі  Уәлид  ибн  Абдүлмәлик  Пайғамбар  (с.а.у.) 
мешітін  кеңейтуге  ниеттенді.  Бұл  асыл  арманын  орындау  үшін 
міндетті түрде ескі мешіттің төрт қабырғасын құлату керек. Пай
-
ғамбарымыздың (с.а.у.) әйелдерінің үйлерін бұзып, сол жерлерді 
мешітке қосу керек. Бұл – адамдарға ауыр тиетін іс. Мұның реті 
қалай  болмақ?  Осыған  байланысты  Мәдинедегі  әкімі  Омар  ибн 
Абдүләзизге хат жазды:
«Пайғамбар  (с.а.у.)  мешітінің  ені  мен  ұзындығын  екі  жүз 
құлашқа  кеңейтуге  бел  будым.  Мешіттің  төрт  қабырғасын  құла
-
тып, оған Пайғамбар (с.а.у.) әйел дерінің бөлмелерін қос. Айнала
-
сындағы үйлерді де сатып ал. Қыбыланы да алға соз. Әл-Хаттаб 
әулетіндегі  нағашыларың  халық  жүрегіндегі  орны  мен  қадірінің 
арқасында  мұны  жасай  алатыныңа  кәміл  сенемін.  Оған  Мәдине 
тұрғындары  қарсы  шығып  жатса,  Әл-Қасым  ибн  Мұхаммед  пен 
Сәлим  ибн  Абдуллаһ  ибн  Омар  екеуін  осы  іске  араластыр.  Са
-


 148 
тып алатын үйлердің иелеріне ақшаны аямай төле. Сен Омар ибн 
Әл-Хаттаб пен Осман ибн Аффанның нағыз мирасқорысың». 
Омар ибн Абдүләзиз Әл-Қасым ибн Мұхаммед пен Сәлим ибн 
Абдуллаһ ибн Омарды және Мәдиненің алдыңғы қатарлы кісілерін 
шақырып алып, халифадан келген хатты оқып береді. Олар хали
-
фаның жоспарын құптап, іске кірісуге асығады. 
Адамдар  Мәдиненің  екі  ғалымы  әрі  имамы  өз  қол дарымен 
мешітті бұзып жатқанын көріп, асарлатып,  Әмирүл-мүмининнен 
келген хаттағы бұйрықты орындауға кірісті. 
Сол кезде мұсылмандардың жеңімпаз әскері Константинополь 
қаласына апаратын жолдағы қамалдар ды азат етіп жатқан еді. Кон
-
стантинопольдің  өзін  азат  ету  үшін,  ержүрек  ханзада  Мәсләмәһ 
ибн Абдүл мәлик ибн Мәруанның басшылығымен бірінен соң бірін 
қиратып келе жатты. 
Әмирүл-мүмининнің Пайғамбар (с.а.у.) мешітін ке ңейтуге жа
-
сап  жатқан  іс  шараларын  естіген  Византия  королі  оның  көңілін 
аулап, жағымпазданып, бітімге келу үшін жүз мың саф алтын, қа
-
бырға әшекелейтін 40 қап бағалы тас және Византияның ең ше
-
бер деген 100 құрылысшысын жіберді. Бұның бәрін Уәлид Омар 
ибн Абдуләзизге жіберіп, мешіт құрылысына пайдалануға бұйрық 
берді. Омар мұның бәрін Әл-Қасым ибн Мұхаммедпен және оның 
досымен ақылдаса отырып іске асырды. 
Әл-Қасым ибн Мұхаммед өз атасына тартқан жан еді. Тіптен, 
адамдар оған:
– Осы жігіт Әбу Бәкірдің өзіне тартып туған не мересі, – дейтін.
Жанының  тазалығы,  адамгершілік  сипаттары  тұр ғы сынан  ол 
атасына қатты ұқсайтын. Атасының иманын, тақуалығын, кеңпей
-
ілдігі мен жомарттығын бо й ына сіңірген. Ол жайында тарих бетін
-
де көптеген деректер бар. Солардың бірін айтып өтейік. Бір күні 
мешітке көшпенді арабтардың бірі келіп:
– Қайсың білгірсің? Сен бе, әлде Сәлим ибн Абдуллаһ па? – деп 
сұрапты. 
Бірақ Әл-Қасым оған көңіл бөле қоймапты. Көш пенді араб тағы 
да сұрапты. Әл-Қасым сонда:
– СүбіханАлла! – депті. Әлгі кісі үшінші рет сұрағын қайталап
-
ты. 
– Бауырым, анау отырған – Сәлим, – деп жауап бе ріпті.
– Анау мәжілісте отырған ба?


 149 
–  Иә,  дәл  өзі,  –  деп  жауап  беріпті  ол.  Өйткені  өзін  айтса, 
мақтанған болар еді, Сәлимді айтса, өтірік айт қан болар еді. 
Шындығында ол Сәлимнен де артық білетін еді. 
***
«Минада» Алла Тағаланың үйіне келген қажылар жан-жақтан 
жиналып,  сұрақ  жаудырып,  білмегендерін  сұрап  жатты.  Ол  өзі 
білетін жайлар бойынша жауап беріп, білмейтін болса, былай ай
-
тушы еді:
– Білмеймін, білімім жетпейді. Оған таң қал ған   дарға:
– Сендер сұрағандардың барлығын біле бермей міз. Білсек, жа
-
уап берер едік, жасырмай. Бізге жасы руға болмайды. Алла Тағала
-
ның алдындағы өз міндетін бәлгеннен кейін адам білмеген нәрсесі 
жайында сөйле-геннен гөрі надан болып өмір сүргені артық, – дей
-
тін. 
***
Бір күні оған мұқтаждарға садақа ретінде таратып беруге қыру
-
ар қаржы тапсырылыпты. Ғұлама ыждағатпен мейлінше әділ түрде 
бөліп беріпті.
Бірақ бір кісі алған үлесіне разы болмай, мешітке іздеп келіп, 
садақаға байланысты шу шығарады. Оған шәйхтың ұлы:
–  Сіздердің  садақаларыңыздан  бір  тиын  да,  тіптен  құрманың 
дәнін де алмаған адам жайында қалай сөй лейсіз? – дейді. Намаз 
оқып жатқан шәйх намазын қысқа қайырып, ұлына қарап:
– Балам! Бүгіннен бастап білмейтін нәрсең жайында сөйлеме, – 
депті. Адамдар оған:
– Баласы дұрыс айтады, – деп жамырапты.
Бұл оның «Көп сөйлеп, пайдасыз сөздермен мыл жыңдай бер
-
ме» деген ұлына берген тәрбиесі екен.
***
Әл-Қасым ибн Мұхаммед жетпіс екі жастан асып дү ние салды. 
Бірақ қартайған шағында көзден айрылды. Өмірінің соңғы жылын
-
да Меккеге қажылық жасауға сапар шекті. Алланың қонағы болып 
бара жат қан жолда жан тапсырды. Ажалдың жақындағанын сезген 
шәйх ұлына қарап:
–  Мен  өлсем,  намаз  оқитын  киіміммен,  көйлегім,  шалбарым, 


 150 
шапаныммен кебінде. Бұлар атаң Әбу Бә кірдің кебіні еді. Сосын 
қабірімді  теп-тегіс  қыл.  Көмгеннен  кейін  үйіңе  қайт,  қабірімнің 
алдында  «Мынандай  еді,  анандай  еді»  деп  тұрушы  болма.  Олай 
дейтіндей адам болмадым, – депті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет