Табигиндер



Pdf көрінісі
бет38/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР

СЫЙЛӘҺ ИБН ӘШЯМ ӘЛ-АДАУИ
 
«Сыйләһ ибн Әшям сахабалардың атақтыларынан сабақ алды, олардың 
мінез-құлқымен тәрбиеленді»                                               
(Әл-Исфаһани )  
Сыйләһ
1
 ибн Әшям Әл-Адауи – түні ғибадатпен, күндізі ғазау
-
атпен өткен адам. Қараңғылық әлемге пердесін жауып, адамдар те
-
рең ұйқыға кеткенде, жақсылап дәрет алып, михрабына барып, на
-
мазға тұрып, Раббысына мінәжәт ететін. Алла Тағаланың нұрымен 
жүрегін нұрлап, рухани көзін Алла Тағаланың көкжиектердегі аят
-
тарына ашатын. Сонымен қатар, таңның Құранын, яғни таңертең 
Құран оқуды қатты сүйетін. Түннің үштен екісі өтіп, соңғы үшінші 
бөлігі қалғанда Құран параларын оқуға кірісетін. Алла Тағаланың 
айқын аяттарын әсем даусымен, керемет ырғақпен оқып отыратын. 
Құран аяттарын оқып отырып, кейде жүрегінің тұс-тұсына бойлап 
бара  жатқан,  Құдайдан  қорыққандықтан  ақылының  түпкір-түп
-
кіріне енген ерекше бір сезімнен рахат алатын, кейде көкірегін жа
-
рып жіберетіндей қорқыныш сезетін. 
Сыйләһ  ибн  Әшям  осы  әдетінен  ешқашан  танған  емес,  үйде 
1 Сыйләт деп оқыса да болады.


 151 
отырсын  немесе  сапарға  шықсын,  жұмысы  болсын  немесе  бос 
болсын бәрі-бір. 
Жағфар ибн Зәйд былай дейді:
Кабул қаласын азат етуге мұсылмандар әскерінің қа тарында жо
-
рыққа шықтық. Алла Тағаладан осы қа ланы Исламға айқара аша
-
мыз деп тілеп келеміз. Әскердің арасында Сыйләһ ибн Әшям да 
бар. Әлі жолдамыз. Қараңғы түскенде әскерлер аттан түсіп, біраз 
та мақтанып, соңғы намаз құптанды оқып алды. Әскерлер тынығу 
үшін көліктерінің қасына барып жатты. Сыйләһ ибн Әшямға қара
-
сам, ол да тынығудың қамын жасап жатыр екен. Басқалар сияқты 
ол да бір жағынан жатып ұйқыға кетті. «Адамдардың мына кісі нің 
ғибадаты мен намазы, түнде қиям жасағаннан аяқтары ісіп кететіні 
жайында сөздері қайда?», – деп ішімнен ойладым. Түні бойы қа
-
рап шығайын, біраздан кейін тұрар. Әскердің бәрі ұйқыға кеткен
-
де, оның ұйқысынан оянғанын көрдім. Әскерден біраз жерге қа
-
раңғыға ұзап барып, ағаштары нуға айналған, шөбін ғасырлар бойы 
тірі жан баспаған қалыңға кіріп кетті. Мен соңынан қалмай жүре 
бердім. Нудың біраз жеріне дейін кіріп барып тоқтады. Қыбылаға 
қарап, намазға тұрып тәкбір айтты. Намазды беріліп оқып жатыр. 
 
Алыстан қарап тұрсам да, оның жүзіндегі нұрын, денесі нің жай
-
барақаттығын, жүрегінің тыныштығын ап-анық көріп тұрмын. Ол 
сағынышын басқандай, көптен бері жоғалтқан жақынын тапқан
-
дай, қараңғылықтан жарыққа шыққандай көрінді. 
Осылай  тұрғанымда  орманның  шығыс  жағынан  бір  нәрсенің 
көлеңкесі  көрінді.  Оның  арыстан  екенін  анық  көргенімде  жүре
-
гім аузыма тығылып, аман қалудың амалын істеп, қасымда тұрған 
ағашқа қалай шығып кеткенімді білмей қалдым. Арыстан Сыйләһ 
ибн Әшямға бір-екі қадам жақын қалды. Ол намазында тұрған күйі 
былқ еткен жоқ. Ол арыстанға бұрылып та қараған жоқ. Сәждеге 
кеткенде, енді бас салатын болды, деп ойладым. Сәждеден тұрып, 
әт-тахиятқа отырғанда, арыстан оның алдына келіп аңдып тұрған
-
дай көрінді. Сәлем беріп намазын бітіргеннен  кейін арыстанға ба-
йыппен қарап, ернін жыбырлатып бір нәрсе дегендей болды, ести 
алмадым. Арыстан ақырын шегініп, келген жағына кетті. 
Таң  атқанда  парызды  оқып,  Алла  Тағалаға  шүкір шілік  етіп, 
мадақтай  бастады.  Осындай  мадақтауды  басқа  кісіден  естіген 
емеспін. Былай деп жатқанын естідім:
–  Алла  Тағалам,  мені  тозақ  отынан  сақтай  гөр!  Мен  сияқты 


 152 
күнәһар  құлыңның  жәннатті  сұрауға  дәті  бара  ма?!  –  деп,  осы 
мінәжәттарды қайталай-қайталай жылап жіберді. 
Кейін  түк  болмағандай  әскерге  келіп  қосылды.  Ол  адамдарға 
мамық төсекте демалып шыққандай болып көрінді. Менің, әрине, 
өңімнен  ұйқысыз  түн  өткізгенім,  қалжырап  шаршағаным,  ары
-
станнан қорыққаным көрініп тұрды. Мені көрген жұрттың не ой
-
лағанын Алла біледі. 
***
Оған  қоса  Сыйләһ  ибн  Әшям  уағыз  бен  насихаттың  орайлы 
сәтін жібермейтін. Оның әдісі Құран Кәрімде айтылғандай, Раб
-
бысына даналық пен жақсы насихат арқылы шақыру, жек көруші 
нәпсілерді бері қайтарып, қатайған жүректерді жібіту болатын. 
Сондай амалдарының ірі Басраның сыртына жай лауға шығып, 
таза  ауада  жалғыз  өзі  қалып,  ғибадат  қылатын.  Жолда  бозбала
-
лықтың тізгінін жіберген бір топ баланың ойнап-күліп, мәз-мей
-
рам  болып  жүр генін  көретін  еді.  Оларға  үлкен  кісінің  әдебімен 
сәлем беріп, мейлінше жанашырлықпен былай дейтін:
– Бір қауым үлкен істі бітіруге сапарға шығады. Бірақ олар жол жүру
-
дің орнына күндіз жолдан бұры лып, ойын-сауыққа кетіп қалады екен. 
Түнде ұйқыға батады. Қалай ойлайсыңдар олар мақсаттарына жете 
 
ме? – деп, олардың жанынан өткен сайын қайталап жүрді. Бір күні 
оның сөзіне бір жігіт құлақ салып:
– Бұл кісінің айтып тұрғаны – біздер. Күндіз ойнаймыз, түнде 
ұйықтаймыз, – депті. 
Сол жігіт әлгі жігіттерден бөлініп, сол күннен бас тап Сыйләһ 
ибн Әшямның жолымен жүретін болды. Өлгенше қасында болып
-
ты. 
Бір күні достарымен бір жерге бара жатып, жолда бір бозбала
-
ны көреді. Балағын ұзартып алғаны сон шалықты, жерді сыпырып 
бара жатты. Мақтанып келе жатқан баланы достары ұрсып, ұрып 
жөнге салғысы келді. Сыйләһ оларға:
–  Қоя  тұрыңдар,  мен  барып  сөйлесейін,  –  деп  жігіт
-
ке  барып,  мейірімді  әкенің,  шынайы  достың  ақылын
 
айтты: 
– Бауырым! Менің саған мұқтаждығым бар? Жігіт кідіріп:
– Иә, не ол? Айта беріңіз! – деді.


 153 
– Балағыңды көтер, ол – тазалық, Раббыңнан қор қу, Пайғамба
-
рыңның сүннеті, – деді. Жігіт ұялғанынан:
–  Жарайды,  байқамай  қалдым,  –  деп,  дереу  шалба рының  ба
-
лағын қайыра бастады. Сонда Сыйләһ жолдастарына:
– Бұл сендердің істейін деп тұрғандарыңнан әлде қайда абзал. 
Оған тіл тигізіп, қол жұмсағандарыңда, ол да сендерді балағаттап, 
төбелесе кетер еді. Балағымен жер сүртіп, әрі қарай жүре берер еді. 
Бір күні Басраның атқамінер жігіттерінің бірі ке ліп:
–  Әбу  Саһбә!  Алла  үйреткен  нәрселерден  үйре тіңіз,  –  депті. 
Сонда Сыйләһ оның жүзіне күлімсірей қарап, былай депті: 
– Сен менің есіме өзімнің жастық шағымды түсірдің. Сол күн
-
дері сен сияқты біз де жас едік. Алла Елшісінің (с.а.у.) сахабала
-
рынан тірі қалғандарына келіп, мен де сен сияқты: «Алла үйреткен 
нәрселерді маған да үйретіңіздер», – дедім. Олар маған: «Құран
-
ды өзіңнің қорғаның, жүрегіңнің рахаты, өміріңнің насихаты ет! 
Басқаларды  да  соған  насихатта.  Қолыңнан  келгенше  Алла  Таға
-
лаға көбірек жалбарын», – деді. Жас жігіт одан:
– Сізге Алла разы болсын. Мен үшін дұға етіңіз ші, – деп сұрап
-
ты. Сонда шәйх:
– Алла Тағала саған бақи нәрселерді сүйдіріп, пәни нәрселерді 
алыстатсын,  тыныштық  пен  дінде  сүйеу  болатын  алаңсыздықты 
нәсіп етсін, – деген екен. 
***
Сыйләһ  ибн  Әшямның  әке  жағынан  Муаза  Әл-Адауия  деген 
немере    қарындасы  бар  еді.  Ол  да  өзі  сияқты  нәзік  жандардан 
шыққан  тәбиғин  еді.  Ол  мү мин дер  анасы  Айшаны  (р.а.)  кезде
-
стіріп, дәріс ал ған. Одан Әл-Хасан Әл-Басри хадистер тыңдаған. 
Алла  Тағала  жүзін  жәннатта  жарық  қылсын.  Ол  –  таза,  тақуа 
әрі  ғибадатшыл  болатын.  Оның  әдеттерінің  бірі,  қараңғы  түс
-
се,  «Бұл  менің  соңғы  түнім  болар»  деп,  таңға  дейін  ұйықтамай, 
ғибадат  қылып  шығатын  еді.  Таң  атысымен  кешке  дейін  ажал 
алып  кетер  деп,  кешке  дейін  тыныш  таппай  шығатын.  Қыста 
жеңіл  киініп  алатын.  Ондағысы  ұйқыға  кетіп,  ғибадаттан  үзіліп 
қалмау  үшін  суықтың  өзін  пайдасына  асырғаны  еді.  Түні  бойы 
 
намаз бен Құран оқып шығатын. Ұйқы қысып, көзі іліне бастаған
-
да таза ауаға шығып, өз-өзіне:


 154 
– Алдыңда ұзақ ұйқы күтіп тұр, әй, нәпсім! Ертең қабірде ұзақ 
жатасың. Не қайғымен, не қуанышпен. Ертеңіңді өзің таңда. 
***
Сыйләһ  ибн  Әшям  ғибадатшыл  болып,  дүниеден  безгенімен, 
Пайғамбар (с.а.у.) сүннетіне қарсы шығып үйленуден бас тартқан 
жоқ. Немере қарындасы Муазәһті айттырды. 
Неке күні оған тетелес өскен немере бауырларының бірі келіп, 
моншаға, кейін әтір үйіне алып барады. 
Әйелімен оңаша қалған Сыйләһ екі рәкат сүннет оқып алайын 
деп намазға тұрады. Әйелі де күйеуінен көргенін істейді. Екеуі де 
намаздың сиқырына кіріп, қалай таң атқанын білмей қалады. Түс 
ауа әлгі құрдасы келіп:
– Бауырым! Саған әкеңнің ағасының қызын ұзатты. Оны тастап, 
түні бойы намаз оқып шықтың ба? – деп таң қалады.
–  Иә,  ағатай!  Кеше  өзің  мені  екі  жерге  кіргіздің:  бірі  –  тозақ 
отын, екіншісі жәннат иісін еске түсіреді. Осы екі нәрсені ойлап, 
таң атқанын сезбеппін, – деді Сыйләһ.
– Ол не екен сонша?
–  Моншаның  ыстығы  тозақты  есіме  түсірсе,  әтір  үйі  жәннат 
иісін есіме салды. 
***
Тақуа әрі салих Сыйләһ ибн Әшям ғибадатпен шек теліп қана 
қоймай, шымыр денелі жауынгер, Алла жолында күресуші батыр 
болатын.  Оның  ержүректігін,  майдан  даласындағы  шайқастарда 
сирек  кездесетін  ерекше  айла-әдісін,  рухани  шыдамдылығы  мен 
өткір қылышын байқаған қолбасшылар, оны өз әскерінің қатарына 
қосуға ұмтылатын. Жеңіске жетуге ұмтылған ірі қолбасшылар әр
-
дайым оған таласушы еді. 
Жағфар ибн Зәйд былай риуаят қылады:
Бір ғазауатта едік. Біздің қатарымызда Сыйләһ ибн Әшям мен 
Һишәм ибн Амир бар. Дұшпанмен кездес кенде, Сыйләһ ибн Әшям 
мен досы алдыңғы қатарға шығып, жау сабының алдыңғы қатары
-
ның арасына баса көктеп кіріп, найзамен түйреп, қылыш сермеп, 
дұшпан әскеріне қырғидай тиді. Жау қолбасшылары бір-біріне:
–  Мұсылмандардың  екі-ақ  жігіті  осылай  әлек-шә легімізді 
шығарып жатса, қалғандары бұларға қо сылса, не болмақ? Бұлай 


 155 
қырылып кеткенше, мұсыл мандарға беріліп, айтқандарына көней
-
ік, – десті. 
***
Һижраның  76  жылы  Сыйләһ  мұсылман  әскерінің  қатарында 
Мәуәраәннәһір еліне жорыққа шықты. Оның қасында ұлы да бар 
еді.  Екі  жақ  теңіз  толқынындай  қосылып,  шайқас  қызған  кезде, 
Сыйләһ баласына қарап:
– Балам! Алға ұмтыл! Алланың жауларымен өл ге  ніңше күрес. 
Төккен қаның мен теріңді босқа жібер мейтін Раббымызға сені құр
-
бан етейін, – деді.
Ұлы еш нәрсеге қарамай, садақтан атылған оқтай жау қолына 
қарай ұмтылды. Ерлікпен шайқасып, Алла жолында шәһид болды. 
Ұлының соңынан әкесі де аянбай соғысты. Көп ұзамай майданда 
қаза тауып, ұлының жанына жерленді. 
Басраға екеуінің шәһид болғаны жайында хабар келді. Басра
-
ның әйелдері жиналып, Муазәһқа көңіл айтуға келді. Сонда Му
-
азәһ оларға:
– Мені құттықтауға келсеңдер, қош келіпсіздер! Ал басқа се
-
беппен келсеңіздер, онда қайта беріңіздер! Жақсылықтарыңыз Ал
-
ладан қайтсын! – депті.
Алла Тағала осы кісілердің жүздерін жәннатта жарық қылғай! 
Ислам мен мұсылмандар үшін құрбан болды. Адамзат тарихында 
бұдан артық тақуа әрі таза жандар кездеспейді. 


 156 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет