Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттер
Қарахандар мемлекеті (942-1210 жылдары)
Мемлекеттің құрылуы. Саяси жағдайы
V ғасырда Қарахан мемлекетінің құрылуына қарлұқ бірлестігінің тайпалары көп үлес қосты. Қарахан мемлекетінің құрылуын тездеткен жағдайлардың бірі - қарлұқ қағанатының ыдырауы.
Сатұқ Боғра хан Қарахан әулетінің негізін салушы болды.
942 жылы Сатұқ Боғра хан Баласағұн билеушісін кұлатып, өзін қаған деп жариялайды.
Боғрадан кейін 960 жылы баласы Мұса қаған болады. Мұса өлгеннен кейін билікті баласы Әли Арсылан қолына алады. X ғасырдың аяғында қарахандықтар Испиджаб, Бұхара қалаларын басып алады. 1040 жылы Қарахан мемлекеті Шығыс және Батыс қағанаттары болып екіге белінеді. Екі қағанатқа бөліну процесі жарты ғасырға жуық созылады.
Батыс қағанатқа Мәуереннахр, Ходжент жерлері кірді. Астанасы Бұхара қаласы болды (кейін Самарқан).
Шығыс қағанатқа Жетісу, Шығыс Түркістан жерлері, Тараз, Испиджаб, Шаш қалалары кірді. Орталығы Баласағұн, кейіннен Қашғар қаласы болды.
Селжұқ сұлтаны Мәлік шах Қарахан мемлекетіне басып кіріп, Самарқанды жаулап алады.
Селжұқ сұлтандары Арсылан мен Санжар Қарахан мемлекетінің құлауын тездетеді. Және де қарақытайлардың Қарахан жеріне басып кіруі Қарахан қағанатының тарих сахнасынан өшуіне себеп болды. 1141 жылы Қарахан билігі қарақытайлардың қолына көшеді.
Шаруашылығы
Қарахандықтардың басты шаруашылығы - көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Негізгі мал жылқы болды.
Қарахандар шаруашылығы жайында Махмұд Қашғари: "Қарахан мемлекетінің құрамына енген тайпалар отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі мен сиыр өсірді... Құлан, киік, бұғы, арқар, қасқыр... аулады", -деп жазады. Егіншілік те өркендеген. Қарахан мемлекетінің хандары өздерінің туыстарына "ихта" деп аталатын салық жинауды сыйлаған. Бұл салық бұрын халықтан алынып қағанат пайдасына келген болатын. Ихтаның көп түрлері болған. Діни қызметкерлер мен әскери адамдар ірі жерлерді иеленген.
Мәдениеті
Қарахан мемлекетінде ортағасырлық түрік мәдениеті дамыған. Қарахан мәдениетінің ірі орталықтары ретінде Тараз, Испиджаб қалалары болған. Ортағасырлық жазушылар Таразды "саудагерлер қаласы", Испиджабты "саудагерлер кен бұлағы" деп жырлаған. Қарахан мемлекетінде сәулет өнерінің ерекше үлгілері болған. Сәулет өнері әсіресе Х-ХІІ ғасырларда шарықтады. Айша бибі, Алашахан, Бабашахатун, Сырлытам күмбездері, Әулие ата мазарлары - қарахандықтар сәулет өнерінің туындылары.
Бұхара, Самарқан батыс, ал Баласағұн, Қашғар шығыс иеліктерінің мәдениет орталықтары болған.
Қарахандар дәуірінде ұлы ғұламалар Махмұд Қашғари "Диуани лұғат ат-түрк", Жүсіп Баласағұн "Құтты білік" атты еңбектерін жазған.
Қимақтар мемлекеті
Батыс Түрік қағанатының құрамында болған қимақтар VII ғасырда Алтай тауының солтүстігін, Ертіс өзенінің жағалауын мекендеген. VIII—IX ғасырларда қимақтар Оралдан Аралға дейін, Жетісу, Балқаш төңірегін, Батыс Алтай, Ертісті өрлей қоныстанған. 840 жылы Ұйғыр хандығының Құрауынан кейін қимақтардың күшеюі басталды. Қимақтар 7 тайпадан құралған: еймұр, баяндұр, Татар, исмақ, қыпшақ, ланыка, ажмат.
Мемлекеттің құрылуы
Қимақ қағанатының орталығы Ертіс өзенінің бойындағы Қимақия қаласы болған. Деректер бойынша, бұл қала қазіргі Павлодар қаласының орнында болған. Басқа ортағасырлық түрік мемлекеттеріндегідей Қимақ мемлекетінің көсемі де қаған аталған.
Қимақтар үшін мал шаруашылығының маңызы зор болды. Төрт түліктің барлығын бірдей өсірді. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қимақтар батыстағы Жайықтан Ертіске дейінгі аралықта көшіп-қонып жүрген.
Қимақтар шаруашылығы жайында Гардизи өз еңбегінде: "... қимақтар қысқа жақын өзініңшама-шарқына
қарай қой, жылқы және сиыр етін сүрлеп алады", - деген. Негізгі мал - қой, жылқының да маңызы зор болған. Ол туралы Өл-Жахиз: "Қимақтар жерде отырғаннан ат үстінде көп болды", ал Гардизи: "Қимақтардың жер қайыстырған жылқысы болды", - дейді.
Егін шаруашылығы мен аң аулаудың маңызы аз болмаған.
Шаруашылығы және мәдениеті
Ауыл шаруашылық (мал) шикізаттарын өндеу қимақтар қолөнерінің негізгі түрі болған. Әл-Иакуби:" Қимақтар киіз басуға әбден шебер", - деп жазған. Қимақ қағана-тында Мерке, Секол, Барисхан сияқты 25 қала мен қоныстар болған.
Мемлекеттің құлауы
Қимақ мемлекеті құлауының бірнеше себебі:
- ақсүйектер алауыздығы;
- XI ғасырда Орта Азиядан қимақ жеріне баска тайпалардың көшіп келуі;
- Ляо мемлекетінен ығысқан ғұндардың қимақтарға шабуыл жасауы т.б.
Қимақ мемлекетінің билігінде болған өлкелер қыпшақтардың қолына өтті.
Оғыздар мемлекеті
Саяси тарихы
Ортағасырлы қтүрік мемлекеттерінің бірі - Оғыз мемлекеті. Оғыз тайпалары VIII ғасырда Жетісу өңірін мекендеген. Бұл тайпа бірте-бірте Шу өзені бойы мен батысқа қарай жылжыған.
Сырдария өщрін жаулап алу үшін оғыздар осы жердегі канғар-печенег тайпасымен соғысып жеңілді. Оғыздар Сырдария, Арал маңы, Каспий, Еділ-Жайық өңірлерін басып алады.
Осы өңірлерде IX ғасырда оғыздардың ортағасырлық мемлекеті құрылды. Оғыз тайпаларынын, саяси бірлестігіне баяндұр, астар т.б. тайпалар кірді. XI ғасырда оғыздар 22 тайпадан құралған. Ал Махмұд Қашғари оғыздардың құрамында 24 тайпа болғанын айтады. X ғасырда оғыздар мемлекетінің астанасы Еуропа мен Азияны байланыстыратын сауда жолының үстінде орналасқан Янгикент қаласы болды.
965 жылы оғыздар Киев князы Святославпен одақтасып, Хазария мемлекетін талқандайды. X ғасырдың аяғында оғыздар Еділ Бұлғариясына соққы береді. Әли ханның мұрагері Шах Мәліктің тұсында Оғыз мемлекеті біраз күшейеді. 1041 жылы Шах Мәлік Хорезмді жаулап алады. Шах мәлікті селжұқтар өлтіреді. XI ғасырда Оғыз мемлекеті құлайды.
Құлауының негізгі себептері: оғыз тайпаларының салықтың ауыртпалығына байланысты көтерілісі, Селжұқ көсемдерінің және қыпшақтардың шабуылы.
Қоғамдық құрылысы
Мемлекетті жабғу (ябғу) басқарды. Әскери басшысы сюбашы, уәзірлер күл еркіндер деп аталады. Жабғу билігі мұрагерлік жолмен атадан балаға беріліп отырады. Бұл орынға мұрагерді әскери-демократиялық сайлау түрімен таңдады. Оғыздар, негізінен, пұтқа табынды және шаманға сенді. Кейін ене бастаған ислам дінінің ықпалы аз болды.
Қыпшақтар мемлекеті
Саяси жағдайы
Қыпшақтар Шығыс Қазақстан өңірін, Ертістің жағасын және Алтай тауларын мекендеген. Жалпы, қыпшақтар тарихта VIII ғасырдан белгілі. VIII ғасырда Қимақ қағанатына тәуелді болған қыпшақтар XI ғасырда қимақтардың барлық жерлеріне иелік етеді. Өйткені XI ғасырда қимақ қағанаты құлайды. Әскери-саяси басымдыққа ие болған қыпшақтар Каспийден Сырдарияға дейінгі жерлерді басып алады. Бұл жерлер оғыз тайпаларының иелігінде болған.
Қыпшақ этникасының қалыптасуын 3 кезеңге бөледі:
1. VІІ-VІІІ ғасырлардағы Қимақ қағанатының құрамындағы қыпшақтар;
2. VIII—IX ғасырлардағы Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі территорияға қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтар;
3. XI—XIII ғасырлардағы Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар.
XI ғасырда қыпшақтар Қарахан мемлекеті орналасқан жерге дейін барып, Тараздың маңына Қанжақ-Сеңгір бекінісін салады. ХІ-ХІІ ғасырларда Орта Азиядағы түркі тілдес тайпалардың ішінде халқы ең көп осы қыпшақтар болды. Қыпшақ хандығы XI ғасырдың басында құрылып, осы ғасырдың ортасына қарай күшейді. Ал қыпшақтардың батысқа қарай кешкен тобы орыс жерлеріне де қоныстанды. Бұлар половецтер деп аталды. Қазақстан жеріндегі қыпшақтардың мекені Дешті-Қыпшақ даласы деп атала бастады. Жент пен Фараб арасындағы қыпшақтар пұттық дінді ұстанды.
Кейінірек Еділден Ертіске дейін қоныстанған қыпшақтар екі этникалық бірлестікке бөлінеді.
1. Батыс қыпшақ тайпалары
Қоныстанған өңірі: Еділ, Жайық алабы, Половецтер даласы (оңтүстік орыс жерлері).
Тайпалар: печенег, оғыз, башқұрт т.б.
2. Шығыс қыпшақ тайпалары
Қоныстанған өңірі: Дешті-Қыпшақ даласы.
Тайпалар: қарлұқтар мен қимақтар.
XII ғасырда Хорезм шахы қыпшақтармен көп соғысты. 1215 жылы Жент, Сығанақ ауданында қыпшақтар Хорезм шахынан жеңіледі. Осыдан кейін қыпшақтардын, солтүстікке қоныс аударуы басталады.
Шыңғыс ханның Отырарды ойрандауынан кейін, ідыпшақтар тарихтағы өз орнын жоғалтады. Монғол шапқыншылығынан кейін, қыпшақтардың кейбір тармақтары Венгрияға, Византияға қоныстанады. Енді бір тобы Сирия мен Египетке құл ретінде сатылады.
1250 жылы Бейбарыстың басшылығымен Мысырдағы қыпшақтар хандық билікті қолына алады.
Өте зор болған хан билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен беріледі. Қыпшақхандары ел-бөрілі тайпасынан ғана сайланды.
Қоғамдық қурылысы және шаруашылығы
Қыпшақтар мал шаруашылығымен айналысты. Қой саны өте көп болды. Егіншілікпен де айналысты. Ол туралы Әл-Омаридің естелігінде: «Олардың егістігі өте аз, шамалы бидай мен арпа болды. Көбіне олар тары өсірді. Оны қорек етеді және тұтынатын тамақтарының негізгісі де сол», - делінген.
Наймандар
Наймандардың этникалық құрылысы
Наймандар - ежелгі түрік тайпаларының бірі. Наймандар Ертіс өзенінің жоғарғы жағын, Шыңғыс таудан Орталық Монғолияға дейінгі жерлерді мекендеген. Түрколог ғалымдардың кейбірі наймандарды түркі тектес десе, енді бірі монғол тектес деген пікір айтады. Монғол тілінде найман сөзі «сегіз» деген мағынаны білдіреді. Бұл бір кездері найман тайпаларының сегіз Оғыз тайпалары деген атауынан шыққан. Наймандар керей, меркіт, қырғыздармен көрші болған.
Саяси жағдайы
Наймандардың Қазақстанның жеріне қоныстануы XII ғасырдың аяғында болды. 1206 жылғы Шыңғыс ханның шабуылы наймандардың Жетісу жеріне қоныстануына себеп болды. Наймандардын. ханы Күшлік Жетісуда біраз күш жинап алып, қарақытайлардан Жетісудың билігін күшпен тартып алады. 1218 жылы Шыңғыс ханның әскері наймандарды шабуылдап, талқандайды.
Шаруашылығы_және_мәдениеті'>Шаруашылығы және мәдениеті
Көшпелі мал шаруашылығы наймандардың негізгі шаруашылығы болды. Малдардың ішінен жылқы малы өте бағалы болған. Наймандар аң аулауды да кәсіп еткен.
Қолөнершілер ат әбзелдерін, арба мен қару-жарақты жасай білген.
Наймандардың діні христиан діні болған. Бұл жағдай наймандардың рухани мәдениетінің дамығанын керсетеді.
Керейлер
Керейлердің саяси этникалың жағдайы
Керейлердің шығу тегі туралы ғалымдар әр түрлі пікір ұстанады. Біреулері монғол тектес десе, енді біреулері ежелгі түрік тайпасы дейді.
Керейлер Солтүстік Монғолиядағы Селенга, Онон өзендерінің жағасын мекен еткен. Астанасы Орхон өзені жағасындағы Қатынбалық қаласы болған. Керейлер 1007 жылы христиан дінін қабылдаған. Керейлердің билеушісі Тұғырыл хан Шыңғыс ханның әкесі Есукей батырдың досы болған.
Шыңғыс ханның әскерінен жеңілген керейлер Шығыс Қазақстан, Алтай өңірін мекендейді. Кейіннен Алтын Орда мен Ақ Орда құрамындағы тайпалардың бірі болады. Керейлер Ашамайлы және Абақ керей деп екі тармаққа бөлінеді.
Керей - Орта жүздің басты тайпаларынын; бірі. Қазіргі кезде керейлер Қазақстаннан басқа Қытай, Монғолия, Ресей, Түркияны мекендейді.
Шаруашылығы
Негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Төрт түлік малдың барлығы өсірілді. Аң аулау, балық аулау керейлерде көп кездеседі.
Қоғамдық құрылысы
XI—XIII ғасырларда керейлерде феодалдық қатынас орнады. Хан басты билеуші болды. Тайпа ұлысқа бөлінді. Жүздік, мындық, түменге бөлінетін әскерлер болды. Керейлер салық жинаушыларды шерби деп атады.
|