Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет131/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

екен. Күләнді соған шақырыпты. Күлән олармен қатынасын үзгісі
келмейді: бірге оқып жүрген жолдас қой, өсектей береді,— дейді.
Олар онсыз да өсектемей жүр ме? — Япырай! Сіздікіне енді қалай
барамын?—   деді.   Мен   оларды   елеме   десем   де,   болмайды.   Не
ғажап?! Солармен не қатынасы бар екен?!».
«Март — 19.
Мұнда   «Қаланшаның»   сағаты   бір   дұрыс   соғылмайды.   Қасынан
етіп бара жатқан кісіден: — Қай уақ болды?— деп сұрап соғады
екен. Мұндағы оқушылар неткен көргенсіз: екі бала сөйлескенде:
іспектакіл бола ма? Болса, ойнасшылармен (орысша бл...дармен)
жүреміз бе деп ойлап едік депті, (онысы жолдас қыздары; ішінде
Күлән да бар)».
«Март — 21.
Әбікенде қонақта болдық. Қымыз іштік. Аса қызық болмады: екі
қыз (Күлән мен Жәкім) жолдастарының наурызына кетіпті.
Күлән   оларды   жамандайтын,   жек   көретін.   Жек   көре   тұра
олардың   сауығына   кеткенін   не   деп   білу   керек?   Оларды   сыйласа
жамандамас еді. Бұл қызда бет болмағаны ма? Қайратсыздығы
ма? Өсектен қорыққаны ма? Жақсыны жақсы деп сүйіп, жаманды
жаман деп жиренбеген кісі — ешнәрсені талғамайтын, тұтынған
жолы жоқ адам болу керек қой. Менің әспеттеп жүрген періштем
осындай болды ма? Қайғы... бұдан үлкен қайғы жоқ. Өзі не дәлел
айтар екен? Көреміз».
«Март — 22.


Кешке   сол   үйде   болдық.   Қыздардың   наурызы   туралы   сөйледік.
Жеңгесі бізге қосылып, олардың барғанын теріс қылды. Күлән өз
ісінің қате екенін мойнына алды. Жеңгесі әдейі Қапаймен сөйлескен
боп   отырды.   Біз   пештің   қасында   түрегеп   тұрып,   азырақ
сөйлестік. Мен біздің пәтерге келуін сұрадым. Ол өсектен қорқа
береді, осы қаладан кеткен соң... дей береді».
«Март — 24.
Сағат алты жарымда школға жиналысқа бардым. Жиылған жоқ
екен. Есік алдында біраз тұрдым. Қасында бір кішірек бала бар,
бұрыштан Жәкім шықты, қолында шиыршықтап ұстаған қағазы
бар. Жасы он тоғыз, жиырмаға келіп қалған қыз ғой. Ол туралы
өсек аттың қара қапталынан. Бозбаламен жүрем деп сабаққа ере
алмай, бір орыс үшітелінен даярланып жүр деп естігем.
Мені көріп, қасындағы баласын бір жаққа жұмсады. Баласы кетіп
бара жатқанда, дауыстап: Күлән да, Мәдише де келді деп айт!—
деді. Ол — маған естірткені.
Орыс қыздары қасынан бозбала өтіп бара жатса, өлгенше қызық
сөз   айтып   келе   жатқандай,   бозбала   қарасын   деп,   саңқылдап
сөйлесіп,   қаңқылдап   күлетін   еді.   Жәкімнің   мына   саңқылдауы
аумаған   солардың   мінезі.   Бұзылған   қыздардың   барлық   сыртқы
мінезін   жаттаған   да   қойған.   Саудагер   әйелдер   еркекке
жұғысқысы   келсе,   не   тамағын   кенейді,   не   көзін   қысады,   немесе
сондай   бір   айқын   белгі   береді.   Мына   қыздардың   өтірік   күлуі,
саңқылдауы   да   соның   ағайыны   ғой.   Япырау!   Оқыған   қыздардың
бәрі осы боп кеткені ме? Сызылған қыз қылығы бола ма?».
—   Онысы   рас-ау!   Оқыған   қыздар   тіпті   еркекті   өзі   шақырып
тұрады ғой.
—   Бұл   енді   орыс   қыздарының   мінезі.   Біздің   қыздар   да   солардан
тәлім алады ғой. Сынық екеш сынық та жұғады дейді.
— Сүйткенмен кішкене иба керек қой.
— Әрине.
«Март — 26.


Кешке сағат алтыда Күлән біздікіне келді. Есікті жауып алып көп
сөйлестік.   Өткен   өмірді,   өсекті,   мінезді,   махаббатты,   келешек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет