Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет128/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

шешесімін деді. Отырған соң: — Жаушы боп кеп отырмын,— деді.
Менімен   жақын   болғысы   кеп   (маған   тигісі   кеп),   пәленше   деген
байдың қызы жіберіпті. Күйеуін менсінбей, қаладағы Әбікен деген
үшітел ағасының үйіне келіп жатқан. Жасырақ ақ шұнақ қыз еді...
лақ   секілді.   Әлде   Әбікеннің   маған   қатын   алу   туралы   сөйлей
беретіні:   өз   қарындасын   бергісі   келді   ме   екен?..   Әлгі   қатынның
сөзіне   сенер-сенбесімді   білмедім.   Х-ның   бір   қулығы   ма   деп,
сақтандым:
—   Қыздан   белгі   хат   әкеліңіз,—   дедім.   Қулық   болса,   білінер.
Әйтпесе шын шығар».
— Қыз да жігітке сөз салады екен!
— Күйеу керек болғансын қайтсын? Әлде Ақбаланы сүйген шығар.
Өмірдің өзі де қызық қой! Ақбаланы әлде бір қыз жақсы көреді.
Ақбала   Күләнді   жақсы   көреді.   Күлән   әлдекімді   сүйеді?..   Мен   де
сүйттім ғой... Басқа сөзді қойып мынаны оқиық.
«Март — 13.
Бүгін Күләнға хат жаздым. Әткез алмасам неғылсын...
Аңға   шығу   сырт   жағынан   қарағанда   онша   қызық   болмаса   да,
көңілде   недәуір   әдемі   сурет   қалдырыпты.   Таңертең   төсекте
жатып, көзіме елестеттім.
Тау. Тау ішінде бір белден бір белге созылып жатқан шананың ізі.
Бірі ой, бірі қыр. Тау беті, жолдың екі жағы орман. Аппақ сіреу
қар. Аңшы бастанып киген брезент сулығымыз, мойында қос ауыз,
астымызда   қылан   ұрған,   ағылшын   ертоқымды   аттарымыз,


артымызда   сыңқылдап   күліскен   қыздар,   мықырайған   Жәкімнің
бөксесі   ерге   сыймай,   қорбиып,   пәлтесі   тырысып,   үрген   местей
қоқиып, аяғының басын аттың қолтығына тығып атқа отырысы:
қолындағы қамшыға, тізгінге ие болмай, қолбағын кие алмай келе
жатқаны, Күләннің қазақша ықшам күпі, түлкі тымақ киіп, атқа
ерекше қаздиып отырып, атын шаужай қақтырып аяңдатқаны,
жарысқанда тақымы қозғалмай, етегі шашырамай, артымыздан
жетіп, басып озып, бірдеме деп тісі ақсиып күліп өткені. Қадиша
жеңгейдің барлық көмейін көрсете қарқылдағаны; пелшер атынан
айырылып,   атты   мен  қуып,   шоқанақтағы  қалың   қарға   омбылап
ат-матыммен   жығылғаным,   үсті-басым   қар   боп,   аунап
түрегелгенде Күләннің күліп, қашқан атты қайырмалап ұстағаны,
қайтарда екеуміз тізе қағысып келе жатып сөйлескеніміз. Күлән
жеңгесіне:   жорға   салыстырыңдар,—   деп,   Жәкіммен   екеуін
оздырып   жіберіп,   менімен   оңаша   қалғаны;   біз   Жәкімнің   атын,
отырысын   қожалар   сияқты   деп   мысқылдағанымыз;   Қадиша
жеңгейлерді   артынан   қуып   жетіп:   келіңіз,   аударысайық,—   деп,
қолымыздан   тартысқанда   жеңгейдің   еңсеріліп   түсіп   қала
жаздағаны,   —   бәрі   қазақтың   еркіндігін,   қыз,   бозбаланың   ойын-
күлкісін көзге елестеткендей, көңілге бір түрлі тәтті, жүрекке бір
түрлі жылы әсер қалдырыпты...
Кешке Қапай екеуміз ойынға бардық. Құлдық дәуірінен бір бөлімді
— драма қойылды. Қадиша жеңгей, Күлән, Жәкімдер де келіпті.
Күләнға анда-санда қарап отырдым. О да ойланған кісідей, кірпігін
салмақпен қағып қарай берді. Бізді шығарып сала ма деп, ойлады
білем,   жеңгесі   мен   екеуі  жұрт   шығып   жатқанда,   есік   алдында
аялдап тұр екен. Қапай үйіне қайтатын болған соң, олар кешегі
орыс пелшермен еріп кетті.
Орыс пелшердің Қадиша жеңгеймен қалжыңы, көзқарасы жаман.
Күйеуі жоқта бірдеңе қып жүр ме екен? Әйелге сенім де жоқ...
— Қойшы, орыспен не үйтсін? Еркектер де өсектей береді екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет