Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет136/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

дәлелдеріне   тоқтайды.   Өйткені   Балташты   білмейді   деп
ойламайды...
Шілденің   шаңқан,   шағыл   күні.   Жасыл   жағалау   Ертіс.   Ертіс
жүзінде су сызып ақ барақот келеді. Ақ барақот үстінде Ақбілегін
қолтықтап,   уыз   қымыздай   кәусар   ауаны   кеудесін   кере   сіміріп
Балташ сайран етеді. Сайранға тойса, жан-жағының бәрі айна,
жарқыраған   салонға   кіреді.   Қос   бұрымы   арқасына   салбыраған
аспан көз, жаңа өспірім ақсары қыз, қазықша қаздиып, пианиноға
күңгірлетіп   күй   шалады.   Оң   бұрышта   кішкене   үстелді   ортаға
алып,   ақ   жаталы,   қошқар   тұмсық,   біз   тұмсық   төрт   саудагер.
«Пас», «Бис»... деп, препаранс (карта) соғады.
Балташ   пен   Ақбілек   жас   қыздың   күйін   тыңдап,   шытырдай   ақ
дастарқанды үстел басына отырып, ақ киімді матүшкеге тамақ
алдырып ішеді.
Балташ   үстелде   жатқан   жіңішке   қағазды   алып,   тамақтың
тізімін оқиды:
—   Скеблдің   бтикесі,   гректің   тептелі,   полыданың   зыразы,   тағы
бірдеменің   антрикоты,   толып   жатқан   беп-алестрогон,
бефштекс, лангет дей ме, пилет дей ме, қой еті, бұзау еті, қаз еті,
кауап,   қырғауыл,   бұлдырық,   түйе   тауық,   ростбип,   шабылған
шошқа, «тұздағы тіл, төс ет — дершт шорт тебе дерий... Мұның
қайсысын жейміз?
— «Шор тебе дерий» дегені де бар ма екен?— деп Ақбілек мырс
етеді.
— «Шорт тебесі» жоқ, әйтеуір дериі бар.
— Өзің қайсысын жейсің?
— Мен осы антрикот, сантрикотының жайын білмеуші ем, қой
етін жейін,— деді.


Ақбілекке Балташтың ол сөзі де қызық көрінді, ішек-сілесі қатып
күлді.   Ақбілек   күлгенде,   қошқар   тұмсық   саудагер   қылмыңдап,
қарай қалады. Ол Ақбілекке манадан жаман көзді жіберіп, қиялға
батып отырған ғой.
Ақбілек күліп отырып:
— Мен бұлдырықты-ақ жейін,— дейді.
Ет артынан «Жигули» сырасынан екі бөтелке ішіп, Ақбілек екеуі
екі   кісілік   тап-таза   каютасына   (бөлме)   келіп,   солқылдақ
кереуетте   біріне-бірі   қарап,   қисайып   жатып,   «Бузатер»,
«Ісмеқаш» журналдарын оқып, мәз болысып күліседі.


Балташ:
— Тамақ сіңіруге күлген жақсы,— деп қояды.
Өмір сәнді, өмір қызық! Бәрі күлкі. Жаңада ғана қосылған екі жас.
Қабақ қағысынан ойларын танысады. Бірін-бірі ренжітерлік түрі
жоқ.
—   Әлгі   жепеңнің   саған   көзді   қадап   отырғанын   байқадың   ба?—
дегенде, Ақбілек:
—   Сен   де   андып   отырады   екенсің!   —   деп   күлімдеп,   мақтанып
қояды. Балташ:
—   Сен,   шырағым,   байқа!   Жепекеңдер   бәлекет   келеді,—   дейді.
Ақбілек онда:
— Өзің байқадың ба? Бүгін командир де менің орамалымды әперді
ғой,— дейді.
Балташ   оған   көтеріліп   қалады.   Көтерілмей   қайтсін?   Мұндай
келіншекті Балташтан басқа кім алды?
Ақбілек   көрген-білгенін   Балташқа   айтып   келеді.   Балташ
қызметтен   келгенде,   кімнің   не   сөйлегенін   айтып   отырады.
Сөйлескен   сайын,   бірінің   білгені   біріне   ауысады.   Кейде   Балташ
баяндама,   отчет   жазғанда,   Ақбілек   көшіреді.   Ақбілек   бірдеңеге
алданып   жатса,   Балташ   барып,   тамақ   әкеледі.   Екеуі   бірге
күйінеді, бірге сүйсінеді. Өйткені дененің басқалығы болмаса, екеуі
бір кісіміз деп ойлайды.
Екі күн өтіп, үшінші дегенде екі жас Зайсанға жетті. «Шықтық»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет