Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет138/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

шықты.   Балташты   сүйемелеп   апарып,   Ақбілек   төсекке
жатқызып,   жеңгесі   мен   екеуі   ыдыс-аяқтарын   жинауға   кірісті.
Төлеген де «Құдайдың бергеніне шүкіршілік» етіп, демін бір алды.
Екі-үш күндей Ақбілек, Балташ аға, жеңгелерімен әр үйде қонақта
болып,   кешкісінде   жалаң   бас   лампыша   жырпылдаған   жаман
суретін, «Аулақ үйдің әрі-берісін» қып жатқан спектаклін көріп,
қаланың сый-сияпатына қанған соң, елге шығуға қамданды.
Төлегеннің өз елі ғой. Және Балташқа деген соң, жұрт ат аяй ма,
төрт-бес ат табылып қалды. Таулы жерге арба жүрмейді, салт
атпен жүру керек қой.
Көк   ала   жорғаны   көрпе   салып,   жеңгейге   ерттеді.   Жарау   боз
атты   Ақбілек   мінді.   Жирен   қасқа   атты   Төлеген,   қара   атты
Балташ мініп,  қастарына бір жолдас алып, сәске кезде қаладан
шықты.   Төлеген   былай   шыққан   соң   Күлікенің   өз   алдына   алды.
Жеңгей атқа мініп, артық үйренбеген кісі ғой: бір қолымен ердің
қасынан ұстап, аяғын үзеңгінің сағасына салып орнатқан омақаша
қопиып буынын билей алмай, қолп-қолп еткені Ақбілекке айт пен
тойдан да қызық болды.


Шілденің   жылдай   күні.   Түске   таман   жолаушылар   тау
бөктеріндегі бір ауылдан бағлан жеп, қымыз ішіп, күн қайта тағы
атқа отырды.
Манағыдай   емес,   жеңгейдің   өне-бойы   ауырып   қалыпты.   Қатты
жүріске жарамай, көк аланың аяң жорғасымен тайпалтып келеді.
Ақбілек   қажыр   емес,   сипай   қамшылап,   сау   аяңдатып   келеді.
Жалғыз-ақ   Күлікен   қалғып-шұлғый   береді.   Оны   кезекпе-кезек
алдарына алысады.
Кіші бесін кезінде әйелдер шөлдедік деген соң, өзен бойындағы бір
ауылға   бұрылды.   Желісінде   он   шақты   құлыны   бар   бір   үлкен   үй
орталықта: оның оң жағында бір ақ отау тұр. Жолаушылар сол
отаудың   сыртына   келіп   тұра   қалды.   Есік   алдында   көрінген   бір
балалау жігітті шақырып, сөйлес қылды. Ақ отау Бекболаттікі
дегенде Ақбілектің жүрегі болар-болмас бүлк ете түсті. Әйтсе де
осында түскісі келді.
Бала   жігіт   жүгіріп   үйге   барған   соң,   тымағын   қисайта   киіп,
шапанының   бір   иығын   жамылып,   бір   иығын   жүре   сұғынып,
қолбаңдап   Бекболат   шығып,   қонақтарға   абдырап   қарсы   жүрді.
Анадайдан   сәлем   беріп,   келе   Балташтың   атын   ұстады.
Баяғысындай   алақанын   қалақ   қып,   Төлегеннің,   жеңгейдің,
Ақбілектің   алақанына   жапсырып,   амандасты.   Ақбілектің   көзіне
көзі түсіп кеткенде, қызарыңқырап қалды. Құрақ ұшып жүгіріп,
есік ашып кіргізіп жүр.
Төсегінің алдында бұйығылау, келте мұрын, қара торы келіншек іс
тігіп отыр екен. Ақбілектің көзі алдымен соған түсті. Келіншек
те   тымырайып,   әйелдерге   көз   астымен   қарады.   Еркектермен
тізелесіп төрге шығып кеткенін сөкет көрді, немесе Ақбілек өзінен
артық болғанға күндеді ме, кім білсін, әйтеуір «адырам қал» деген
қарас еді.
Бекболат жігіт жіберіп, дереу үлкен үйінен қымыз алдырып, өз
алдына   дастарқан   салып   сапыра   бастады.   Ақбілек   тура   қарай
алмайды;   күнәлі   кісіше,   күйбіжеңдеп,   сасқалақтай   береді.
Бекболаттың   құрақ   ұшып   отырғанын   келіншегі   жаратпаған


тәрізді,   келте   мұрнын   жоғары   көтеріп,   шығып   кетті.   «Жаман
шіркін! Сыр білдіріп қояды-ау!» деген кісіше, қатыны шығып бара
жатқанда Бекболат ала көзімен бір қарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет