Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет137/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

деп телеграм берген ғой. Төлеген мен жеңгесі де кішкене «қызын
көтеріп, пірістанға келіп тұр екен. Анадайдан бірін-бірі көргенде,
Ақбілек пен жеңешесі:
— Аһ, жеңеше!
— Аһ, Ақбілек! — десіп, аяқтары жер басқанын сезбей, біріне-бірі
ұмтылды.
— Е, жеңеше-тайым!
—   Е,   бауырым-ай!—   десіп   қуанғаннан   көздерінен   жас   ыршып,
құшақтасып, қайта-қайта сүйісіп жатыр.


—   Денің   сау   ма,   қарағым!—   деп   Төлеген  қарындасының   бетінен
сүйді.
Ақбілек кішкене сіңілісін шопылдатып, бауырына басып:
— Жігіт боп кетіпті ғой!— деп жатыр.
Балташ   Төлегенмен   бұрын   да   таныс:   бірге   қызмет   қылысқан
жолдасы ғой. Бұрын «Балташ жолдас!» деуші еді; енді «жолдас»
деуді кеңсе тілі көріп:
— Қарағым, саумысың,— деп аузынан сүйді.
Жеңгесі де Балташпен таныс. Балташтың тәуір жігіт екенін —
олар да біледі.
Бұрын Төлеген Балташты: «Икемге көнбейтін, бір беткей, қазақ
жайын білмейді»...— деп ішінен ұнатпаушы еді. Енді ол ойы да
жоғалып кетті. Өйткені ол — енді туған күйеуі, ол — кіндіктен
келген   үлкен   кемесер.   Енді   Балташ   туралы   не   деп   жаман   ой
ойласын? Күйеуіне буланбаса.
Екі   бержебай   даяр   екен.   Төлеген   Балташты,   жеңгесі   Ақбілекті
қолтықтап,   екі-екіден   отырып,   көшені   сықыртып   өтіп,
бұрқыратып, пәтеріне алып келді.
Күйеу келе жатыр дегеннен, аға, жеңгесі пәтерін тұянадай қылып
безеп,   бір   бөлмені   екеуіне   арнап,   керауат   құрып,   кілем   төсеп
қойған   еді.   Қызара   бөрткен   неше   түрлі   тәтті   бауырсақ,
парамыш..   самса,   кәмпит,   мәмпәсилер,   шекілдеуік,   пісте,
жаңғақтар,   пешениялар   тарелкелерде   саусылдап,   ұлыстың   ұлы
күні болатындай үлкен үстел лық толып, ақ дастарханмен беті
жабылып, құрметті қонақтарды күтіп тұр еді. Кек бас, қызыл
бас,   алтын   бас   бөтелкелер   де   бупет-шкапта   көл   жағасындағы
қаздай   мойындарын   созып   шытынап,   быжынап,   «Бізді   қашан
ішесіңдер?»   деп   қылқылдап   қарап   қоюшы   еді.   Төлеген   кемесер
күйеуіне өзге арақты олқы көріп жиырма бес сомға бір бөтелке
«ІПампански» алған еді.
Қонақтардың түскенін естіген соң, уездің сорпаға шығарымыз деп
жүрген,   шалбарларының   тізесі   қалталанған,   пенжегінің   артқы
етегі   жымырылған   шолақ   кемесерлер   де   Төлегендікіне   Мекеден


қажы келгендей ағылды. Төлеген хабар қылған ғой. Түтін андып
жүретін, өлеңінде бес тиындық құн қалмаған салдаман әншілер де,
тарысы піскеннің тауығы бола кететін «Бөстекі» даяшылар да
келді.
«Құтты   болсын!»,   «Жоғары   шық!»,   соғысқан   орындық,
сапырылысқан   кісі,   салдырлаған   ыдыс,   сылдырлаған   шанышқы,
пышақ, үремке бәрі араласып, Төлеген үйі құдды жәрмеңке болды.
Үремкелер шіңгірледі, шампанский мұрынға шапшып быжылдады,
арақ   ішілді,   ән   соғылды.   Жұрт   дуылдады.   Ақбілек   Балташқа
тигенде,   екеуі   астанадан   келгенде,   соқпайтын   не   бар?   Бұдан
артық   қуаныш   бола   ма?!   Құй   арақты!   Көтер   үремкені!   Соқ
өлеңді! Е, кулет шіркінді! Сүмірейт! Пәле!
Қызумен   отырып,   жұрт   көп   ішіп   жіберген   екен.   Бастар   бос
мойын,   аяқтар   резеңке,   қабырғалар   төбеге   шығып,   үстелдер
әткеншек   ойнаған   кезде,   қонақтар   да   біріне-бірі   сүйеніп   үйден


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет