Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет140/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

Төлегеннің   келетінін   естіген   соң,   ақсақал   отауын   оң   жағына
тіктіріп күтіп отыр еді.
Тайлы бала ауылға шауып келіп:
— Ағатайымдар келе жатыр! Ақбілек те бар!— дегенде, ақсақал
үйде отырып, қалғып кеткен кісіше:
— Әһ! Не дейді?— деп басын жұлып алды.
Ақбілек   баяғы   кеткеннен   үйіне   қайтып   келген   жоқ   еді.   Ақбілек
оқып жүр деп ақсақал естуші еді. Бірақ «Қыз оқып не болады?»


деп   ішінен   ұнатпаушы   еді.   Баяғыда   баласы   екені   болмаса,
Ақбілектен   біржола   күдер   үзген   еді.   Оны   көремін   деген   ойында
жоқ еді. Ақсақал енді қайтерін білмеді. Үйде отыра ма? Алдынан
шыға ма? Қалай амандасады. Дым көрмегендей тымпиып отыра
ма? Кешірім сұрай ма? Бұл бір шұғыл оқиға болды.
Сүйткенше болмады, қатын-қалаш шулап:
— Әне шықты! Төрт кісі!.. Жоқ, бесеу... Екеуі әйел... Біреуі келін
ғой!..— дескен дауысқа ақсақалдың бүйірі қызып, отыра алмады.
«Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал барып сәлем
берсін»   деген   мәтелді   есіне   алып,   үйде   отырсам,   қуанбаған   боп
көрінермін деп тысқа шықты.
Шықса сауылдап келіп қалған екен. Ақ боз атқа мінген ақ киімді
біреу көрінді; алдына Сараны мінгізіп алыпты. Бұл орысың кім деп
тұрғанда, Ұрқиялар барып, түсіріп бетінен сүйе бастады. Сүйтсе
Ақбілек   екен.   Боз   аты,   ақ   киімі   аруақтанып   көрінді   ме,   ұлық
келгендей, ақсақал әнтек қорынайын деді. Ауылдың еркектері де
ақсақалдың қасына жиналып қап еді.
Төлеген мен Балташ келіп ақсақалға сәлем беріп, қолынан ұстады.
—   Мынау   күйеу   балаңыз   —   Балташ   деген   жігіт,—   деп   Төлеген
таныстырды. Ақсақал:
— Е, аманбысың, шырағым! — деп сасыңқырап қалды. «Қайырлы
болсын!» тәрізді бірдеңе айтқалы оқтанса да, аузына лайықты сөз
түспеді.
Оның артынан Сараны ертіп, Ақбілек келіп, әкесіне қол берді.
— Қарағым, Ақбілекпісің?— дегенде дауысы қалтырап, көзіне жас
кеп   қалды.   Әйтсе   де   күйеуінен   именіп,   жасын   әрең   тоқтатты.
Ақбілек мұңайып төмен қарады. Ақсақал баласына қарап:
— Дені-қарның сау ма, қарағым!— деді.
Қатындар   келінді   келіншілетіп,   үйдің   артынан   айналдырып,
отауға кіргізді.
Ауыл кісілері қол ұстасып, амандасып болған кезде, ақсақал:


—   Әй,   жол   беріңдер,   үйге   кірсін!—   деді.   Қонақтар   үйге   кірді.
Олармен бірге ақсақал да кірді. Қатындар келінге шымылдық іздеп
еді.
— Қой, әуре қылмаңдар! Жасырынбай-ақ қой, шырағым! Лұқсат!
Салтында   жоқ   жұмыстың   не   керегі   бар?—   деп   келінін
жасырындырған жоқ.
Қатындар шуласып:
— Е, ақсақал, үлкен кісі! Балаларың кеп, көзайым болды ма?.. Мына
жігіт   күйеу   бала   екен   ғой?..   Өмір   жастарың   ұзақ   болсын!..
Балаңыз құтты болсын!— десіп жатыр.
Ақсақалдың көңілі тасып отыр...
Әй-жәй   болған   соң,   ақсақал   айдың   жарығымен   үйінің   жанында
қой сойғызып отырып:
— Күйеу бала қай ел екен? Білдіңдер ме?— деп Әмірден сұрады.
Әмір манадан бері Төлегеннің жолдасынан мәні-жайын сұрап, біліп
қойған ғой; өзі де айтқалы қыбыржып отырған кісі ғой:
—   Семейлік,   тобықты   болса   керек.   Үлкен   орындағы   төре   екен!
Орынборда қызмет қылады екен!— деп көптірді.
Ақсақалдың көңілі манағыдан да бетер қарыс көтерілді. Таңертең
Ақбілек пен келіні далаға барып келе жатқанда, ақсақалдың көзі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет