Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет142/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

бар? Жұп-жуас, ұялшақ бала емес пе еді!» деп ойлайды. Қалайда
Ақбілек жат. Ақбілек өнерлі. Ол енді ақсақалдың ғана баласы емес,
көптің баласы. Енді ақсақал одан именеді. Мынауың теріс деуге
бата   алмайды.   Баяғы   өзінің   қаталдығын   ойлағанда,   өзінен-өзі
ұялады. Кешірім сұрасам қайтер еді деп бір ауық ойланады. Бірақ
әке   басымен   балаға   кішіреюді   лайық   көрмейді.   Сондықтан
Ақбілекке кездескенде:
— Қарағым, немене?.. Шөлдеген жоқсың ба? Қымыз іштің бе?—
деген сияқты қалбалақтап қалды.
Әкесінің онысын Ақбілек те сезеді. Әкесін аяйды.
— Жоқ, әке! Шөлдегем жоқ...— деп еркелеген секілді, қасына келіп
отырып, бала оқытқанын, жеңгесінің тілі келмегенін, әйелдердің
күлгенін әңгіме қылады.
— Қарағым-ау! Елге келіп тынығады десе, жүдеп қаласың ғой... О
қатындардан   не   шығады   деп   жүрсіңдер?—   деп   маңдайынан
иіскейді.
— Әке-ау, заман оқығандікі ғой! — дейді.
—   Оқығанмен   келін   екеуіңдей   болар   деймісің!—   деп   баласын
көтеріп қояды.


Ақбілек   әкесімен   айтыспады.   Әкесін   жаңа   тауып   алғандай
қуанады.
Сара он екіге шығып, ұзын көйлек киіп, бұрымын артына селтитіп
өріп қоятын болған екен. Ақбілек оған:
—   Сен   қыз   болмай-ақ   қой.   Басыңды   биттетпе,—   деп   шашын
алдыртып   тастады.   Сараны   қайтарында   өзі   ала   кетіп,   оқуға
бермек боп қойды.
Қажікен   азамат   боп   қалыпты.   Бірақ   өгей   шешенің   қолында
өтірікші,   тұнжыр,   ұрысқақ,   кекшіл   боп   өсіпті.   Оны   Төлеген
қолына алып оқытпақшы болды.
Ұрқияны қастарына ертіп, Ақбілек пен жеңгесі далаға барады, көл
басына барады. Өткен балалық күндерді есіне түсіреді.
Бір күні Ақбілек сөзден-сөз шығып отырып, Ұрқиядан:
— Жеңеше-ау, осы баяғы Мұқаш не болды?— деп сұрады.
— Естімеп пе едің? Сол жылы қысты күні шығар деймін, жоқ боп
кетті ғой,— деді.
— О қайда кетті?
— Кім біледі, біреу өлтіріп тастаған шығар,— деді. Ақбілек:
— Өзі де елдің қарғысын көп алып еді,— деді.
— Қарғыс қоя ма? — деп, Ұрқия да қостады.
Матайдың   Әбені   екі   ұрысын   жіберіп,   жайғастырғанын   бұлар
қайдан білсін.
Күлікен Сараға ермек болды. Мойнына мінгізіп жүргені.
Ұрқияның Іскендірі де беске шығып қалыпты. Ұрқия жанынан екі
елі тастамайды.
Іскендір тым-ақ сүйкімді, түрі де көркем: мінезі де өжет. Шешесі
өте   зерек   деп   мақтайды:   балалармен   қосылып   ән   салады:   қой
күзетеді;   бұзау   үйретеді;   ойынға   бір   жалықпайды;   ауылдың
малын түстеп таниды. Бірақ тез қатыр, ашуланшақ; бір баладан
жығылып қалса да, жарысқанда қалып қойса да, жатып төбелес
салады; өз ырқы болмаса, айтқанға көнбейді дейді.
Бір күні Ақбілек пен Ұрқия көл жиегіне барып жуынып отыр еді.
Сара бар, Күлікен, Іскендір бар, ауылдың өңшең ұсақ балалары суға


шомылып, жиекте жүгіріп, жарысып ойнап жүр еді. Бала бірін-
бірі жылатпай жүре ме, кішкене Күлікенді бір бала жүгіріп келе
жатып,   қағып   кетіп,   жылатып   қойды.   Іскендір   оны   көре   сала
жүгіріп   барып,   жыққан   баланы   кішкене   жұдырығымен   іштен
қойып-қойып жіберді. Ана бала үлкенірек болса да сасып қалды.
Ұрқиядан   қорқып   түк   қыла   алмады.   Іскендірдің   мына   қылығына
Ақбілек сүйсініп:
— Іскендір, бері келші, қалқам! Ой, бауыр болғаныңнан айналайын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет