Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет37/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов
www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, соч 4 8, Реферат Балгожин А. Хетт, АКТ-ны және жаңа технологияларды пайдалану, Қорқыт ата дана, ҚМЖ 5 сынып, ҚМЖ 5 сынып, сцен, ҚМЖ 5 сынып, Менің панорамалық сабағым
қапты.
Қатын даладағы дуананы айналдырып, Мамырбайдың қызы деген
соң: «Ә!» деп іші сезе қойды. Дығырдай Мамырбайдың қызын бір
жұтым шалаппен жатқызуды жөн көрмей, «Саулы бозінгеннен»
бір қылым ұн сұрап алғалы және үйіне Мамырбайдың қызы қонып
отырғанын айтқалы, дереу сол үй жаққа жөнелді.
«Саулы бозінген» дегенге түйе екен деп қалмаңыз. Түйеден кісі ұн
сұрай   ма?   Бұ   қазақтың   да   жыны   бар   ғой,   әжептәуір   кісіні
«Бозінген»   деп   шығарып,   «Бұт   жимас»   демегеніне   шүкіршілік!


«Саулы   бозінгеннің»   кім   екенін   айта   кетеміз   бе?   Неміз   кетіп
барады? Бос сөзге жанымыз құмар ғой. Айтсақ айта кетейік.
Қулардың  неліктен  «Саулы  бозінген»   деп  шығарып   жүргенін   ит
біле   ме?   Бұл   өзі   Мұсабайдың   қатыны   еді.   Аузы   даладай   боп
кәртайып   қалса   да,   «Бозінген»   жаулығына   кір   жуытпайтын,
мақтаншақ, ұры кеппелеу кісі болатын. Тықпа сақал, бір мойын
жаман Мұсабай «Бозінген» бірдеңе айтса «Іңга» дей алмайтын. О
түгілі   «Саулы   бозінгеннің»   бір   ауылға   би   болудан   да   дәмесі
болатын; өзге қатындарға талай мойын салып, айғырлық қылам
десе де, Бірмағанның тымырсық қызыл қатыны әлде неше жерде
әпігін   басып,   аузын   ашырмай   жүретін.   Әйел   шіркін   ұрысқанда
қайдағы-жайдағыны қазатын әдеті емес пе?.. Қойшы не болса, о
болсын! Әлгі кедейдің қатыны сонымен «Бозінгенге» жөнелді дедік
қой. Ол өзі туысы бір табан жақын қызыл қатынға неге бармады
екен? Жоқ, қызыл қатынға бармай «Бозінгенге» жөнелуі де қулық
еді: қызыл қатын екеуінің араздығымен пайдаланып, «Бозінгенді»
тағы бір сауып алмақ еді. (бұрында  талай сауған ғой).  «Жаман
иттің   атын   Бөрібасар   қояды»,   демекші   «Бозінген»   әлгі   бір
шатасының   атын   Әнуарбек   қойған   еді   (қызыл   қатын   ғой   оны
«Шаза» деп жүрген.  «Бозінген»  құлағы түрік кісі ғой: түріктің
Әнуарбегін естіп, баласын соңдай қылмақ қой).
Көрші қатын үйге кірген кезде, «Бозінген» аузын қайыстай созып:
— Қойшы енді, Әнуаржан! Ұйықташы, қалқам! – деп, бір қолымен
Әнуаржанды қағып, келіншегімсіп қыпшасын қылмитып, бөксесін
бұлтитып,   өз   денесіне   өзі   сүйсінгендей   қылымсып   жатыр   еді.
Көрші қатын сипаңдап босаға жақта тұрғанын көріп, «Бозінген»
маңызданып қасын келіп:
— Күмсінай, жәй жүрсің бе?— деді.
—   Жәй   емес...   бір   жұмыспен...   –   деп,   Күмсінай   бір   жамбастап
сырғып, «Бозінгеннің» қасына келді. «Бозінген» әлдебір қызық өсек
айтады   екен   деп   кимешегін   желкесіне   қарай   бір   тартып,
жампаңдап,   құлағын   таяй   қойды.   Күмсінай   сыбыр   етті.
«Бозінген»:


— Ә, қойшы!— деп басын көтеріп алып: — Жалғыз отыр ма? —
деп мылтық ататын кісіше бұғып, тағы күбірлесті. Сөйткенше
болмады,   «Күйеу»   келді   дегеннен   жаман,   «Бозінген»   апыраңдап
түрегеліп, жалма-жан ауыз үйге барып, Күмсінайға қайталатып
бір аяқ ұн салып берді. Беріп жатып:
— Өзім де барам,— деді.
Күмсінай:
— Барғанмен көре алмайсыз: ұйықтап қалды, – деп еді. Ол «сөз
«Бозінгеннің»   құлағына   бит  шаққан  құрлы  кірген   жоқ,   қол   аяғы
жерге тимей, шошалада сүт пісіріп жатқан қара кемпірге барып,
көзін   ашып-жұмып,   естіген   хабарын   айтты.   Қара   кемпір   бір
тамсанып, отын көсей берді. Оған жарымаған кісідей «Бозінген»
шудасы желкілдеп, байын іздеді. Байы тысқарда дәрет сүртіп, бір


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет