Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет39/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов
www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, соч 4 8, Реферат Балгожин А. Хетт, АКТ-ны және жаңа технологияларды пайдалану, Қорқыт ата дана, ҚМЖ 5 сынып, ҚМЖ 5 сынып, сцен, ҚМЖ 5 сынып, Менің панорамалық сабағым
екенін   айтысып,   біреуі:   Айтжанның   көйлегі   тәрізді   екен,—   деп
енді   бірі:   Айтжандікі   бұдан   гөрі   қаттылау,   —   деп   тұрғанда
«Бозінген»   Ақбілекті   былай   қойып,   көйлек   жайынан   қыздармен
айтысып   кетті.   Оның   айтуынша   қыздар   дым   білмейтін   болып
шықты; Айтжандікі бес есе артық боп кетті. Айтжан қарағы
ұзатылмағанда,   орыстар   қырылысып   қалатын   екен,
масқаралықтан құдай бір сақтапты, өйткені аманында бергенін
«өзі» қалапты (екіқабат болғаны есінде жоқ).
Қатындар,   қыздар   біраз   дауласып,   қарқыны   басылған   соң,   үйді-
үйіне тарады.
«Бозінген» үйіне келген кезде Мұсабай бірталай ой ойлап, уысына
еш нәрсе түсіре алмай дал боп, қисайып жатыр еді. Keп былай:
Мұсабай   жаңадан   байыған,   мал   жанды,   қалтырауық   адам
болатын;   (бұрын   қаланың   жатағы   ғой,   қатыны   да   жатақтың
қызы ғой). Үйіндегі бас көтерер адам — қатыны; соның арқасымен
кісі   боп   жүретін.   Ана   жылы   жоғалған   бір-екі   биесі   Мамырбай
төңірегінен   шығып,   соған   қолы   жете   алмай   жүретін.   Өйткені
Мамырбайға   да   ел   керек   қой:   төңірегінің   ұрлық-қарлығына   ара
түспесе,   адамдығы   қайсы?   Мына   қызы   қолға   түсіп   тұрғанда,
соның   қаржуын   қайыруға   болмас   па   екен   деп,   Мұсабай   жаман
ойына   жүгіртіп   еді.   Қызды   тығып   қояйын   десе   ауылы   құрғыр
түгел естіп қойды. Өзге айтпағанмен Бірмаған барып жеткізеді
ғой.   Бірмағанмен   оның   малайын   азғырып   алған   туралы   жаздай
араз болып, қатындарының шайырғал екені есінде. Қызды біреуге
беріп   жіберуге   кім   даяр   тұр?   Ол   тағы   білінбей   қалмайды.
Ақбілекке   сұрау   салып   жүргені   мәлім.   Әлде   бір   епті   жігітке
масқаралатса   қайтер   еді?   Бірақ   онымен   де   не   кегі   бітеді?
Мамырбайды   шығындатқандай   бірдеңе   табу   керек   қой.   Қалай
шығындату   керек?   Міне,   бұл   мәселе   —   мәселенің   қиыны   болды.
Қатыны   келіп   қыздың   сұлулығын   мақтағанда,   өзінің   жаман
делебесі де қозды. Бірақ «Бозінгеннен» асар қауқар қайда?
— Қайтейін, сұлу болса! — деп кейіді.


— Қайт дедім саған?— деп қатыны да тежеп тастады. Сонымен
Мұсабай   күшеніп,   төңбекшіп   жатып   қалды.   «Әрі   жат!»   деп,
қатыны да шынтағымен бір түртіп, теріс қарап, өткен дәуренін
есіне алып, есінеп: «Осы жаманға қайдан тидім» – деп, тағы да
өкінді.
Түнде шайға оятқанда Ақбілек тұрмай, жатып қалған. Таңертең
Ақбілек   көзін   ашса,   үй   толған   кісі.   Оң   жағына   қараса,   немере
ағасы Әмір отыр.
— Қарағым-ай,— деп Әмір кемсеңдеп құшағын жайды.
— Ағажан-ай!—  дегеннен  басқа  аузына  сөз түспеді;  ағасын  бас
салып, солқылдап ағыл-тегіл жылады. Ауылынан келген екі жігіт
бірінен соң бірі көрісіп, кеңкілдеп, Күмсінайдың жаман үйін басына
көтерді.
Көріскен   кісіні   айырғанды   парыз   көріп   алған   қатындар   тоқтау
айтып, айқасқан қолдарын жазып, салиқалы «Бозінген» де пешке
сүйеніп:
— Енді қайтсын! – деп есіркеген болды.
Алайда   қатындардың   көңілі   бұл   көріске   жарымады:   өйткені
Ақбілек суырылып сөйлей алмады; жайшылықта, қыз ұзатқанда,
кісі   өлгенде   айтылатын   жырлардың   бірде-бірін   айтпады;
тұтқиылда   тығылып   қалған   жүрек   қызыл   тілге   құшырын   төге
алмады; ішке толған қалың шер кернеп келген бұлақтай қатты
ышқынған   жас   болып,   ыршып-ыршып   кетті.   Ақбілек:   жыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет