Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет41/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов
www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, соч 4 8, Реферат Балгожин А. Хетт, АКТ-ны және жаңа технологияларды пайдалану, Қорқыт ата дана, ҚМЖ 5 сынып, ҚМЖ 5 сынып, сцен, ҚМЖ 5 сынып, Менің панорамалық сабағым
әңгімелеріне   құлақ   салды.   Ақтардың   тұтылғанын   сонда   білді...
Әнеугі апанда бұғып жатқандағы қасына келіп, «Тоқтай тұр» деп
кетіп қалған қазақ Мұқаш екенін де топшылады. Өткен күндерді
бір-бірлеп   есіне   түсіріп,   жағалап,   қара   мұртқа   да   келді,   оның
түрлі қылықтары көз алдынан демде елестеп өтті. Енді мынау
ағаларының ортасыңда ауылына келе жатқанына таң қалды; таң
қалып қана қойған жоқ, өзін бейне бір арам сирақ ұрлық малындай,
әкесіне арам жегізетіндей көрінді. Енді бұрынғы нәрестедей уыз
денесі   былғанып,   арамданып   қалған   тәрізді,   бұрынғы   кіршіксіз,
аппақ кеудесіне енді қара құзғын ұя салып кеткен тәрізді; күнә-
сұмдықты білмейтін ақ жүрегі арамдықтың неше атасын біліп,
бұрынғы қыз басы қатын боп қалған тәрізді: бұл былғанған дененің
кірі,   жанның   күнәсі   өмірі   тазармайтын   тәрізді.   Өз   ауылының
тауына, жеріне жақындаған сайын таза жерді басуға өзінен-өзі
ұялын, атылып өліп кетпей, қара мұрттың мылтығына бекер-ақ
жармасқан   екем   деген   өкініш   пайда   болды;   ит   жалап   кеткен
ыдыстай, өзінің денесін де, демін де арам деп білді...


Осы арам демімен, арам аузыммен әкемнің иманды жүзіне қалай
жақындармын, қайтып оны да арамдармын? Құдайдан қорықпай,
оның құтты қадам мешіттей үйіне қалай кірермін? Кәпір сүйген,
аймалаған   аяғыммен   жайнамаз   салатын   жерін   қалай   денем
шімірікпей басармын? Көпірді құшақтаған арам қолымды қайтып
әкемнің   адал   дастарқанына   апарып,   қайтып   бір   табақтан   ас
ішермін!   Мұны   бұрын   ойласамшы!   Бұларды   есіме   алсамшы!
Шыбын   жан   құрғырды   ойлай   беріппін-ау...   Япыр-ау!   Бұлар   мен
туралы   не   ойлайды   екен?   Мені   арамдалмай   аман   келді   деп   кім
ойлайды дейсің? Әлде менің тірі қалғанымнан да өлгенімді тіледі
ме екен? Кім біледі, сөйткен де шығар. Мені көргенде, «Пәленшенің
орыс   бүлдіріп...   кеткен   қызы»   деп,   кім   көрінген   ішінен   ойлап
тұрады-ау! Әлде біреу әкеммен, не өзіммен егескен күні айтып та
салады-ау!..
Ойбай-ау! Менің  күйеуім  ше? Ол енді  менің маңыма   жолар  ма?
Орыстан   қалған   салдаманды   ол   неғылсын?   Тым   болмаса
бұзылмаған қаймағым, соған да бұйырмады-ау!.. Ол алмаса... онда
мені   кім   алады?   Мен   бір   ел-жұртқа   әйгілі   көзге   шыққан   сүйел
болған екем ғой! Ақылымнан адасқан сорлы мұны білсемші!.. Кеше
түнде арам денемді қасқыр боршалап неге жеп қоймады екен?!
Мені көргенде ауыл-үйдің адамы үркіп тұрады-ау!.. Мен өзгердім
ғой. Қатын болдым ғой, кәртайдым ғой; көзімнің алды көк таңба
шығар; егім сылқылдап, денем бос қалған шығар; белім бүкірейіп,
бөксем жалпиған шығар; аяғым талтаңдап, жүрісімнен жаңылған
шығармын.   Менде   не   сын   қалды   дейсің?   Ернім   кезеріп,   жатым
суалған   шығар:   орыстың   айнасына   қарағанда,   ажарым,   тайған
сықылды еді ғой. Жасыма жетпей кемпір қылды-ау, жасаған! Мен
енді   әкеме   құрт   аурудан   жаман   бір   масыл   болдым   ғой!   Өлмей
менен құтыла алар ма?..
Ей, тәңірім-ай! Осы келе жатқанда бір қазаға ұшырап кетсемші!
Астымдағы   ат   омақа   асып,   астында   тіл   тартпай,   қатсамшы!
Немесе жер ойылып жұтып қойсайшы. Болмаса үстімізден қара
бұлт   төніп,   нажағай   соқсашы.   Әйтпесе   албасты   басып


тұншықтырсашы!   Әнеугі   қаңғып   келген   орыс   енді   келіп   алып


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет