Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет84/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

тоқсан тарауы», «Алты бармақ», «Қыссасүл анбияларды» жатқа
соғатын,   шежіре   кісі   еді.   Жасында   Байшуақтан   бір   жаман
жығылғаны   болмаса,   балуан,   домбырашы,   әнші,   насыбайшы,
сықылдаған бозбала болған, қалжыңға да ұста кісі еді. Бұл күнде


насыбайы,   қалжыңы,   ескі   сөзі.   «Ондай   қыл,   мұндай   қыл»   деген
ойыны болмаса, өзге өнерінен жұрдай боп, дау қуып, ет аңдыған,
екі   күрек   тісінен   айырылған,   саптамасының   қонышы
салпылдаңқырап кеткен сұқымдау шал еді.
Отырысымен-ақ,   Әлдекей   әңгімені   шерте   бастады.   «Арун
Рашиттен» қозғады. Әз Жәнібек те, Жиренше шешен де, Лұқман
Әкімде кіріп кетті. Сол елдегі пәлен жақсы, түген билердің сөздері
де еске алынды. Қалайда, Әлдекей отағасының сөзі желге кеткен
жоқ,   көкірегін   қапырық   басып   жүрген   біздің   ақсақал   әңгімені
тыңдаған сайын, ауыл-отыннан қиялы алыстап, басқа бір дүниеге
кіргендей,   бұ   жалғанның   опасызын   білгендей,   көңілі   жадырайын
деді. Жадырағаны ғой:
—   Уай,   әлгі   қойшыны   шақыршы!..   Мына   кісіге   бір   тоқты   әкеп
сойсын... Кәрі саулықтың еті бар еді, оған тісі өтпес,— деді.
О   кезде   Әлдекей   қаз   мойын   қара   шақшасын   жаман   қоныштан
суырып,   бас   бармағын   сұқ   қолымен   қаусырмалап   тырнағына
насыбайын нәшіне келтіре сілке бастады. Манадан бергі тіл мен
жақты  безеп   отырғандағы   қаразы   да   —  бір   тіске   жұмсақ   еді.
Енді қара шақшаны қалай құтыртып сермесең де жарасты. Қақ,
шіркінді қақ.
—   Сен   осы   үйден   бір   күл   жағып,   насыбай   уқалап   алшы!—   деп
балалау жолдасына әмір қылды. Бағлан сойғызған соң, Әлдекейден
әмірі күшті кім бар? Әлдекейдің серпетін де жөні бар: мылтығы
бар мілитсе, агент немесе болыс болмаса, елдің кім көрінгенге мал
соя беруі сиреуге айналған, баяғыдай мол дәулет жоқ: шығын көп.
Және соғым соймаған бір жаман мезгіл ғой. Кешегі қонып шыққан
үйі   «Бір   сірі»   жегізіп,   Әлдекей   түйіліп   өліп   қала   жаздап,
жолшыбай боқтап келген ғой.
Әлдекей   отағасы   жеңінің   аузын   қоңыр   тібенмен   ұштаған   сұр
күпісін   желбегейленіп,   қызыл   елтірі   тымағының   мінер   жақ
құлағын   айқыш-ұйқыштай   жымырып,   шалқайып   отырып,   шәйді
да жақсы ішті. «Әйел баласы бір аяулы бала екен! Әттең, орыс
сөйтіп   тастағаны   болмаса!»   деп   ішінен   ойлап   қояды.   Өйткені


әкесі тоқты сойғызған соң, бұ бір сый кісі екен деп, Ақбілек қара
шәй салғызып  еді.  Шәйға қанып,  құрыс-тырысы жазылып  алған
соң, Әлдекей қайдағы жоқ күлдіргі қулық тауып алып, бәйбішесі
өлгелі езу, тартпаған ақсақалды күлдірді: тоқтының етін ақтап
жеу   керек   қой.   Қашан   ет   піскенше   Әлдекейдің   аузында   дамыл
болған жоқ. Бір сөздің кезегінде:
— Балаларды жүдетпей, бір шүйке бас алуыңыз екен,— деп басып
өтті.
Ақсақал Ақбілек жаққа көзінің қырын бір салып:
— Ой, Әлдекей-ай! Енді қартайғанда қатын алып не мәз боламыз?
— деді. Онысы: арғы жағын қатын алуға бел байлап қойса да, өзі
іздеген болмай, жұрт ұйғарып әпергенді қалағаны еді. Және бала-
шағаның көзінше «Қатын алам» деп қалай айтсын?
— Е, о не дегеніңіз? Әлі тұғырдан түсетін кезіңіз болған жоқ қой.
Екі   күрек   тісім   жоқ,   мен   де   Салиманы   құшақтап   жатырмын.
Қатын алмаған соң, ретіңіз келмейді ғой,— деген тәрізді бір талай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет