Table of Contents бірінші бөлім



Pdf көрінісі
бет92/143
Дата31.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#107212
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   143
Байланысты:
Ақбілек.-Жүсіпбек-Аймауытов

істерсіңдер,— деп еді; Бекболат сақау кісіше ымдап болмаған соң,
Ұрқия табақты ауыз үйге апарып, бір жапырақ кесіп беріп, қайта
әкелді.   Күйеулер   Ұрқияны   шақырып,   төртеу   болып,   табақты


жағалай   отырып,   ет   жеуге   кірісті.   Ұрқия   отырарда   Ақбілекке
қарап:
— Қарағым, жақын отыр! Бекболаттан несін ұяласың? Екеуіңнен
жақын кісі жоқ... Бұ да бір мереке емес пе?..— деп, түртіп еді.
Ақбілек   әнтек   қозғалды.   Әйтсе   де   табаққа   да,   Бекболатқа   да
қашығырақ еді.
— Иә, сүйтіңдер, тізелесіп отырыңдар! Ұялатын үлкен кісі жоқ
қой,— деп, Ақберген де айтты.
Екеуі   бірдей   қоймаған   соң,   Ақбілек   қозғалып,   Бекболаттың   оң
тізесіне шапанын сүйкей отырды.
«Жеңдер,  алыңдардан»   басқа,  дастарқан үстінде  пәлен  сөз  бола
ма?   Жасырын   келген   күйеу   түгілі,   етке   бас   қойғанда,   Әлдекей
ағайлардың   да   аузына   құм   құйылып   қалады.   Бәрі   де   әдепті,
сыпайы, бірін-бірі қалтықсыз сыйлап, шын көңілмен жақсы көріп,
өліп-өшіп отыр. Ет жеп отыр деймісің? Бұлар ырыс жеп отыр
ғой!
Бекболат   көз   қырымен   жарының   бетіне   қарап   қояды.   Ақбілек
бұрынғыдан   сұлу,   әдепті,   салмақты,   сәулем   болған   екен   деп
ойлайды.   Мұндай   жары   болғанына   ішінен   мақтанып,   мұртынан
жымыңдайды. Ақбілек әнтек именіп, бетінің ұшы ойып алғандай
қызара   береді.   Бекболаттың   бетіне   тура   қарауға   беті
шыдамайды.   Оның   салалы   саусақтарына   көзі   түскенде,
Қарамұрттың саусағы есіне түсіп, өз ойынан өзі ұялып отыр еді.
Күзгі беймаза қара шыбындай дәл осы арада есіне түсіп, мазасын
алғанға ішінен қынжылып еді. Бірақ Бекболат оны сезбейді. Сезді
ме   екен   деп,   Ақбілек   шашын   сипаған   боп,   шалқайыңқырап,
Бекболаттың бетіне бір қарады. Көзіне көзі түсіп кетті. Оның
көзі — сүйгенім  бір сен — деп тұрған тәрізді, талмау, буалдыр
көрінді. Ақбілек: «Мен де сенің жолыңа жаным құрбан дегендей
салалы, оқ кірпігін салмақпен қағып, майы жылтыраған қара көзін
бір төңкерді. Екеуінің де біріне-бірі көңіл тойды...
Тамақтан   кейін   Ұрқия   күйеу   мен   қалыңдықты   ертіп   шығарып
салды.


Екі жар қораның сыртына жеткенде, аяқтары қоюлады. Әнеки,
тоқтады.   Жар   қолы   жардың   белін   қысты.   Ақбілек   назданып
жоғары   қарағанда,   ай   жүзін   аспанда   ай   көрді.   «Сүйсең   сүй!»
дегендей,   жұлдыз   да   жымың   қақты.   Қылыш   мұрт   бал   ерінге
тигенде: 
Дем алыс ысынып,
Саусағы суынып,
Белгісіз қысылып,
Пішін құбылып:
Иығы тиісіп
Үндемей сүйісіп.
Мас болып...»
жатқанын ақын Абай болмаса, біз суреттей алмаймыз...
Аңсап   жолыққан   екі   асық   тар   төсекте   не   айтысып,   не
қойыспайды; таң атқанша, іш-пыш-мыш... деп көп сыбырласты.
Ол сыбдырды жазуға орман — қалам, аспан — қағаз, теңіз — сия
болу керек...
Және  қараңғы үйдегі  күйеу,  қалыңдықтың  сыбырын  тыңдайтын
жеңгесі біз емес, оны жеңгелерінен сұрай жатарсыз. Әйтеуір ел
тұрмай Бекболат атқа қонды. Ақбілек шапанын бүркеніп, қасында
тұрып, жеңгесі қолтықтап аттандырып, саулық тілесті.
Бекболат келіп кеткеннен былай, Ақбілек анасының қайғысын аз-
аздап   ұмыта   бастады.   Өйткені   өз   тілегі,   өз   өмірі,   өз   бағы
қызықтырақ, басымырақ бола бастап еді. Бұрынғыдан да бетер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет