Таңдау компоненті бойынша ОҚу бағдарламасы



Дата02.07.2018
өлшемі45,18 Kb.
#45843

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖқұжаты

Силлабус

ТК ОБ

042-18.1.33/01-2016

Таңдау компоненті бойынша

«Экономикалық ілімдер тарихы» пәнінің оқу бағдарламасы

1 баспасы


_________ 2016ж.




Таңдау компоненті бойынша

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Экономикалық ілімдер тарихы»

«6В050600 - «Экономика» мамандығына арналаған


Кафедра Экономика

Курс _1_

Кредит саны ______3____

Барлық сағат ___135_____

Дәріс ___30_____

Семинарлық (практикалық) сабақ __15____

Лабораториялық ____-____

БӨЖ ____90______

Емтихан ___2____ семестр

Семей 2016



Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы

Турусбекова А.С., аға оқытушы _____________ «_______» 20___ ж.

қолы

2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 «Экономика» кафедра отырысында

Хаттама «____» __________ 20__ жыл, № __.


Кафедра меңгерушісі: Ж.А. Абылкасимова ______________
2.2 Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында

Хаттама «____» __________ 20___ жыл, № __.


ОӘБ төрағасы Н.С. Газизова ______________
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды және баспаға ұсынылды


Хаттама «____» __________ 20___ жыл, № __.
ОӘК төрағасы, оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор
Г.К. Искакова ______________ қолы
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

Мазмұны


  1. Түсіндірме хаттама

  2. Кіріспе

  3. Пәннің негізгі бөлімдері

  4. Семинарлық (практикалық ) сабақ тақырыптарының тізімі

  5. Білім алушылардың өзіндік жұмыстарының тізімі

  6. Ұсынылатын әдебиет тізімі


1 Түсініктеме хаттама

Экономикалық ілімдер тарихы басқа ғылымдардың ортасынан ең негізгі орынды алады. Экономикалық білімдердің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Бұл пән экономикалық ой пікірлердің қалыптасуын, олардың дамуын зерттейді.

Пәнді оқыту мақсаты: Экономикалық теориядағы экономикалық пікірлер мен көзқарастардың жүйелік ерекшеліктеріне және даму кезеңдеріне айқындама беру және әртүрлі теоретикалық мектептердің пайда болу тарихын, экономист ғалымдардың өмірбаянын, экономика іліміне қосқан үлестерін зерттеу.

Пәнді оқытудың міндеттері:

- экономикалық жағдайлардың әлеуметтік-институционалдық анализімен және маржинальдық, субьективтік әдістерімен таныстыру

- шаруашылық саясаттың альтернативтік вариаттарын таңдап алу.

- әрбір студент семестрдің соңында саяси экономия дамуының негізгі кезеңдерін, нарық экономикасы дамуының негізгі барлық концепцияларын, классикалық саяси экономияның негізін қалаушылардың негізгі еңбектерін біле алады. Сондай-ақ меркантилизм, классиктердің, неоклассиктердің және институтционализмдердің жетістіктерін қайтадан талдай алады.

Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері):

пәнді оқу нәтижесінде білім алушы білуі қажет:

білу:


  • экономика ілімі тарихы пәнін, оның әр кездегі экономикалық проблемаларын және шешілу реттерін, экономикалық жүйе элементтерінің өндіріс құралдарының меншіктік ерекшеліктерін.

орындай алу:

  • экономикалық заңдарды және экономикалық даму заңдылықтарын тарихи игеру және кәсіби іс-әрекет процесінде оларды тарату жолдарын табу.

дағдысының болуы:

  • экономикалық заңдарды және экономикалық даму заңдылықтарын тарихи игеру және кәсіби іс-әрекет процесінде оларды тарату жолдарын табу.

құзыретті болу:

  • экономикалық теориядан алған білімдерін толықтыра отырып, олардың осы пәнді оқу арқылы өмірде болып жатқан экономикалық құбылыстарға кәсіптік тұрғыдан қарауына себебін тигізеді.



2 Кіріспе

Экономикалық ғылымдар жүйесінде экономикалық ілімдер тарихы ерекше орын алады. Экономика ілімдер тарихы экономикалық ойлардың алғашқы шыға бастаған кезінен бастап, дәл бүгінгі күнге дейінгі даму процесін көрсетеді. Бұл курстың негізгі ерекшелігі - орасан зор шындық материалдардың қолданылуында. Экономикалық ойларды зерттеу ежелгі дүниеден бастап, осы дәуірге дейінгі кезенді қамтиды.

Экономикалық ілімнің дүниеге келуі адамзат қоғамының аяққа тұруымен қатар жүреді. Өйткені, қандайда халық болмасын қоғамның келесі сатысына көтерілген соң, өз күн көрісін ойламай өмір сүре алмайды. Сондықтан экономика ілімдерінің тарихы белгілі ежелгі өркениетті елдердің экономикалық теориямен, ағымдармен жалғасады.
3 Пәннің негізгі бөлімдері
Тақырып 1. Экономикалық ілімдер тарихының пәні және әдісі.

Экономикалық ілімдер тарихы курсының пәні және әдісі. Вавилон, Қытай, Индия және Ежелгі Грецияда қалыптасқан ой-пікірлер.Ортағасырлық экономикалық ілімдер.



Тақырып 2. Экономикалық ғылымның пайда болуы.

Экономика туралы антикалық түсінік. Ксенофонт, Платонның жеке меншікке, саудаға, ұсақ қолөнерге және басқа экономикалық іс-әрекеттерге көзқарастары. Платон мен Аристотельдің мемлекеттің ролі және байлыққа жетудің әдістері туралы ойлары. Орта ғасырдағы Ф. Аквинский, Ибн-Хальдун, Аль-фараби, Ибн-Синалардың пайда, процент, рента және баға туралы көзқарастары.


Тақырып 3. Меркантилизм.

Меркантилизмнің теориясы және саясаты. Меркантилизмнің байлық, ақша айналымы, фискальды және протекционистік саясаты. Т.Мэн, У.Стаффорд, Г.Скаруффи, А.Серра және басқалардың саяси экономиядағы көз-қарастары. Петр I-нің экономикалық саясатындағы меркантилизм және И.Т.Посошковтың экономикалық бағдарламасы.


Тақырып 4. Физиократтар.

Физиократтар мектебіне түсініктеме. Табыстың шығар көзі, таза өнім, еңбек өнімділігіне деген көзқарас. Алғашқы және жылдық аванс, тауар және ақша ағымы. Физиократтардың мемлекеттік саясаты. Тюрго - теоретик және реформатор.


Тақырып 5. Классикалық саяси экономия.

Классикалық саяси экономияның пайда болуы. А.Смит және Д.Рикардо еңбектеріндегі классикалық саяси экономиканың дамуы. У.Петтидің экономикалық көз-қарастары. П. Буагильбердің экономикалық теориясы.


Тақырып 6. Социалистік теория. Марксизм

Әр кезеңдердегі жалпы теңдік пен әділеттілік негізіндегі социализмнің қалыптасуы. Компанелла, Сен-Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэннің социалистік теориясы. Маркстік және классикалық саяси экономия. К.Маркстің «Капитал» еңбегіндегі еңбек және қосымша құн теориясы.


Тақырып 7. Тарихи мектеп.

Ф. Листтің ұлттық саяси экономия теориясы. В. Рошер, Б. Гильдебранттың «ескі тарихи» мектебі. Г. Шмоллер, Л. Брентано, К.Бюхердың «жаңа» тарихи мектебі.

В. Зомбарттың «жаңаша» тарихи мектебі.
Тақырып 8. Маржинализм.

К. Менгер, Ф. Визер, Е. Бем-Баверктің Австрия мектебі. Шектеулі пайдалылықтың ағылшын варианттары, Лозани мектебі. Л. Вальрастың жалпы экономикалық тепе-теңдігінің экономикалық-математикалық моделі. В. Парето ұсынған қоғамдық табысты бөлу заңы.


Тақырып 9. Неоклассикалық экономикалық теория

А. Маршаллдың тепе-теңдік моделі. А. Маршаллдың концепциясындағы құндық еңбек және шектеулі пайдалық теориясы. Сұраныс, ұсыныс және баға арасындағы қысқа және ұзақ мерзімдегі байланыстар. А. Пигу мен Д.Б. Кларктың тұрмыс-жағдай және шектеулі өнімділік теориясы.


Тақырып 10. Кейнсиандық және оның эволюциясы.

Кейнстің макроэкономика теориясы (жиынтық ұсыныс, инвестиция және мультипликатор теориясы). Макроэкономикадағы салық-бюджет және несие-ақшадағы шаралар. Р.Хоррода, Е.Домарс, Э.Чемберлиннің монопольдік бәсеке теориясы. Й.Шумпетердің жетілмеген бәсеке теориясы («тиімді монополия» және «тиімді бәсекелестік»).


Тақырып 11. Әлеуметтік-институциональдық бағыт.

Т. Ваблен – институтционализмнің негізін салушы. Жаңа индустриалды қоғам теориясы. Экономикадағы корпорация ролінің өзгеруі. «Тұтынушылар қоғамы» теорисы, «техноқұрылым» индустриалды концепциясы. Неонационализм. Қоғамдық таңдау теориясы. Неоклассикалық байта өрлеу және «консервативті ұмтылыс факторлары». В.Ойленнің ордалиберализмі. Әлеуметтік нарықтық қатынас және мемлекеттің ролі. П.Самуэльсонның неоклассикалық синтезі. Микро және макро негізінде, кейнсиандық және неоклассикалық теорияның бірігуіне ұмтылуы. Ф.Хайек: нарықтық жүйенің орталықтан заң экономикадан ерекшелігін дәлелдеуі. «Құлдыққа жол» (Л.Мизес, Л.Робинсон), «Логиканың және практикалық социализмнің мүмкін» концепциясы.


Тақырып 13. Монетаризм.

ХХ-ғасырдың 70-80-ші жылдарындағы монетаризмнің жоғарылау себебі. М.Фридменнің «ақша ережесі». Дағдарыс пен циклдың монетарлық концепциясы. Кейнсиандыққа сын. Ұсыныстың экономикалық теориясы. Лаффер қисығы.


Тақырып 14. Ресей және Кеңестік экономика ғылымының дамуы.

С.Булгаковтың, П.Струвенің, М.Тиуган-Бареновскийдің экономикалық көзқарастары. С.Витте және П.Столыпинның экономикалық реформасының негіздері. В.И.Лениннің экономикалық зерттеуі. А.В.Чаяновтың жанұяның шаруа қожалық еңбегі теориясы, шаруа кооперациясы теорисы, агралық сектор мәселелері. Н.Кондратьевтің динамика және статистика проблемаларын зерттеуі. В.Новожиловтың баға, тепе-теңдік, тауар, тапшылық факторы,тауар және ақша массасының балансы. Л.Конторович – бірсызықты бағдарлама, ресурстардың дұрыс бөлінуі теориясын жасаушы. 1985-1991 жылдардағы қайта құру және жеделдету стратегиясы.


Тақырып 15. Қазақстандағы экономикалық көзқарастардың пайда болуы және дамуы

Қазақстандағы экономикалық тұжырымдардың пайда болуы. Аль-Фараби ілімі. Ш.Валиханов, И.Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармаларындағы экономикалық көзқарастың дамуы. ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы экономикалық тұжырымдардың қалыптасу ерекшелігі. А.Байтурсұнов, А.Букейханов, С.Садуакасов, Т.Рыскуловтың экономикалық көзқарастары. Экономикалық өрлеу проблемаларын мемлекеттік реттеу және жаңа типінің ерекшеліктерінің көрсеткіштері.


4 Семинарлық (практикалық ) сабақ тақырыптарының тізімі
Тақырып 1. Экономикалық ілімдер тарихының пәні және әдісі

Тақырып 2. Экономикалық ғылымның пайда болуы

Тақырып 3. Меркантилизм

Тақырып 4. Физиократтар

Тақырып 5. Классикалық саяси экономия

Тақырып 6. Социалистік теория. Марксизм

Тақырып 7. Тарихи мектеп

Тақырып 8. Маржинализм

Тақырып 9. Неоклассикалық экономикалық теория

Тақырып 10. Кейнсиандық және оның эволюциясы

Тақырып 11. Әлеуметтік-институциональдық бағыт

Тақырып 12. Неоклассикалық мектеп және неолиберализм эволюциясы

Тақырып 13. Монетаризм

Тақырып 14. Ресей және Кеңестік экономика ғылымының дамуы

Тақырып 15. Қазақстандағы экономикалық көзқарастардың пайда болуы және дамуы



  1. Білім алушылардың өзіндік жұмыстарының тізімі

1 БӨЖ: баяндама

Баяндама тақырыптары:



  1. Құран-кәрімдегі экономикалық ақыл-ойлардың мәні.

  2. Ибн-Хальдунның экономикалық көзқарастары.

  3. Аль-Фарабидің әлеуметтік экономикалық ойлары.

Фома Аквинскийдің экономикалық көзқарастары.
2 БӨЖ: баяндама

Баяндама тақырыптары:



1. Классикалық ағылшын саяси экономиясының Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка ұлттық мектептерінің қалыптасуына әсері.

2. 17ғ. аяғы 19 ғ. басындағы экономикалық ой – пікірлерінің Германияда дамуы:

а) Ф.Листтің экономикалық – саяси көзқарасы.

в) А.Мюллердің романтикалық тарихшылдығы.

с) Германияның көне тарихи мектебі. В.Рошердің, Б.Гильдебрандтың, К Книстің экономикалық көзқарастары.
3 БӨЖ: Тапсырма:

  1. Маржинализм мектептеріне салыстырмалы кесте жасаңыз.

  2. Посткейнсшілердің экономикалық көзқарастары.


4 БӨЖ: Тапсырма: баяндама

Баяндама тақырыптары:



1. Неолиберализмның пайда болуы.

2.Л.Эрхардтың экономикалық реформасы.

3.Батыс – Германиялық неолиберализм.

4.М.Фридменнің экономиканы сауықтырудағы монетаризм рецептері.

5.Ф.Хайектің экономикалық бостандық философиясы.


  1. Ұсынылатын әдебиет тізімі


6.1 Негізгі әдебиет

  1. Ө.Қ.Шеденов, Б.А.Жунісов, Ү.С.Байжомартов, Ғ.М.Мүсіров - Алг/ать -Ақтебе. «А-Полиграфия», 2006-314с.

  2. Жуманазар С.А. Экономикалық ілімдер тарихы: лекциялар курсы, Өскемен, 2002

  3. Жуманазар С.А. Экономикалық ілімдер тарихы: әдістемелік нұсқау, Өскемен, 2002

  4. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, Юрист, 2007

  5. Агапова И.И. «История экономических учений: Курс лекций»,- М., Юристь, 2001.

  6. К. Тұрлыбекова. М. Т. Рогачева, Р. Экономикалық ілімдер тарихы: жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы / – Алматы: 2010. – 76 б.


6.2 Қосымша әдебиет

  1. Костюк В.Н. История экономических учений. Москва, 2001 ж.

  2. Курс переходной экономики /Под ред. Л.И. Абалкина – М.:Финстатинформ, 1997г.

  3. Луи Дюмон. Генезис и расцвет экономикческой идеологии. Вена, 2000 ж.

  4. Майбурд Е.М. Введение в историю экономической мысли. Москва, 2000.

  5. Майбурд Е.М. Введение в историю экономической мысли. От пророков до профессоров. – М.:Дело, Вита-пресс, 1996г.

  6. Неровня Т.Н. История экономики в вопросах и ответах. Ростов-на Дону,1999 ж.

  7. Рефераты лучшие по Истории экономических учений, Ростов-на Дону. 2003.

  8. Ташенов Б. Қазақстанның экономикалық тарихы. Алматы, 2002 ж.

  9. Шеденов Ө.Қ., Я.С. Ядгаров., С.Ә. Досқалиев. Экономика ілімдерінің тарихы. А. 2003ж.


6.3 Интернет-ресурстар

  1. www.mit.kz

  2. www.minplan.kz

  3. www.smb-serpin.kz

  4. www.sekretservis.org

  5. www. kcif.kz

  6. http://business.gov.kz/ru/


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет