Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет34/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

ЖДНҚ принциптері жайлы iлiмдi қалаушы И.П.Павлов үлкен ми жарты шарының шартты рефлекторлық әрекетiнiң негiзiнде үш принцип жататынын негiздедi.
1.Құрылымдық принципi – үлкен ми жарты шарының кез-келген физиологиялық әрекетi белгiлi бiр құрылыммен байланысты. Ми қыртысының құрылысы неғұрлым күрделi болса, оның атқаратын қызметi де соғурлы күрделi болады.
2.Себептiлiк (детерменизм) принципi – әрбiр нерв процесi бiр себепке байланысты болады. Себепсiз әрекет болмайды.
3.Талдау (анализ) және жинақтау (синтез) принципi – әсер еткен тiтiркендiргiштер ми қыртысында талданады, негiзгi элементтерi, құрамдары анықталады (түсi, пiшiнi, иiсi т.с.с.), ал одан соң жинақтау процесi жүредi де түйсiк пайда болады.
2. Ми қыртысының цитоархитектоникасы.
Адамның ми қыртысында 12-18 миллиардқа жуық нейрондар бар. Олар морфологиялық функциялық ерекшелiктерiне қарай 6 қабат құрайды:
Молекулярлық қабат
Сыртқы түйіршiктi қабат
Ұсақ пирамидтiк қабат
Ішкi түйіршiктi қабат
Үлкен пирамидтiк қабат
Полиморфтық клеткалар
Бұл аталған алты қабаттық құрылыс жаңа қыртысқа (неокортекс) тән, ежелгi бөлiгi (архикортекс),көне қыртыс (палеокортекс) – вегетативтiк функциялар.
Ежелгi қыртыс (палеокортекс) құрамына иiс төмпешiгi, бадамша тәрiздi дене кiредi, ал ескi қыртысқа (архикортекс) – белдеуше қатпар, гиппокамп, тiстi қатпар және медиалды иiс қатпары мен тiзелiк қатпар жатады.
Адамның екi жарты шары қыртысының 96% жаңа қыртыс 6-шы қабат құрайтын нейрондық құрылым жаңа қыртысқа тән.
Жаңа қыртыстың функциялық маңызы өте күрделi. И.П.Павловтың айтуынша ми қыртысы организм функцияларының ең жоғарғы басқарушысы және орын тауып ұйымдастырушысы.
Адам мен жануарлардың үлкен ми жарты қыртысында 9 бөлiк байқалады. Олар шүйде, самай, жоғарғы төбелiк, аралшықтық, алдыңғы орталық, артқы орталық және маңдай бөлiктер.Ми қыртысында қызметiне қарай бiренше зоналарға ажыратады:
Сенсорлық – көру, иiс сезу, дәм сезу аймақтары жатады.
Моторлық аймақтар – бұлшық ет әрекетiн басқарады.
Жалғастырғыш аймақтар – маңдай, самай, төбе, шүйде бөлiктерiнде орналасқан.
Ми қыртысында 200-ден астам әр түрлі өрiстердi ажыратады. Өрiс (поле) деп ми қыртысының нақтылы қызмет атқаратын бөлiгiн айтады.
Ми қыртысында нерв орталықтары шоғырланған, бiрақ оған жылжы-малық, динамикалық сипат тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет