Байланысты: Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org
Алдыңғы ми оның қызметтері. Алдыңғы ми сай арқылы екi жарты шарға немесе үлкен ми сыңарларына бөлiнедi.
Әрбiр үлкен ми сыңарлары өз кезегiнде ми жабынынан (қыр-тысынан), иiстiк мидан, жолақ денеден және мидың бүйiр қарын-шасынан тұрады. Сайдың түбiнде екi жарты шарды бiр-бiрiмен жалғастырып тұратын ақ зат табақшасы қасаң (мүйiздi) дене орналасады. Мүйiздi дененiң астыңғы жағында қос талшқты белдеуден құралған жарты шарлар күмбезi жатады. Мүйiздi денеден төменiрек әр жарты шарда мидың үшіншi қарыншасымен жалғасатын бүйiр қарыншалар орналасады.
Әрбiр жарты шарлар құрамына базальдық (қыртысты) ядролар мен ми қыртысы кiредi.
Ми қырытысы мен қыртыс асты түйіндер аралығында ақ зат орналасады. Ол арқылы алдыңғы мидың өткiзгiш жолдары өтедi. Өткiзгiш жолдар:
1) ассоциативтiк (жалғастырғыш) – бiр жарты шардың әртүрлі бөлiк-терiн жалғастырады.
2) комиссуральдық (көлденең жолдар) – жарты шарлардың көлденең бөлiктерiн жалғастырады.
3) проекциялық жолдар – ми қыртысын мидың төменгi бөлiмдерiмен жалғастырады.
4) коллатеральдық жолдар (жанама) – ми қыртысын жеке-жеке қабаттарға бөледi.
Қыртыс асты (базальдық) түйіндер. Үлкен ми жарты шарлары қыртысы мен көру төмпегi аралығында орналасқан торшалар шоғырын қыртыс асты немесе базальдық түйіндер деп айтады. Оларға жолақ дене (стриатум), бозғылт ядро (паллидиум), шарбақ және бадамша дене жатады.
Жолақ дене құйрықты ядро мен жасымықша ядродан тұрады. Жасымықша ядроның латеральдық бөлiгiн – қауыз, ал медиальдық бөлiгiн – бозғылт ядро деп атайды.
Жолақ денеде зат алмасу, жылу түзу, бөлу процесстерiн қан тамырлары арасын реттейтiн жоғарғы вегетативтiк орталықтар бар деген болжам бар.
Бозғылт ядро – қозғағыш ядро, қимыл-әрекеттерiн реттейдi. Қыртыс асты түйіндер баяу қимылдардың (жүру, кедергiден аттау, басты бұру т.с.с.) атқарылуын реттеп, қимыл-әрекеттiң дәлдiгiн, мақсатқа сәйкестiгiн бағалап, бақылап отырады деген болжам бар. Қыртыс асты түйіндер әртүрлі инстинктердiң атқарылуын қамта-масыз етедi. Инстинкт деп туа қалыптасқан, табиғи мiнез - қылықтардың жиынтығын айтады (қоректену, қорғаныс, жыныстық, ата-аналық).
Барлық инстинктердiң физиологиялық негiзiн орталықтары қыртыс асты түйіндер (жолақ дене) мен аралық ми ядроларында орналасқан шартсыз рефлекстердiң күрделi тiзбегi құрайды.