Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша


Ортаңғы мидың құрылысы мен қызметi



бет27/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

Ортаңғы мидың құрылысы мен қызметi. Ортаңғы ми көпiрмен аралық мидың арасында орналасқан. Сүтқоректi жануарларда ортаңғы ми екi бөлiктен - дорсальдық және базальдық құралған.
Дорсальдық бөлiкке төрт төмпешiк жатады. Алдыңғы екi жұп төмпешiктерде көрудiң бағдарлау рефлекстерiнiң, ал артқы жұп төмпешiктерде естудiң бағдарлау рефлекстерiнiң орталықтар орналасады. Осы орталықтардың қатынасуымен көз, құлақ, бас дыбыс шыққан немесе бейнелер көрiнген жаққа бұрылады.
Ортаңғы мидың базальдық бөлiгiн оның сабақтары құрайды. Әрбiр сабақ үш бөлiктен – бүркемеден, қара төсiмiктен (чурная субстанция) және табан негiзiнен тұрады. Бүркемеде қызыл ядро мен шығырлық жүйке, көз қимылдататын жүйке ядролары орналасады. (III-IV ми жүйкетерi шығады). Қызыл ядро орталық жүйке жүйесiнiң барлық бөлiмдерiмен және ми қыртысымен тығыз байланыста. Қаңқа еттерiнiң тонусын реттейтiн орталық. Миды қызыл ядродан төменiрек жерден кессе, мишықта дицеребрациялық мелшию байқалады.
Қара зат (черная субстанция). Нейрондарында қара пигмент көп болғандықтан ядро қара болып көрiнедi. Оның атқаратын қызметi толық анықталмаған, бiрақ бұлшық еттердiң пластикалық тонусын реттейдi деп санайды. Сонымен қатар шайнау, жұту процестерiн үйлестiретiн орталық бар деген де пiкiр бар. Жолақты денедегiдей қара затта дофамин синтезделетiнi анықталған. Егер қара заттың жолақты денемен байланысы бұзылса Паркинсон ауруы пайда болуы мүмкін.
Артқы, ортаңғы мидың тонустық рефлекстерi. Дене қалпын сақтау рефлекстерi тепе-теңдiк (статикалық) және қимыл-қозғалыс теңдiгi (статокинетикалық) рефлекстер болып бөлiнедi.
Статикалық рефлекстер дене қалпын сақтау немесе кейiптену және тұлға тұзеу немесе мақсаттық болып екi топқа бөледi.
Кейiптену рефлекстерi - дененiң тепе-теңдiгiн сақтауды қам-тамасыз етедi. Әсер көзiне байланысты мойындық және вестибулярлық болып бөлiнедi.
Тұлға түзеу рефлекстерi жануар денесiнiң қалыпты өзiнiң табиғи кейiпiне келуiн қамтамасыз ететiн рефлекстер. Мысалы, мысықты көтерiп, арқасын төмен қаратып тастап жiберсек ол өз денесiнiң өсiмен айналып, жерге төрт аяғымен тiк түседi.
Статокинетикалық рефлекстерге дененiң iлгерi – алға қарай, немесе тiке жоғарыдан төмен қарай, керiсiнше төменнен жоғары қарай, не шыр айналу қимылдары барысында т.б. тепе-теңдiктi сақтайтын тонустық рефлекстер жатады. Статокинетикалық рефлекстер шыр айлану және «лифт» рефлексi деп екiге бөлiнедi.
Лифт шапшаң көтерiлсе аяқтар бүгiледi, ал ол шапшаң төмендесе аяқтар сiрiс жазылады. Дене айнала бастағанда алғашқыда бас пен көз алмасы қарама-қарсы бағытта баяу бұрылады, соңынан тез бастапқы кейпiне оралады (нистагм).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет