Лекция түрі: ақпараттық
Тірек ұғымдары: «ми бөлімдері», «жұлын», «ортаңғы ми», «артқы ми», «ми көпірі», «гипоталамус»
1. Орталық жүйке жүйесiнiң бөлiмдерi.
Орталық жүйке жүйесi организмдегi барлық мүшелер мен жүйелердiң қызметiн, зат алмасуын реттеп, сыртқы орта әсерiне бейiмделуiн қамтамасыз етедi.
Адам мен жан-жануарларда жүйке жүйесi ұзақ эволюциялық даму нәтижесiнде пайда болып және сыртқы ортаның өзгермелi әсерiнен өзгерiп, күрделенiп отырады. Организмде реттеушi механизмнiң гумо-ральдi және жүйкелiк түрiн ажыратады.
Гуморальдық реттеу - биологиялық сұйықтар арқылы клетка мен ұлпалардың қызметiне әсер етедi.
Жүйкелiк реттеу - жүйке жүйесi арқылы қамтамасыз етiледi. Ең алғашқы рет жүйке жүйесi iшек қуыстыларда пайда болады (медуза) -диффузиялық немесе торлы тұрi.
Түйіндi немесе ганглиозды түрі – жүйке клеткалары дененiң ұзындығына сай тiзбектелген түйін ретiнде орналасқан. Бұл былқылдақ денелiлерде, құрттарда, буынаяқтыларда кездеседi.
Жүйке жүйесiнiң ең күрделi және жетiлген түрі - түтiктi жүйке жүйесi. Омыртқалы жануарлар мен адамға тән. Жүйке торшалары арнаулы түтiкшелерiнiң iшiнде орналасады. Ол орталық және шеткi бөлiктерге бөлiнедi. Осыған байланысты ОНЖ-ң қызметтерi жiктелiп, оның жоғарғы бөлiмдерiнiң үйлестiрушi маңызы арта түсiп, ми мықтырақ дамиды. Орталық жүйке жүйесi жұлын мен мидан құралған. Жұлын мен ми бiр жүйенiң екi бөлiгi, тек зерттеудi жеңiлдету үшін оны жоғарғы және төмен бөлiмдерге бөледi. ОНЖ-ң бөлiмi неғұрлым кешiрек пайда болса, соншалықты оның құрылысы мен қызметi күрделiлене түседi және оның басқа бөлiмдерге реттеушi әсерi күштiрек болады. Сондықтан ОНЖ-ң әр тұрлі бөлiмдерiнiң қызметi салыстырмалы тұрде қаралады.
2. ОНЖ-нiң қызметiн зерттейтiн әдiстер.
Орталық жүйке жүйесiнiң қызметiн және физиологиялық қасиеттерiн зерттеуде көптеген әдiстер пайдаланылады.
1.Бақылау әдiсi – лаборатория және клиника жағдайында пайдаланылады.
2.Экстирпация әдiсi – мидың белгiлi бiр бөлiктерiн сылып алып тастап, экспериментте пайдаланған организмде байқалатын өзгерiстердi анықтайды. (мишықты алып тастағанда иттiң қимыл-әрекетi бұзылады).
Достарыңызбен бөлісу: |