Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет29/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

Эпиталамуста иiс сезу орталығы мен iшкi секрециялық без – эпифиз орналасады.
Гипоталамус – ортаңғы мидың көне бөлiмi. Ол мидың үшіншi қарыншасының вентральдық қабырғасын құрайды, таламустың астыңғы жағында орналасады.
Гипоталамус алдыңғы жағында иiстiк мимен, артқы жағында - ортаңғы мимен жанасады. Гипоталамус көптеген ядролардан тұрады: паравентрикулярлық, супраоптикалық ядролар, сұр төмпек, емiздiкше дене, гипоталамус аймағында 32 жұп ядро орналасқан.
Гипоталамус ОНЖ-ң барлық бөлiмдерiмен тығыз байланысқан. Оның эфференттiк жолдары таламуспен, гипофизбен, ортаңғы және сопақша мимен, аксондары вегетативтiк жүйкелердiң түйін алдық талшықтарын түзетiн торшалармен жалғастырады. Гипоталамус ядролары афференттiк импульстердi көру төмпешiгi арқылы қабылдайды. Үлкен ми жарты шарлары қыртысының иiстiк, промоторлық және қозғағыш аймақтарынан тараған импульстерде таламус арқылы жетiп отырады.
Гипоталамус көру төмпешігі астында орналасқан көп ядролы (32 жұп) құрылым. Бұл ядролар жатқан орнына қарай преоптикалық, алдыңғы, ортаңғы, бүйірдегі және артқы деп 5 топқа бөлінеді.
Гипоталамус ми сыңарлары қыртысы, лимбиялық қыртыс, торлы құрылыммен, сопақша мидың парасимпатикалық және симпатикалық ядроларымен, жұлынның бүйір мүйізіндегі вегетативтік ядроларымен қатар таламус, гипофизбен эфференттік байланыста. Мұнымен бірге оған базальдық ядролардан, мишықтан афференттік жүйкелер, ішкі ағзалардан кезеген жүйке аркылы хабарлар келіп тұрады. Гипоталамусқа ішкі ортадан да көптеген ақпараттар келеді.
Ішкі ағзалардың қызметіне гипоталамус вегетативтік жүйке жүйесі және эндокриндік бездер арқылы әсер етеді. Ол жүрек-тамыр жүйесінің қызметін, зат алмасуын, ішкі сөлініс бездер қызметін, ас қорыту, бүйректер қызметін, несепті шығаруды реттейді. Мұнымен қатар ішкі орталық және дене қызу тұрақтылығып сақтайды. Гипоталамус сомалық функциялардың (қимылдардың) вегетативтік өзгерістерін қамтамасыз етеді.
Гипоталамус қыртыс және қыртысасты құрылымдармен бірге организмнің сыртқы орта құбылыстарына бейімделуін және ұйқы мен сергектіктің кезектесуін реттеуге де қатысады.
Гипоталамуста көптеген мотивация, яғни мақсатты іс әрекет тудыратын орталықтар бар. Мәселен, ортаңғы бүйір ядроларда «тойыну» орталығы орналасқан. Оны тітіркендірсе жануар алдындағы азыққа қарамай, алдына қойылған асты ішпей, жүдей бастайды. Осы орталықты алып тастаса, жануар тамақты қанша ішсе де тоймайтын болады. Тамақты көп жеу (гиперорагия) — салдарынан адам (жануар) денесін май басады. Бүйірдегі ядроларда «-аштық» орталығы орналасқан. Оны тітіркендірсе жануар алдындағы азықты қанша болса да жей береді (тоймайды). Ал бұл орталықты алып тастаса, аш болса да ол азықка қарамайды (гипофагия), жудейді. Паравентрикулярлық ядрода, супраоптикалық ядролардан жоғарырақ жерде «шөлдеу» орталығы орналасқан. Осы орталықты тітіркендірсе адам (жануар) шөлдейді, қайта-қайта су іше береді (полидепсия) шөлі қанбайды. Осы аталған орталықтар мақсатты және бағытталған әрекеттерді (мотивацияны) меңгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет