Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет30/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

Гипоталамус гипофиз арқылы шеткі сөлініс бездерінің гормон шығаруын бірде күшейтіп, бірде азайтып организмнің көптеген функцияларын реттейді. Сөйтіп гипоталамус гипофизбен біріккен функциялы гипоталамустық-гипофиздік жүйе құрады. Гипоталамустың кейбір жерлерін тітіркендірсе, денеге жағымды (ұнамды) сезімдер туады. Егеуқүйрықтың осы ядроларына микроэлектрод бекітіп, оны токпен байланыстыратын кнопка қойылған бөлмеге қоя бергенде байқаусызда кнопканы басып қалып жаңағы ядроларды тітіркендірсе, ол сол жерден кетпестен кнопканы баса береді.
Гипоталамус вегетативтiк функцияларды реттеуде, симпатикалық және парасимпатикалық реакцияларды атқаруда маңызды роль атқаратынын 1954ж В. Бесс оның тұрлі бөлiмдерiн электр бөлiмдерiн электр тогымен тiтiркендiру арқылы анықтаған. Атап айтсақ – артқы және латеральдық аймағы симпатикалық реакциялар: көз қарашығының үлкеюi, қан қысымының жоғарлауы т.б., ал алдыңғы және преоптикалық аймақты тiтiркендiргенде трофотроптық эффект байқалған (парасимпатикалық жүйке жүйесiнiң жалпы қозуы).
Гипоталамуста вегетативтiк, соматикалық және эндокриндiк қызметiн реттейдi. Сонымен қатар гипоталамус түрлі эммоцияларды, организм мен сыртқы орта арасындағы байланысты қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Зерттеулерге сәйкес, қазiргi кезде оның жыныстық және агресивтi қорғаныс рефлекстерiне қатысы анық көрсетiлген. Тәжiрибеде мысықтың ызалануы, тоқтық, аштық орталығы, шөлдеу т.б. орталықтары анықталған. Гипоталамус гипофизбен тығыз морфологиялық және функциональдық байланыста болады. Арасында жүйкетiк және функциональдық байланыс болғандықтан гипоталамо-гипофизарлық жүйе деп бiрiктiредi.
Сонымен, қорыта айтсақ, гипоталамус организмдегi тұрлі процес-тердi реттеуде ролi зор, бiрақ ол өз әсерiн тәуелсiз, жеке жүргiзбейдi, өз қызметiн мидың жоғары бөлiмдерiнде орналасқан орталықтардың басқарушы, реттеушi әсерiмен атқарады.
Торлы құрылым және оның маңызы. Торлы құрылым пiшiнi мен мөлшерi әртүрлі торшалардың шоғыр-лануы нәтижесiнде пайда болған осы торшалардың шашы-раңқы орналасқан өсiндiлерi бiр-бiрiмен айқасып қиылысып, тор тәрiздi зат құрайды.
Торлы құрылымды алғаш рет ашқан Дейтерс. Қазiргi кезде бұл құрылымның морфологиясы зерттелiп, оның ерекшелiктерi анықталған. Торлы құрылымды құрайтын нейрондар өсiндiлерi қысқа келедi, өте көп тарамданады және олар топтасып, көптеген ядролар құрайды.
Торлы құрылым екi бөлiмнен құралған: төмен түсетiн және жоғары шығатын. Төмен түсетiн бөлiм арқылы ортаңғы, сопақша ми мен жұлынға бұлшық еттердiң, iшкi органдар мен iшкi секреция бездерiнiң қызметiн тежейтiн немесе үдететiн импульстер бөледi.
Жоғары шығатын бөлiм арқылы ми жарты шары қыртысына тек үдетушi импульстер берiледi. Торлы құрылым арнаулы жүйе емес. Торлы құрылым жартылай зақымданса ұйқышылдық, селқостық байқалады. Ал егер толық қиып тастаса мал терең ұйқыға кетедi де (кома), соңынан өлiп қалады. Торлы құрылымның кейбiр бөлiгiнде адреналин мен норадреналин бөлiнедi. Сонымен қатар торлы құрылым нейрондары аминазин, редернин, тұрлі есiрткiлер, ұйық-тататын заттар олардың қызметiн тоқтатып, ми қыртысына бағытталған импульстердi бөгеп тастайды.
Торлы құрылыммен тұрлі эммоциялар- үрей, рахаттану, ызалану т.с.с. байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет