Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша


Орталық нерв жүйесiндегi қозу және тежелу процестерiнiң қарым-қатынасы



бет39/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org

2. Орталық нерв жүйесiндегi қозу және тежелу процестерiнiң қарым-қатынасы.
Ми қыртысында қозу және тежелу процестерiнiң белгiлi заңдылықпен таралуы, алмасуы нәтижесiнде шартты рефлекстер қалыптасады.
Шартты рефлекстердiң қалыптасуы күрделi процесс. Алдымен қозу мен тежелудiң жайылу (иррадация) және шоғырлану (концентрация) процесi
жүредi. Қозу және тежелу процесiнiң өзiнiң бастапқы пайда болған аймағынан ми қыртысының басқа аймағына таралуын иррадация деп атайды. Бұл процестiң белгiлi бiр шекке дейiн жайылып, қайтадан бастапқы пайда болған орталығына жиналуын шоғырлану деп атайды.
3. Ұйқы және оның табиғаты. Гипноз.
Табиғи процестерге тән айналымды құбылыстар (циклдер) жердің күннің шеңберіндегі қозғалысына және оның өз осінде айналуына байланысты. Алғашқы процеспен жыл мерзімінің алмасуы және соған байланысты мінез-құлықтың маусымдық ырғағы, ал соңғы процеспен күн мен түннің алмасуы, мінез-қылықтың тәуліктік немесе циркадалық ырғағы байланысты.
Ұйқы адамдар мен жануарлар тіршілігінде өте маңызды орын алады. Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайта-ланып отырады. Мұндай ұйқы біркезді (монофазалық) деп аталады. Ал кейбір жануарларда ұйқы мен сергектіктің мұндай алмасуы бірнеше рет қайталанады. Оны көпкезді (полифазалық) ұйқы деп атайды. Сонымен бірге маусымдық ұйқы болады. Мұны кейбір жануарлар (аю, жарқанат, тышқан) организміне жағымсыз жағдайлар әсер еткенде белгілі ұйқылық жағдайға көшеді.
Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тыныс, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бәсеңдейді. Алайда ұйқы кезінде кейбір процестердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен ми бағанында қан айналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.
Ұйқыға мұқтаждық адамның жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады. Ұйқының бірнеше түрі бар: қалыпты физиологиялық, гипноздық, наркотктік, ауытқулық және шартты рефлекс.
Ұйқыға мұқтаждықтың даралама ерекшеліктеріннің себептері әлі толық ашылған жоқ. Тіпті дені сау адамдардың ұйқысының мерзімі әртүрлі келеді, тәулігіне 1-2 сағаттан 12 сағатқа дейін созылады. Ғылыми зерттеулерде толық ұйқысыз адамдар да байқалады. И.П. Павловтың тәжірибелері ұйқының қорғаныстық тежелу екендігін пайымдауға мүмкіндік туғызады. Қорғаныстық тежелу – үлкен ми сыңары қыртысының оқшауланған аймақтарын күшті немесе ұзақ тітіркендірудің салдары. Сонымен қатар, Павлов ішкі тежелу мен ұйқы өзінің физикалық және химиялық жаратылысы бойынша біртекті құбылыстар деп тұжырымдады. Олардың айырмашылығы, ішкі тежелу – жеке зоналарға бөленген шала ұйқы, ал нағыз ұйқы – ми қыртысының едәуір аймақтарына жайылған тежелу. И.П. Павлов ұйқының тежелуге ауысатындығын, ал ішкі тежелудің (әсіресе кешігетін түрі) жануарларды ұйықтататындығын анықтады.
Ұйқы мен сергектіктің алмасуы – тарихи қалыптасқан ырғақ. Мұнда адамның ұйқысы түнгі кезеңен және қараңғылықпен, ал сергектік – күндізгі кезеңмен және жарықпен сәйкескеліп отырады.
Бұлай бөлінудің негізінде белгілі физиологиялық түрткілер, яғни тіршіліктік және биохимиялық көрсеткіштердің заңды тәжірибелері жатыр.
Адамның аса жоғары жұмыс қабілеті, дене температурасы, қаң қысымы, катехоламиндер мен кортикостероидтар түзілуі ең көп деңгейіне жететін тәуліктік кезеңіне сәйкес келеді. Әрбір адамда мұндай жұмыскерлік кезеңдер тәуліктің әрбір мезгілінде байқалады. Сондықтан адамдардың еңбек істеуін дұрыс ұйымдастыру үшін, олардың жеке ерекшеліктерін ескеру керек.
Ұйқының мерзімі мен сапасы сергектік кездегі бастан өткізген оқиғалар мен әрекеттерден тікелей тәуелді. Жағымды өткізген күн қалыпты ұйқыға барлық жағдай жасайды. Сонымен бірге жағымды және жағымсыз сезімдердің сай келуі, болып жатқан оқиғаларға шаттана қарау – ұйқы үшін өте маңызды.
Қалыпты ұйқыға ой және дене жұмысының орынды үйлесуі, ұйқының өз салт-жоралары алдын-ала жағдай туғызады. Бір мезгілде жататын және тұратын дағдылар ұйқы мен сергектіктің дұрыс режимі қалыптасуына әсерін тигізеді. Қалыптасқан режимнің уақытша және сирек бұзылуы ұйқыға қатерлі зарар етпейді.
Ұйқы организмді сақтау және оны бұрынғы қалпына келтіру қызметін атқарады. Сондықтан кейбір невроздар мен психоздарды емдеу үшін ұйықтататын емгерлік (терапия) жиі қолданылады Сүтқоректі жануарлардың көпшілігінде тәуліктік ырғақ туа қалып-таспайды, ол тұршілік үстінде біртіндеп пайда болады, жануардың өзіне ғана тән ішкі ырғақ түрінде байқалады. Тәуліктік ырғақ неғұрлым шапшаң қалыптасса, солғұрлым организм қоршаған орта жағдайына тезірек бейімделеді. Ішкі ырғақтың қалыптасуына күн мен түннің алмасуы, осымен байланысты әртүрлі тітіркендіргіштер сипатындағы, ең алдымен температура өзгерістері маңызды роль атқарады. Организмнің ішкі тәуліктік ырғағының бейнесі ретінде ұйқы мен ояу күйді (сергектікті) келтіруге болады.
Ұйқы-жалпы организмнің, оның миы мен нерв жүйесінің әрекетінің бәсеңдеп, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап реакциялардың нашарлауымен, ми нейрондарының ерекше белсенділігінің қалыптасуымен сипатталады. Ұйқы-азық қабылдау мүмкінділігі шектелген, сыртқы орта жағдайларының күрт ауытқулары мен жыртқыштар қатері кеміген кезде организмнің белсенділігін төмендететін физиологилық күй. Аталған факторлармен ұйқының ұзақтығы және ерекшеліктері тығыз байланысты. Ұйқы зат алмасу қарқынын, организмнің белсенділігін өзгертеді, ол ішкі табиғи мұқтаждық болып табылады.
Ұйқының екі түрі болады: жалғыз фазалық және көп фазалық.
Жалғыз фазалық ұйқыға күндізгі немесе түнгі ұйқы мен ояу күйдің тәулік бойына бір ғана рет алмасуы тән. Көп фазалық ұйқыда ояу күй мен ұйқы тәулік ішінде бірнеше рет қайталанып, алмасып отырады.
Қазіргі кезде қалыптасқан көзқарастарға сәйкес ұйқының әрбір кезеңінде бірін-бірі алмастырып отыратын екі саты байқалады: баяу толқынды немесе сергек (баяу) ортодорсальдық ұйқы және терең (шапшаң немесе пародоксальдық) ұйқы. Сергек ұйқы кезінде ЭЭГ-да жоғары амплитудалы баяу дельта-толқындар жазылады, ал терең (шапшаң) ұйқы сатысында - жиі ырғақты, кіші амплитудалы толқындар жазылады. Соңғы сипаттағы белсенділік негізінен ояу күйге тән. Демек, ұйқының екінші сатысында ЭЭГ сипатына қарағанда ми белсенді қызмет жағдайында, ал организм ұйқыда болады. Сондықтан ұйқының бұл сатысын пародорсальдық ұйқыдеп атайды.
Жоғарыда баяндалған ұйқы сатылары бір-біріне, вегетативтік
қызметтерде туындайтын өзгерістердің сипатымен де ерекшеленеді.
Мысалы, сергек ұйқы сатысында тамырдың соғуы сиреп, артериялық
қысым темендесе, терең (шашпаң) ұйқы кезінде «вегетативтік дауыл»
соғып, тыныс жиілейді, оның жүйелігі өзгереді, тамырдың соғуы
жиілеп, оның ырғақтылығы бұзылады, артериялық қысым жоғарылайды, гормондардың белсенділігі артады, малдың мұрты жыбырлап, құлақтары қимылдайды, аяғы қозғалып, жұтыну, қас қағу сияқты қимылдар байқалады. Жоғарыдағы өзгерістерге қарамай жұлын мотонейрондарының әрекеті күшті тежелу жағдайында болады.
Пародоксальдық (терең, шапшаң) ұйқы эволюциялық даму кезінде кейінірек пайда болған. Бауырымен жорғалаушыларда ол байқалмайды, құстарда нашар дамыған, сүтқоректілер қатарында оның үлесі көбейе бастайды.
Терең ұйқының ұзақтығы малдың күйіне, оны күтіп-бағу жағдайына қарай өзгеріп отырады. Жас төлдерде парадоксальдық ұйқы сатысы басымырақ. Мысалы, 8 күндік көжекте оның жалпы ұйқы мерзіміндегі үлесі 16 % болса, 12 — күндік қозыда 3,7 % қана болады. Сақа-жануарларда парадоксальдық ұйқы сатысының үлесі күрт төмендейді (итте — 10-15%, шошқада 8-9, күйіс малында 3-4%). Байлауда бағылған сиырда парадоксальдық ұйқы сатысының ұзақтығы тәулігіне 40 минутқа тең болса, жазғы жайлым жағдайы нда ол 20 минутқа дейін қысқарады (И.В. Рукебюш). Майда жануарларда ірі жануарлармен салыстырғанда терең ұйқы сатысы қысқарақ келеді: егеуқұйрықта 10 мин, мысықта — 30 мин, адамда — 1,5 сағ, пілде — 2 сағатқа жуық.
Жалпы алғанда үй жануарлары — жылқы, ірі қара, майда тұяқтар, шошқа тәулігіне 5-7 сағ ұйықтайды. Олардың ұйқысы тәулігіне 7-8 кезеңде өтеді. Сонымен қатар үй жануарлары тәуліктің біраз уақытын қалғу жағдайында өткізеді.
Ұйқы—күрделі нейрогуморальдық құбылыс болып табылады. Оның табиғатын зерттеу барысында екі түрлі теория — гуморальдық және нервтік, қалыптасқан. ХХ – ғасырдың басында Француз ғалымдары ұйқы тәуліктік шаршау барысында зат алмасу процесінің өнімдерінің (гипнотоксиндердің) жинақталуы салдарынан туындайтын құбылыс деген болжам айтқан. Қатты шаршаған, немесе қысқы ұйқы жағдайындағы жануар миының сығындысын еккеннен соң мысық пен ит ұйқыға кеткен.
Француз ғалымы М. Монье (1965) ж) айқас қан айналым жасау арқылы қоянға жүргізген тәжірбиесі де қызықты нәтиже берген. Бірінші қоян миының ұйқы туғызатын аймағын тітіркендіргенде, екінші қоян да ұйықтап қалған. Бұл құбылысты бірінші қоян организмінде жиналған гипнотоксиндердің (ацетилхолин, гамма-аминомай қышқылы, серотин) екінші организмге таралуымен түсіндіруге болады. Бірақ П.К. Анохин лабораториясында қан айналымы ортақ болып жабыса туған егіздердің бірі ұйқыға кеткенде екіншісінің сергек жағдайда болуы жайлы жинақталған фактілер бұл теорияның дұрыстығы жайлы күмән тудырады.
И.П. Павлов ұйқыны екі түрге бөледі: белсенді (активті) және ырықсыз (пассивті). Белсенді ұйқы бүкіл ми қыртысына жайылып, қыртыс асты түйіндерді қамтитын ішкі тежелу болып табылады. Ал, ырықсыз ұйқы рецепторлардан ми қыртысына келетін импульстердің күрт азаюының нәтижесінде туындайды. И.П. Павлов лабораториясында тәжірибе жүзінде ырықсыз ұйқы тудырылған. Иттің иіс сезу, көру, есту рецепторларын бұзып тастағанан соң, ол барлық кезде ұйықтап жатып, тек табиғи мұқтаждық әсерімен (тамақ қабылдау, зәр бөлу, нәжіс шығару т.с.с.) оянып отырған.
Ми қыртысында әркез қозу және тежелу ошақтары орын тебеді.
Ұйқы кезінде ішкі не сыртқы орта тітіркендіргіштері осы ошақтардың
белсенділігін арттырып, не басып отырады. Терең жайылған тежелу
жағдайында қозу ошақтары басылып, ұйқы үзілмей жалғаса береді.
Дегенмен де ұйқы кезінде ми қыртысының кейбір аудандарының
қозғыштығы сақталып қалады. Мұндай аудандарды И.П. Павлов «сақшы
пункттер» деп атаған. Олар жануарлар өмірі үшін маңызы зор
тітіркендіргіштер әсерімен (қатер төнгенде) дер кезінде, шапшаң оянуды қамтамасыз етеді.
Ұйқының табиғатында қыртыс асты құрылымдар да маңызды роль атқарады. Ояу кезде торлы құрлым ми қыртысына белсендіруші импульстер жіберіп отырады да, ұйқыны болдырмайды. Ал осы торлы құрылымның белсендіруші әсерін тоқтатса (мысалы, зақымдау арқылы), онда мал терең ұйқыға кетеді.
П.К. Анохин концепциясы бойынша ұйқы ми қыртысы, гапоталамус және таламус-ретикулярлық жүйенің өзара әрекеттестігіндегі айналымды өзгерістерге байланысты. Ояу, сергек кезде ми қыртысы гипоталамустағы ұйқыны тудыратын вентромедиальдық ядроны тежеп отырады. Ми қыртысында ішкі тежелу жайыла бастағанда оның гипоталамус орталығына әсері тоқтайды. Гипоталамус орталығының белсенділігінің күшеюі нәтижесінде оның ми сабағының торлы құрылымының қызметіне тежеуші әсері артады да, таламус деңгейінде ми қыртысына бағытталған белсендіруші импульстердің өтуі тоқтатылады. Осының салдарынан ми қыртысының тонусы одан әрі темендеп, ұйқы басталады. Сонымен белсенді процесс ретінде басталған ұйқы ырықсыз процесс ретінде жалғасады.
Қазіргі кезде ұйқыны реттейтін орталықтың қыртыс-қыртыс астылық құрылымдарда шоғырлануы жайлы дәлелдер мол жинақталған. Тіпті ұйқы сатыларының моноаминэргиялық реттеу механизмі жайлы болжам (гипотеза) ұсынылған (М. Жуве, 1967). Бұл болжам бойынша сергек ұйқы сопақша мидағы серотонинэргиялық ядролар жүйесімен реттелінеді. Ортаңғы ми торлы құрылымның катехоламинэргиялық нейрондары терең ұйқы мен ояу күйді реттейді.
Ұйқы табиғатында глиялық элементтердің де ерекше роль атқара-тыны жайлы деректер бар. Баяу, сергек ұйқының негізгі нейрохимиялық маңызы мидың глиялық құрылымдарында белоктар мен РНК-ның алмасуын қалпына келтіру процестерің қамтамасыз ету болып табылады. Парадоксальдық ұйқы кезінде нейрон мембраналарындағы белсенді конформациялық өзгерістер осы күйдегі ЭЭГ ерекше-ліктерінің туындау себебінің бірі болып табылады.
Сонымен эволюция кезінде ми қызметінің үш түрлі әрекеті қалыптасқан: ояу күй (сергектік), шапшаң, терең ұйқы және баяу, сергек ұйқы.
Ұйқыдан оянуға организмдегі биохимиялық өзгерістер, ми қыртысы, гипоталамус, торлы құрылым аралығындағы функциональдық байланыс өзгерістері және сыртқы орта тітіркендіргіштерінің организмге әсер етуі себепкер болады. Ояу күй анализаторлар қызметі мен қимыл-әрекеттердің күшеюінен сипатталады және де белгілі мерзім аралығында түрлі ішкі және сыртқы факторлар әсерінің арқасында сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет