Байланысты: Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org
2. Қанның атқаратын қызметі.
Қан-ақшылтым келген тұтқыр сұйық,сарғылт заттан (плазмадан) және қан жасушаларынан тұрады. Қан жасушалары қызыл түйіршіктер (эритроциттер) ақ түйіршіктер (лейкоциттер) қан тақташаларынан (тромбоциттер) құралады. Қан жан-жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық.
Қанның негізгі функциялары:
1.Тасымалдау
2.Тыныс алу
3.Графикалық
4.Экскреторлық
5.Қорғаныс
6.Рефлекстік реттеу
7.Креаторлық байланыс
8.Гомеостаздық
9.Термореттеушілік
Тасымалдау қызметі. Тіршілікке қажет заттарды жасушаларға, ұлпаларға жеткізеді,ал зат алмасу қалдықтарын сыртқа уақытында шығарып отырады.
Тыныс алу қызметі. Өкпедегі веналық оттегіне қанығып, артериялық қанға айналады.Бұл оттегімен қанықан қандар.Өкпелік төрт вена арқылы жүректің сол жақ қарыншасына келіп құяды,одан соң жақ құлақша қарынша тесігі арқылы сол жақ қарыншаға өтеді. Сөйтіп жүректің сол жақ қарыншасынан қан негізі артериалық қолқаға және одан оның тамыр-тармақтары мен қылта-мыры арқылы бүкіл денеге тарайды.Ол жерде қан оттегін ұлпаларға беріп,одан көмірқышқыл газын қабылдайды да,венелық қанға айналады.Ол қантамырлар қайтадан бірігіп, ірі вена қан тамырларына айналады.Веналық қан қайтадан жүрекке келеді .
Осылай жүрек веналық қанды өкпеге апарып,оттегімен қанығады да,
қанықан қанды бүкіл денеге таратып,жасушаларға жеткізуге жәрдем етіп тұрады.
Трофикалық яғни, коректендіру қызметі. Ішек-қарыннан коректік заттарды, дәрумендерді, су мен тұздарды (минералдарды) ұлпаларға жеткізеді.
Экскреторлық қызмет. Зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді, мәселен адам денесіндегі қажетсіз заттар, азот қалдықтарын ұлпалардан бүйрекке өкпеге,тер бездеріне, ішекке апарады. Сөйтіп, оларды шығарып тастайды.
Қорғаныс қызметі. Қан жасушалары (лейкоциттертер) плазмадағы анти денелер денеге енген микробтарды,вирустарды, табиғаттағы улы заттарды бейтараптап зиянсыздайды.
Рефлекстік реттеу. Адам денесіндегі көптеген функцияларды, процес-терді реттеуге қатысады (гуморальдық реттеу). Қандағы биологиялық әсері күшті заттар-гармондар, медиаторлар, метобалиттер ағзалармен жасуша-ларға өтіп тікелей немесе қан тамырларының ішкі бетінде орналасқан хеморецепторларды тітіркендіру арқылы әсер етеді (рефлекстік реттеу).
Креаторлық байланыс. Қан жасушалар ұлпа жасушаларымен креа-торлық байланыста болады.Креаторлық байланыс жаңарған жасушалардың және ұлпалардың табиғи құрылысы мен кейіпінің сақталуын қамтамасыз етеді.Жаңа жасушалар құрылысы жағынан ескі жасушаларға ұқсас болуы үшін жасушаға аралық информациялардың маңызы өте зор. Жасушаларға қажет мағлұматтарды макромолекулалар тасиды. Мағлұматтар бір жасу-шадан екінші жасушаға аралық каналдар арқылы және пиноцитоз жолымен жеткізіледі. Мұндай макромолекулаларды басқа жасушаларға қан жасушалары да жеткізіп отырады .
Гомеостаздық қызметі. Қан бүкіл денеге тән гомеостазды сақтай отырып, жасу-шамен ұлпа аралық сұйықтықтық,коллоидтық,осмостық тұрақтылығын сақтайды. Осмостық тұрақтылық бұзылса,жасушалар ісіп не бүрісіп қала-ды. Рн тұрақтылығын сақтауда буферлік роль атқарады.
Термореттеуіштік .Қан көп энергия шығарып ,қызып кеткен ағзаларды суытады, ал суыған ағзаларды жылытады. Сөйтіп, дене қызуын бірқалыпта сақтауға қатысады.